Жекешелендіру

Электрондық конкурс тәсілімен активті сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19 мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы  (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі» немесе «ҚМГ») осымен «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында «Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлiк қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Актив» немесе «Сату объектісі») акцияларының (бұдан әрі – «Акциялар») 100%-ын сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – «Конкурс» немесе «Сауда-саттық») өтетіні туралы хабарлайды.

Акцияларды сату Қордың Директорлар кеңесінің сырттай отырысының
 2017 жылғы 31 шілдедегі № 141 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қор» немесе «СҚ») және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қорға меншік құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерді сату, қайта құрылымдау бірыңғай қағидаларына (бұдан әрі – «Қағидалар») және «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген, 2018 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне (бұдан әрі – «Регламент») сәйкес жүзеге асырылады.

 Өткізілетін Сауда-саттық туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың  электрондық мекенжайлары: www.kmg.kz,  www.gosreestr.kz.

Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың жүгінуі үшін байланыс деректері:

Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Нұрғазиев Тимур Айратұлы

t.nurgaziyev@kmg.kz

Тел.: +7 717-2-78-64-17

Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Алтыбаева Тұрсынбибі Қасымқанқызы

t.altybaeva@kmg.kz

Тел.: +7 717-2-78-64-53

Актив туралы жалпы мәліметтер:

Атауы
(
мемлекеттік тілде)

«Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлiк қоғамы

Атауы
(
орыс тілінде)

Акционерное общество «Казахстанско-Британский технический университет»

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

011140004703

Қызмет түрі

Білім беру, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік қызмет

Орналасқан жері

Алматы қ., Төле би к-сі, 59

Активтің меншік иесі

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй
ҚМГ активтерді басқару департаменті
+7 (7172) 786126 немесе +7 (7172) 786417
Факс: +7 (7172) 786000

E-mail: Astana@kmg.kz

Активті бағалау туралы мәліметтер

Бағалау күні: 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

Бағалау құны: 11 364 544 000 теңге
Бағалаушының атауы: «Baker Tilly Kazakhstan Advisory» ЖШС

Ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы мәліметтер

Активке қатысты ауыртпалықтар (тыйым салу) жоқ

Қосымша деректер және қаржылық көрсеткіштер

Осы Хабарламаға № 1 қосымша

Активпен танысу тәртібі

Осы Хабарламаға № 2 қосымша

Сауда-саттық туралы жалпы мәліметтер:

Сауда-саттықтың күні мен уақыты

2018 жылғы 6 қараша, Астана уақыты бойынша 11:00

Сауда-саттықтың нысаны мен әдісі

Электрондық конкурс

Активтің бастапқы бағасы

11 364 544 000 (он бір миллиард үш жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық төрт мың) теңге

Кепілдікті жарнаның мөлшері

72 150 000 (жетпіс екі миллион бір жүз елу мың) теңге

Өтінімдерді қабылдау мерзімі

Өтінімдерді қабылдау осы Хабарлама жарияланған күннен басталады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі Сауда-саттық басталарға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Конкурсты өткізу тәртібі

Осы Хабарламаға № 3 қосымша

Конкурстың талаптары

Осы Хабарламаға № 4 қосымша

Қатысуға арналған өтінім

Осы Хабарламаға № 5 қосымша

Сатып алу-сату шарты

Осы Хабарламаға № 6 қосымша

Ерекше талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы шарт

Осы Хабарламаға № 7 қосымша

Сенімгерлік басқару шарты

Осы Хабарламаға № 8 қосымша

Ақы төлеу талаптары

1.  Толық ақы төлеу

2.  Транштармен ақы төлеу:

§ сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде сатып алу бағасының 30%-ы мөлшеріндегі бірінші транш

§ сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде сатып алу бағасының 35%-ы мөлшеріндегі екінші транш

§ сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде сатып алу бағасының 35%-ы мөлшеріндегі үшінші транш

Активті сатушы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй
ҚМГ активтерді басқару департаменті
+7 (7172) 786126 немесе +7 (7172) 786417
Факс: +7 (7172) 786000

E-mail: Astana@kmg.kz

Сауда-саттықты ұйымдастырушы

«Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ
Астана қ., Республика д-лы, 29-үй
+7 (7172) 552981

Кепілдікті жарнаны аудару үшін банктік деректемелер:
Төлемді алушы (рус.): АО "Информационно-учетный центр";
БСН: 050540004455.

Есеп шоты (IBAN/ИИК) "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ: KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; ТТК: 171; Кбе: 16.

Сауда-саттық туралы қосымша ақпарат

Электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті туралы қосымша ақпаратты Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік сайтынан табуға болады - www.gosreestr.kz

Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және ҚМГ мен Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік веб-сайттарында орналастырылды.  

Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз.

2017 жылғы шоғырландырылған қаржылық есеп.

