Компанияның стратегиясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес ұлттық мұнайгаз саласын дамыту, соның ішінде тұрақты дамуды қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасы үшін максимум пайданы қамтамасыз ету «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың миссиясы болып табылады. Тұрақты даму қағидаттарына сүйене отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициядан және өнімді өндіруден және жоғары сапалы қызмет көрсетуден түсетін пайданы арттыруға, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының құнын арттыруға ұмтылады.

Көру: қауіпсіздіктің және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарына сай келетін, мұнайгаз  өндіретін және мұнайгаз тасымалдайтын, тиімділігі жоғары ұлттық компания.

Миссия:«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құнын арттыру және инвестициялардың рентабельділігін қамтамасыз ету,қазақстан мұнайгаз нарығына басым назар аудара отырып, бизнесті жақын шетелде кеңейтудің ықтимал мүмкіндіктерін қарастыру, қаржылық тұрақтылықтың жоғары  деңгейін қамтамасыз ету, тұрақты дамуды қамтамасыз ету арқылы ұлттық мұнайгаз саласын дамытудан Қазақстан Республикасына келетін максимум пайданы қамтамасыз ету.

Амбиция: мұнай мен конденсатты коммерциялық өндіру көлемі бойынша ең ірі 30 әлемдік мұнайгаз компанияларының құрамына кіру.

Корпоративтік құндылықтар:

  1. Тиімділік. Компания қаржылық және өндірістік көрсеткіштерді, өзінің басқарушылық практиканы және технологиялық шешімдерді жетілдіруге тұрақты жақсартуға ұмтылады.
  2. Жауапкершілік. Компания акционерлер, әріптестер, ұжым мен қоғам алдында барлық алған міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтереді.
  3. Кәсібилік. Компания қажетті еңбек шарттарын қамтамасыз ету арқылы, жеке және кәсіби дамуы үшін мүмкіндіктерді бере отырып, өзінің қызметкерлерінің кәсібилігін арттыруға ұмытылады.
  4. Қауіпсіздік. Компания еңбек қауіпсіздігін және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықаралық стандарттарға сәйкес өзінің қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға  ұмтылады. 

Ішкі және сыртқы ортаның факторларын ескере отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз назарын келесі негізгі басымдықтарға аудаартын болады:

  1. Күрделі шектеулер және операциялық тиімділікті арттыру арқылы қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективада компанияның қаржылық позициясын күшейту.
  2. Жекешелендіру  бағдарламасын ескере отырып, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ нысаналы бизнес-модельді қалыптастыру.
  3. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Қазақстанның мұнай саласының негізгі ойыншысы ретінде ролін күшейту.