Құжаттар

ҚМГ ҰК-нің 2017 жылдың 1-жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық қорытындылары

Астана,  20 қыркүйек, 2017 ж. – Қазақстанның жетекші вертикалды-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ ҰК», «Компания») 2017 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы ХҚЕС бойынша қаржы қорытындылары мен операциялық көрсеткіштерді жариялайды.

 

2017 1Ж,  қаржы көрсеткіштері:

 

  • Түсім 1 144 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ЖсЖ-дан 65% артық
  • EBITDA көрсеткіші 588 млрд. теңгеге дейін өсті, бұл ЖсЖ-дан 58,1% артық
  • Таза пайда 274 млрд. теңгені құрады, бұл ЖсЖ-дан 163% артық
  • Капиталды шығындары 266 млрд. теңге болды, бұл ЖсЖ-дан 1% артық
  • Таза қарыз 1 130 млрд. теңгеге тең (3.5 млрд. АҚШ долл.). 2017 1Ж-да 0,5%-ке азайды.

 

2017 1Ж, операциялық көрсеткіштер:

 

  • Мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі ЖсЖ 2,6%-ке 11 617 мың тоннаға дейін ұлғайды (тәулігіне 484 мың барр.)[1]
  • Табиғи және ілеспе газды өндіру ЖсЖ 9,7%-ке 4 032 млн. м3 дейін өсті
  • Мұнай тасымалдау көлемі ЖсЖ 1%-ке 31 989 мың тоннаға дейін өсті
  • Газ тасымалдау көлемі ЖсЖ 6,2%-ке өсіп, 47 667 млн. м3 болды
  • Қазақстандық зауыттардағы өңдеу көлемі ЖсЖ 10%-ке 6 246 мың тоннаға дейін өсті, бұл ретте KMG I-де өңдеу көлемі 22%-ке 1 929 мың тоннаға дейін азайды.

 

Корпоративтік оқиғалар және кейінгі оқиғалар:

 

  • 2017 жылғы 19 сәуірде ҚМГ ҰК 2,75 млрд. АҚШ долл. сомасына еурооблигациялар шығаруды табысты аяқтады
  • 2017 жылғы мамырда үлесінің 63% ҚМГ ҰК-ге тиесілі «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2009-2012 жылдар кезеңіндегі салықтық тексеру қорытындыларын шағымдау нәтижесінде алдын ала төленген салық төлемдерінің 27 млрд. теңгесін қайтарып алды.
  • 2017 жылғы 30 маусымда Шымкент МӨЗ-ді жаңғыртудың 1-кезеңі аяқталды
  • 2017 жылғы 3 тамызда Moody's ҚМГ ҰК-нің кредиттік рейтингтері бойынша болжамын «Теріс» рейтингісінен «Тұрақты» деген рейтингке өзгертті.

 

2017 1Ж, қаржы қорытындылары

2017 1Ж-дағы түсім 1 144 млрд. теңгені құрады, бұл ЖсЖ-дан 65% артық. Өсім келесі факторларға байланысты болып отыр: Брент маркасының орташа бағасының ЖсЖ 30% өсуі; мұнай жеткізудің ұзақ мерзімді шартының шеңберінде мұнайды сату көлемінің өсуі. Осы шарт бойынша сату сомасы 2017 1Ж-да 538 млрд. теңге болды (ЖсЖ +207%). Жеткізу 2016 жылдың 2-тоқсанында басталды.

Сатудың өзіндік құны 978 млрд. теңгеге ұлғайды, бұл ЖсЖ 55% артық. Өсім 375 млрд. теңге болған (2016 1Ж-дағы 119 млрд. теңгемен салыстырғанда) мұнай жеткізудің ұзақ мерзімді шартының шеңберінде Теңізшевройлдан (бұдан әрі – «ТШО») сатып алынған мұнайдың құнымен, сондай-ақ 2017 жылғы 1-жартыжылдықта 170 млрд. теңге сомасында өндірісте пайдаланылған материалдардың құнымен (2016 1Ж-дағы 147 млрд. теңгемен салыстырғанда) түсіндіріледі.

