Реттеуші ортасына шолу

ҚМГ қызметінің негізгі мәні болып мыналар анықталған:

  • Мұнай-газ саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың іске асырылуына қатысу;
  • Республиканың мұнайгаз ресурстарының тиімді әрі ұтымды игерілуін қамтамасыз ету; мұнай мен газдың ресурстарын пайдалану, қайта өндіру және ары қарай өсіру стратегиясын әзірлеуге қатысу;
  • Мұнайгаз операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен жасасылатын келісімшарттарда заңнамамен белгіленген тәртіпте келісімшарттарға міндетті үлестік қатысу арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру. Аталған тәртіп Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы №122 қаулысымен бекітілген Ұлттық компанияның келісімшарттарға міндетті үлестік қатысуын қарастыратын келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасымен регламенттеледі;
  • Қазақстан Республикасының аумағында мұнайгаз операцияларына арналған конкурстарды ұйымдастыруға қатысу;
  • Мұнайгаз құбырын және мұнайгаз кәсіпшілік инфрақұрылымын барлау, игеру, өндіру, өңдеу, сату, көмірсутектерді тасымалдау, жобалау, салу, пайдалану мәселелері бойынша корпоративтік басқару және мониторинг жүргізу;
  • Мұнайгаз операцияларын жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасының ішкі және халықаралық жобаларына заңнамамен белгіленген тәртіпте қатысу.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мұнайгаз, мұнайгаз химиясы өнеркәсібі, көмірсутекті шикізатты тасымалдау, мұнай өнімдерін, газ өндіруді және газбен жабдықтауды, магистральдық құбыржолды мемлекеттік реттеу саласында, мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды, басқару процесін үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы ереже.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 02 сәуірдегі №390 қаулысымен ҚМГ-ға магистральдық құбыржолдары бойынша тасымалдаумен байланысты  мұнайгаз көлігі инфрақұрылым объектілерін жоспарлау, жобалау, салу және одан ары мұнай және газды көліктің басқа түрлеріне ауыстырып тиеу және оларды сақтау, сондай-ақ мұнайгаз көлігі инфрақұрылымының қолданыстағы объектілерін пайдалану мәселелері бойынша құрылыс қызметі саласында реттеуді жүзеге асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің жұмысшы органының функциясы жүктелген.

ҚМГ-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы №1072 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнайгаз секторын дамыту жөніндегі бағдарламасын іске асыруда саңызды роль бөлінген.

Одан басқа, ҚМГ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы №567 қаулысымен бекітілген 2010-2014 жылдарға арналған мұнайгаз секторын дамыту жөніндегі кешенді жоспарда қарастырылған бірқатар іс-шаралардың орындаушысы болып табылады.

Сатып алу «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің 2012 жылғы 26 мамырдағы (№80 хаттамасы) шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлесінің) елу және одан аса проценті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚМГ қызметін реттейтін негізгі заңнамалық актілер мыналар болып табылады: