«ҚМГ компаниялар тобының денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер»

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компания топтары арасындағы денсаулықты, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы тәжірибелер және үздік инновациялық идеялар» байқауына қатысу үшін өтінішті толтырып және оны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ annual.hse.award@kmg.kz. электронды мекен-жайына жолдауыңызды сұраймыз.

Өтініштер 2017 жылғы 10 қазанға дейін қабылданады.

Бұдан әрі қарай, өтініштер тіркеледі және бастапқы саралау процестері үшін ҚМГ компания топтарының сәйкес ұйымдарына жолданады.

Байқауға ұсынылған идеяларды комиссия мынадай үш деңгейде қарастырады: бірінші деңгей –ҚМГ компания топтарының ұйымдары, екінші деңгей –ҚМГ құрылымдық бөлімшелері, үшінші деңгей –ҚМГ топ-менеджменті.

9 және одан жоғары бағаға ие болған өтініштер арасынан ең үздік деген 3 жеңімпазды анықтағанға дейін, комиссияның келесі өтінішті қарау деңгейіне өтеді.

Идеяны бағалау критерийлері:

1. Көшбасшылық, ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ салаларында көрсетілген.

2. ҚМГ барлық компания топтарына көшіру мүмкіндіктері – идеяны/тәжірибені жүзеге асыру және жаппай енгізу мүмкіндіктері.

3. Өзіндік құнды, тәуекелдер деңгейін төмендету есебінде құндылықтарды жоғарлату, төтенше оқиғаларға жол бермеу және салдарлар үшін жауапкершілікті алдын алу.

Байқау қорытындысы бойынша 1, 2 және 3-орындарды иеленген үшінші турдың жеңімпаздарына келесі марапаттар мен сыйлықтар берілді:

1-орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 500 АЕК ақшалай сыйлық.

2-орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 300 АЕК ақшалай сыйлық.

3 -орын ҚМГ Басқарма төрағасының құрмет грамотасы және 100 АЕК ақшалай сыйлық.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында өткізіледі және сыйлықтарды ҚМГ Басқармасының төрағасы тапсыратын болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялары тобындағы денсаулықты сақтау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы үздік инновациялық идеялар мен тәжірибелер» жыл сайынғы конкурсына қатысу берілген өтінімі