ҚМГ жаңалықтары

Көрсету -дан
Астанада Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі басталды
31.10.2018

Астанада Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі басталды

Қазанның 31-і күні Астанада Тәуелсіздік сарайында бесінші Каспий техникалық конференциясы мен SPE көрмесі өз жұмысын бастады. Іс-шара Каспий өңіріндегі мұнай-газ секторының қолдауымен Мұнайшы-инженерлер Қоғамы (SPE) және «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ  ұйымдастыруымен  өтуде. Қарашаның 2-іне дейінгі аралықты өтетін бұл халықаралық шарада мұнай өндірудің өзіндік құнын төмендету және сала жұмысының тиімдігі туралы мәселелер талқыланады.

 

 

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2017 жылғы тұрақты даму туралы есепті  жарыққа  шығарды «Тұрақты болашақ құра отырып»
30.10.2018

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2017 жылғы тұрақты даму туралы есепті жарыққа  шығарды «Тұрақты болашақ құра отырып»

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметі, жетістіктері, мақсаттары және қоршаған ортаға, қатысы бар өңірлердің  экономикасына және әртүрлі мүдделі тараптар ұсынған қоғамға оң, сондай-ақ теріс әсері туралы ақпаратты ашатын 2017 жылғы тұрақты даму туралы есепті ҚазМұнайГаз жарыққа шығарды. Есеп орталық коммуникациялар арнасы болып табылады, ол арқылы ҚМГ барлық мүдделі тараптар үшін ақпаратты ашады.

ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша өтінімдер саны ұлғаюда
25.10.2018

ҚМГ БӨ: артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша өтінімдер саны ұлғаюда

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ) өзінің артықшылықты акцияларын қайта сатып алуды жалғастырып жатыр. Бүгінгі күні KASE алаңында ҚМГ БӨ акцияларын сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттықтың бесінші раундын өткізу үшін өтінімдер қабылданып жатыр. Өткен сауда-саттықтың нәтижелері бойынша ҚМГ БӨ акцияларды сатып алу бағдарламасын іске қосу сәтінде еркін айналымдағы артықшылықты акциялардың жалпы санының  35,6%-ын сатып алып үлгерді.  Еске сала кетейік, 13 тамызда ҚМГ БӨ 1 905 209 акцияға дейінгі көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. ҚМГ БӨ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Дастан Абдулғафаров артықшылықты акцияларды қайта сатып алу бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді.

«Біздің күшіміз – бірлікте»: Алматыда «ҚазМұнайГаз» ҰК жастарының құрылтайы өтті
18.10.2018

«Біздің күшіміз – бірлікте»: Алматыда «ҚазМұнайГаз» ҰК жастарының құрылтайы өтті

Қазанның 12-15 күндері Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ жастарының құрылтайы өтті. Құрылтайға «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Маңғыстаумұнайгаз», «Қазақтеңізкөлікфлоты», «ҚазТрансГаз», «ҚазТрансОйл», «Урал Ойл энд Газ» компанияларының және «ҚМГ» - өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты», «Атырау мұнай өңдеу зауыты», «Павлодар мұнай өңдеу зауыты», «Caspi Bitum зауыты»,  «Су өндіру және тасымалдау», «ӨзенМұнайСервис», «Oil Construction Company», «АмангелдіГаз», және басқа да еншілес мекелемелерден 100-ден аса жас маман қатысты.

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды
17.10.2018

ҚМГ БӨ KASE-де артықшылықты акцияларды сатып алу бойынша арнаулы сауда-саттық нәтижелері туралы хабарлайды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («Компания», «ҚМГ БӨ») 2018 жылдың 1 қазаны мен 16 қазаны аралығында KASE сауда жүйесінде Компанияның артықшылықты акцияларын сатып алу жөнінде арнаулы сауда-саттық жүргізілгенін хабарлайды.

 Арнаулы сауда-саттық жүргізу қорытындысы бойынша Компания әр данасын 12 800 теңге бағамен 194 697 артықшылықты акцияны сатуға өтініштерді қанағаттандырды. Сатып алудың жиынтық сомасы 2 492 121 600 теңгені құрады.

 Еске сала кетейік, Компания 13 тамызда бір акция үшін 12 800 теңге бағамен 1 905 209 акцияға дейін көлемде еркін айналымдағы өзінің артықшылықты акциясын сатып алу туралы хабарлаған болатын. Артықшылықты акцияларды сатып алу 2018 жылдың 16 қарашасына дейін жүргізіледі.