Екі кезеңді ашық конкурс тәсілімен

активті сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19 мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС-ге (бұдан әрі – «Компания», «Актив» немесе «Сату объектісі») 51% қатысу үлесін (бұдан әрі – «Қатысу үлесі» немесе «Үлес») сату бойынша екі кезеңді ашық конкурс (бұдан әрі – «Конкурс» немесе «Сауда-саттық») өтетіні туралы хабарлайды.

Қатысу үлесін сату Қордың Директорлар кеңесінің сырттай отырысының
 2017 жылғы 31 шілдедегі № 141 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қор» немесе «СҚ») және қатысу үлестерінің елу пайыздан астамы «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерді сату, қайта құрылымдау бірыңғай қағидаларына (бұдан әрі – «Қағидалар»), сондай-ақ ҚМГ-нің 2017 жылғы 1 маусымдағы №150 бұйрығымен бекітілген ҚМГ-нің еншілес компанияларын бәсекелес ортаға сату жөніндегі екі кезеңді ашық конкурс өткізу рәсімдеріне (бұдан әрі – «Рәсімдер») сәйкес жүзеге асырылады.

 Өткізілетін Сауда-саттық туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың  электрондық мекенжайлары: www.kmg.kz.

Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың жүгінуі үшін байланыс деректері:

Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Нұрғазиев Тимур Айратұлы

t.nurgaziyev@kmg.kz

Тел.: +7 717-2-78-64-17

Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы

Әлімжанов Алдияр Асқарұлы

a.alimzhanov@kmg.kz

Тел.: +7 (7172)789645

Актив туралы жалпы мәліметтер:

Атауы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 4 желтоқсандағы қаулысына сәйкес құрылған және 1998 жылғы 29 желтоқсанда акционерлік қоғам нысанында тіркелген «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» ЖШС. 2013 жылғы 21 қазанда Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес акционерлік қоғам жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта ұйымдастырылды. 2013 жылғы 21 қазандағы № 172-1943-01-ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

981240000488

Қызмет түрі

Қазақстандық шикі мұнайды Ақтау қ. портынан халықаралық нарықтарға теңізде тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету, Қара және Жерорта теңізіндегі шикі мұнайды теңізде тасымалдау, құрғақ жүктерді тасымалдау, сондай-ақ сервистік флот қызметтерін көрсету  

Орналасқан жері

Қазақстан Республикасы, 130000, Ақтау қ., 14-шағын аудан, 70-ғимарат

Активтің меншік иесі және Конкурсты ұйымдастырушы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй
ҚМГ активтерді басқару департаменті
+7 (7172) 789645 немесе +7 (7172) 786417
Факс: +7 (7172) 786000

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА: аstana@kmg.kz

Қосымша деректер және қаржылық көрсеткіштер

Осы Хабарламаға № 1 қосымша

Активпен танысу тәртібі

Осы Хабарламаға № 2 қосымша

Конкурс туралы жалпы мәліметтер:

Активті сату тәсілі 

Екі кезеңді ашық конкурс

Активтің бастапқы бағасы

14 968 298 853 (он төрт миллиард тоғыз жүз алпыс сегіз миллион екі жүз тоқсан сегіз мың сегіз жүз елу үш мың)  теңге

Конкурсқа қатысу  тәртібі

Осы Хабарламаға № 3 қосымша

Қатысушының өтініші

Осы Хабарламаға № 4 қосымша

Кепілдікті жана мөлшері

Осы Хабарламаға № 5 қосымша

Конкурсқа қатысуға өтініштер беру мерзімі

1 қараша, 2018

Конкурстық ұсыныстар беру мерзімі

20 желтоқсан, 2018

Өтініштер мен конкурстық ұсыныстарды ұсыну және тіркеу мекенжайы

Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй, А блогы, 1104-каб.

Активті сату талаптары

Осы Хабарламаға № 6 қосымша

Алдын ала сатып алу-сату шарты

Ерекше талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы алдын ала шарт

Ақы төлеу талаптары

Осы Хабарламаға № 7 қосымша

 

Осы Хабарламаға № 8 қосымша

 

1) толық;

2) төлемді бөліп төлеу (Сатушының уәкілетті органы келіскеннен кейін)

Конкурс туралы қосымша ақпарат

Конкурс туралы қосымша ақпаратты ҚМГ активтерді басқару департаментінен мына телефондар арқылы білуге болады:

+7 (7172) 789645 немесе +7 (7172) 786417

Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және ҚМГ мен Қордың корпоративтік веб-сайттарында орналастырылды.  

Толығырақ сілтеме арқылы жүктей аласыз.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2017 жылғы 17 наурызда сағат 11-00-ден бастап 17.00-ге дейін Астана уақыты бойынша www.gosreestr.kz веб-порталында бастапқы бағаны арттыруға арналған әдіс қолданылып, «ҚазОйлМаш» ЖШС 100% қатысу үлесін сату бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.

Бастапқы бағасы – 450 000 теңге. Кепілдік жарна сомасы – 67 500 теңге.