Қауымдастырылған компаниялар мен БК-нің таза пайдасындағы ҚМГ ҰК-дегі үлес 179 млрд. теңгені құрады, бұл ЖсЖ 76% артық. Өсімнің негізгі факторы ТШО болды. 2017 1Ж-да ТШО пайдасы ЖсЖ 49% өсті, ҚМГ ҰК үлесі 140 млрд. теңгені құрады.

Компания валюта бағамдық айырмадан 18,7 млрд теңге мөлшерінде пайда алды.

Компанияның таза пайдасы ЖсЖ 163% өсіп, 2016 1Ж-дағы 105 млрд. теңгемен салыстырғанда, 274 млрд. теңгені құрады.

Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 433 млрд. теңге болды.

Капиталды шығындар – 266 млрд. теңге, бұл ЖсЖ 1% артық.

2017 1Ж-да Компанияның таза қарызы 1 130 млрд. теңге (3.5 млрд. АҚШ долл.), ЖсЖ +0,1% болды.

Ақша қаражаты мен олардың баламалары, оның ішінде депозиттер түріндегі ақша қаражаты 2 875 млрд. теңге болды, бұл 2016 жылдың аяғындағы жағдаймен салыстырғанда, 34% жоғары.

 

 

2017 1Ж-дағы операциялық қорытындылар

 

Мұнай және газ конденсатын өндіру

 

2017 жылдың 1-жартыжылдығында ҚМГ ҰК компанияларының тобы бойынша мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 11 617 мың тонна мұнай болды, бұл ЖсЖ 2,6% жоғары.

Үлесінің 63%-ті ҚМГ ҰК-ге тиесілі «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ 5 885 мың тонна мұнай өндірді, бұл ЖсЖ 3% төмен.

ТШО-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (20% үлес) 2 918 мың тонна мұнай болды, өсім – ЖсЖ 1,4%.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 1 566 мың тонна мұнай болды, ЖсЖ 0,2%-ке өсті.

КМГ Кашаган Б.В-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (8,44% үлес) 291 мың тонна мұнай болды. Коммерциялық өндіру 2016 жылдың қарашасында басталды.

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (10% үлес) 566 мың тонна мұнай болды, ЖсЖ +16,6%. Ұлғаю, негізінде, 2016 жылы жоспарлы-алдын алу жұмыстарының өндірістік объектілерде жүргізілуіне байланысты болып отыр.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 175 мың тонна мұнай болды, бұл ЖсЖ 10,4% төмен.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 201 мың тонна мұнай өндірді немесе ЖсЖ 82,7% артық. 2016 жылдың екінші жартысында мұнай өндірудің ұлғаюына әкелген қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың бағдарламасы әзірленді және орындалды.

 

Табиғи және ілеспе газды өндіру

 

2017 жылдың 1-жартыжылдығында табиғи және ілеспе газды шоғырландырылған өндіру 4 032 млн. м3 болды, бұл ЖсЖ 9,7% артық.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ («ҚазГӨЗ» ЖШС) 150 млн. м3 өндірді, бұл ЖсЖ 3,1% төмен. Кішкене төмендеу өндірудің табиғи кемуіне байланысты болып отыр (кен орнын игерудің кеш кезеңі).

ТШО-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (20% үлес) 1 627 млн. м3 болды, бұл ЖсЖ 3,5% артық.

 

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 192 млн. м3,  +0,01% ЖсЖ.

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (10% үлес) 956 млн. м3, ЖсЖ  15,2% артық. Ұлғаю, негізінде, 2016 жылы жоспарлы-алдын алу жұмыстарының өндірістік объектілерде жүргізілуіне байланысты болып отыр.

«Қазақойл Ақтөбе» ЖШС-ның өндіру көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 149 млн. м3, бұл мұнай өндіру деңгейлері төмен болғандықтан,  ЖсЖ 4,2% аз.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС 95 млн. м3  өндірді немесе ЖсЖ 16,7% артық. 2016 жылдың екінші жартысында мұнай өндірудің ұлғаюына әкелген қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың бағдарламасы әзірленді және орындалды.

«ҚазТрансГаз» АҚ («Амангелдігаз» ЖШС) табиғи газдың 170 млн. м3 немесе ЖсЖ 6% артық өндірді. Ұлғаю Амангелді кен орны бойынша жаңа ұңғымалардың пайдалануға енгізілуіне және ЖарҚұм кен орны бойынша өндіру көлемдерінің түзетілуіне байланысты болды.

