Компания туралы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы (ҚМГ) – Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекет мүдделерін білдіретін, көмірсутегілерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі қазақстандық оператор. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 ақпандағы Жарлығы негізінде «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясын және «Мұнай және газ тасымалдау» ұлттық компаниясын біріктіру жолымен құрылған.

Компаниядағы карьера

Сіз ҚМГ командасына қосылғыңыз келе ме? Компания көптеген болашағы бар бос орындарды ұсынады.

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК қандай мүмкіншіліктерді ұсынатынын білгіңіз келсе, өз анкетаңызды work.kmg.kz.ресурсына жіберуіңізді сұраймыз. Бұл ресурс «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясындағы бос орындарды  жариялау үшін жасалған. Сіздің резюмелеріңізді күтеміз.