Компания туралы жалпы мәлімет: «ҚазОйлМаш» ЖШС «Ақтау теңіз порты» еркін экономикалық аймағында тіркелген. Қазіргі уақытта компания қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асырмайды.

Компанияның орналасқан жері: Ақтау қаласы, «Oil Construction Company» ЖШС ғимараты, 23-шағын аудан.

Анықтама алу телефоны: 8 71 72 78 61 26

«ҚазМұнайГаз - ӨМ» АҚ 2017 жылдың 31 қаңтарында Астана уақыты бойынша сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін www.gosreestr.kz веб-порталында «Каскор-Транссервис» АҚ 12,87 % акциясын өткізу бойынша бастапқы бағасын төмендету әдісін қолданумен аукцион өткізілетіндігін хабарлайды.

Бастапқы баға - 565 199 000 теңге. Кепілдікті жарна сомасы – 68 070 000 теңге.

Компания туралы жалпы мәліметтер: Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы шегінде теміржол қызметтерін көрсету, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін кірме жолдарға вагондарды әкеліп-әкету. Меншігінде қамтамасыз ету құрылымымен кірме жолдар, локомотивтік және вагон паркі, жөндеу базасы бар.

Компанияның орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3 б шағын ауданы, 48.

Анықтама үшін телефон: 8 71 72 95 57 30

«ҚазМұнайГаз - ӨМ» АҚ 2016 жылдың 23 желтоқсан Астана уақыты бойынша сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін www.gosreestr.kz веб-порталында «Каскор-Транссервис» АҚ 12,87 % акциясын өткізу бойынша бастапқы бағасын төмендету әдісін қолданумен аукцион өткізілетіндігін хабарлайды.

Бастапқы баға - 565 199 000 теңге. Кепілдікті жарна сомасы - 63 630 000 теңге.

Компания туралы жалпы мәліметтер: Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы шегінде теміржол қызметтерін көрсету, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін кірме жолдарға вагондарды әкеліп-әкету. Меншігінде қамтамасыз ету құрылымымен кірме жолдар, локомотивтік және вагон паркі, жөндеу базасы бар.

Компанияның орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3 б шағын ауданы, 48.

Анықтама үшін телефон: 8 71 72 95 57 30

www.gosreestr.kz веб-порталында аукцион өткізілетіні туралы хабарландыру

«ҚазМұнайГаз - ӨМ» АҚ 2016 жылдың 18 қарашасында Астана уақыты бойынша сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін www.gosreestr.kz веб-порталында «Каскор-Транссервис» АҚ 12,87 % акциясын өткізу бойынша бастапқы бағасын көтеру әдісін қолданумен аукцион (№49450 сауда-саттық) өткізілетіндігін хабарлайды.

Бастапқы баға - 565 199 000 теңге. Кепілдікті жарна сомасы - 63 630 000 теңге.

Компания туралы жалпы мәліметтер: Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағы шегінде теміржол қызметтерін көрсету, кәсіпорындар мен жеке тұлғалар үшін кірме жолдарға вагондарды әкеліп-әкету. Меншігінде қамтамасыз ету құрылымымен кірме жолдар, локомотивтік және вагон паркі, жөндеу базасы бар.

Компанияның орналасқан жері: Ақтау қаласы, 3 б шағын ауданы, 48.

Анықтама үшін телефон: 8 71 72 95 57 30

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Компания», «Қоғам» немесе «Актив») 100% акцияларын (бұдан әрі – «Акциялар») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2016 жылғы 28 қаңтардағы №126 хаттама, бұдан әрі – «Қағида») сәйкес жүзеге асырылады.

«Евро-Азия Эйр» авиакомпаниясын сату жөніндегі сауда-саттық болмай қалды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ салалық комиссиясы осы жылдың 19 тамызына жоспарланған «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ 100 пайыз акциясын сату жөніндегі екі кезеңдік ашық конкурс болмай қалды деп танылғанын растайды. Мұндай шешім әлеуеті бар сатып алушылардан саудаға қатысу туралы өтініш түспеуіне байланысты болды.

«Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде сатуға қойылған. Ол жер асты қазба байлығын игеру, мұнай құбырлары мен газ құбырларына және электр желілеріне қызмет көрсету бойынша ұшақтардың ұшуын қамтамасыз етеді.

Тәуелсіз бағалаушылардың есебі бойынша компанияның құны 15 млрд. 599 млн. 339 мың теңге. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ережесіне сәйкес әлеуеті жететін сатып алушы 5 жыл көлемінде жекешелендірілген нысанның кәсіби бағытын сақтап, штаттағы қызметкерлер санын азайтпай, авиакомпания мен жұмысшылар арасында жасалған еңбек келісіміне сай келісім-шарт жағдайларын сақтауы тиіс.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдаумен айналысатын қазақстандық ұлттық оператор. ҚМГ акцияларының 90 пайызы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа тиесілі. ҚМГ акцияларының 10 пайызы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне тиесілі.