 

Мұнай мен газ тасымалдау

 

2017 жылдың 1-жартыжылдығында ҚМГ ҰК магистральдық құбырлары бойынша мұнай тасымалдау көлемі 28 894 мың тонна болды, бұл ЖсЖ 2,2% артық.

 

«ҚазТрансГаз» АҚ мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау көлемі 22 732 мың тонна болды, бұл ЖсЖ 3,7% артық.

 

ККТ тасымалдау көлеміндегі Компанияның үлесі (50% үлес) 3 992 мың тонна мұнай болды, бұл ЖсЖ 10,5% артық.

 

Теңіз көлігімен мұнай тасымалдау 3 096 мың тонна болды, бұл ЖсЖ 8.5% төмен.

 

Есепті кезеңде ҚМГ ҰК магистральдық газ құбырлары бойынша газ тасымалдау көлемі 47,7 млрд. м3 болды, бұл ЖсЖ 6,2% артық, оның ішінде 30,5 млрд. м3 көлеміндегі газдың халықаралық транзиті (+0,7% ЖсЖ).

 

Газ экспортының көлемі ЖсЖ 25% өсіп, 7,9 млрд. м3 болды, газды ішкі тасымалдау көлемі 9,2 млрд. м3 болды, бұл ЖсЖ 12% артық.

 

 

Өңдеу және маркетинг

2017 жылдың 1-жартыжылдығында ҚМГ ҰК 6 249 мың тонна шикі мұнай өңдеді, бұл ЖсЖ 9,6% артық, ол мыналарды қамтиды:

  • Атырау мұнай өңдеу зауытында 2 509 мың тонна, ЖсЖ 20% өсті
  • Павлодар мұнай-химия зауытында 2 649 мың тонна, ЖсЖ 13% өсті
  • Шымкент мұнай өңдеу зауытында өңдеу көлеміндегі ҚМГ ҰК 50% үлесі 947 мың тоннаға тең, бұл ЖсЖ 20% артық
  • «Caspi Bitum» зауытындағы өңдеу көлеміндегі ҚМГ ҰК 50% үлесі 143 мың тоннаға тең, бұл ЖсЖ 83% артық

Қазіргі уақытта Қазақстанның үш МӨЗ-де кесте бойынша жүзеге асырылып жатқан жаңғырту және қайта жаңарту жобалары іске асырылуда. Жабдықты қайта жаңарту мен жаңа объектілерді пайдалануға енгізу жүргізіліп жатыр. Жаңғырту жұмыстарының аяқталуы 2017-2018 жылдарда күтіледі.

KMG I-дегі өңдеу 1 929 мың тонна болды, бұл ЖсЖ 22% төмен. Бұл 2017 жылдың 1-жартыжылдығындағы қатаң ауа райы жағдайына байланысты болып отыр, бұл Petromidia зауытын төменгі өндірістік қуатта жұмыс істеуге мәжбүрлетті.

 

Толық ақпаратты www.kmg.kz сайтынан таба аласыз.

 

Байланыс деректері:          

ir@kmg.kz

тел: +7 7172 78 62 27

 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ туралы:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК) Қазақстанның жетекші вертикалды-интеграцияланған мұнай-газ компаниясы болып табылады. ҚМГ ҰК көмірсутегілерді барлау мен өндіруден бастап, тасымалдауға, өңдеу мен мамандандырылған қызметтерді көрсетуге дейін барлық өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. Компания 2002 жылы құрылды, еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүдделерін білдіреді. «ҚазМұнайГаз» акцияларының 90%-ті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-қа, ал қалған 10%-ті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі.

[1] Қайта есептеудің бұл коэффиценті тек ақпараттық мақсатта ғана қолданылады: бір тоннаға 7,6 баррел мұнай мен газ конденсаты. Баррелдің нақты саны шикі мұнай баррелінің эквивалентіне байланысты құбылып отырады.

ҚМГ ҰК-нің 2017 жылдың 1-жартыжылдығындағы қаржылық және операциялық қорытындылары

ҚМГ ҰК-ның 2017 жылғы 1 тоқсандағы жұмыс көрсеткіші