ҚМГ жаңалықтары

26.01.2018

ҚМГ БӨ-нің 2017 жылдағы операциялық нәтижелері

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2017 жылдың операциялық нәтижелерін жариялайды.

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» АҚ (CCEL), «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) үлестерін қоса алғанда, 2017 жылы  11 867 мың тонна (тәулігіне  240 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2%-ға кем.   

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 5 480 мың тонна (тәулігіне 111 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға кем, бұл негізінен ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты.   «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 840 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 0,3 %-ға көп. Нәтижесінде, ӨМГ және ЕМГ-нің жалпы өндіру көлемі 8 320 мың тоннаны (тәулігіне 168 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 1%-ға  кем.

ҚМГ БӨ-нің CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының өндіруіндегі үлесі 2017 жылы 3 547 мың тоннаны (тәулігіне 72 мың баррель) құрап, 2016 жылға қарағанда 6 %-ға кем түсті, бұл негізінен ПҚИ және ҚГМ-дағы мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен азаюына байланысты болды.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнайды сатуы 2017 жылы 8 233  мың тоннаны (тәулігіне 163 мың баррель) құрады, оның ішінде 5 700 мың тонна (тәулігіне 113 мың баррель) шикі мұнай экспортқа және  2 533 мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің 31 %-ын құрайды.  Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізілімдерінің үлесі 2016 жылы 41%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 2 533  мың тонна (тәулігіне 50 мың баррель) шикі мұнайдың 1 909 мың тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және  624 мың тоннасы (тәулігіне 12 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жеткізілді. 

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес 2017 жылы мұнай өнімдерін сату 2 388 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.  Мұнай өнімдерін сату көлемі бойынша толық ақпарат төмендегі № 2-ші кестеде берілген.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі ҚМГ БӨ-ге тиесілі үлесі 3 414  мың тонна мұнайды (тәулігіне 70 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 443 мың тонна мұнай (тәулігіне 28 мың баррель) экспортқа және 1 971 мың тонна (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің  58%-ын құрайды.

Компанияның CCEL, ҚГМ және ПҚИ-дағы үлестерінде мұнай жеткізу құрылымы 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы мынадай болып өзгерді: жалпы сату көлемінен экспортқа жеткізу үлесі үлесі 50%-дан 42%-ға дейін төмендеді, ішкі нарыққа жеткізу үлесі 50%-ден 58%-ге дейін артты.

№1-кесте. 2017 жылдағы мұнай  өндіру және сату

 

 

мың. тонна

 

тәулігіне мың баррель

 

2016

2017

ж/ж, %

2016

2017

Мұнай өндіру көлемі

 

 

 

 

 

ӨМГ

5 555

5 480

-1%

112

111

ЕМГ

2 832

2 840

0,3%

57

57

 ӨМГ және ЕМГ жиыны

8 387

8 320

-1%

169

168

ҚГМ, 50%

1 468

1 400

-5%

31

30

CCEL, 50%

1 064

1 071

1%

19

20

ПҚИ, 33%

1 235

1 077

-13%

26

23

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

3 767

3 547

-6%

76

72

 Жалпы өндіру көлемі

    12 154

   11 867

  -2%

245

240

Шикі мұнайды сату көлемі

       

ӨМГ және ЕМГ

         

 ӨАС

2 797

3 412

22%

55

68

 КҚК

2 149

2 288

16%

42

45

Экспорт

4 946

5 700

15%

97

113

АМӨЗ

2 578

1 909

-26%

51

38

 ПМХЗ

881

624

-29%

17

12

 Ішкі нарық

3 459

2 533

-27%

68

50

ӨМГ және ЕМГ жиыны

8 408

8 233

-2%

165

163

Экспорт, %

59%

69%

 

   

Ішкі нарық, %

41%

31%

 

 

 

ҚГМ (50%)

   

 

 

 

Экспорт

434

250

-42%

9

5

Ішкі нарық

1 031

1 144

11%

22

24

 ҚГМ жиыны

1 465

1 394

-5%

31

29

CCEL (50%)

 

 

 

   

Экспорт

974

926

-5%

18

17

Ішкі нарық [1]

19

20

5%

0

0

CCEL жиыны

993

946

-5%

18

17

ПҚИ (33%)

 

 

 

   

Экспорт

424

267

-37%

9

6

Ішкі нарық

794

807

2%

17

17

ПҚИ жиыны

1 218

1 074

-12%

26

23

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

 

 

 

   

Экспорт

1 832

1 443

-21%

36

28

Ішкі нарық

1 844

1 971

7%

39

42

 Бірлескен кәсіпорындар жиыны

3 676

3 414

-7%

75

70

Экспорт, %

50%

42%

 

   

Ішкі нарық , %

50%

58%

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау аясында  CCEL 2017 жылы сондай-ақ 117 мың тонна (50%) және 2016 жылы 55 мың тонна (50%) битум сатты.

 

№2-кесте. 2017 жылдағы мұнай өнімдерінің өндірісі және сатылымы

 

Мұнай өнімдері

Өндіріс

 

Сату

мың тонна

 АМӨЗ

ПМХЗ

жиыны

 

АМӨЗ

ПМХЗ

Жиыны

Аи-80 бензині

21,71

17,75

39,46

 

21,72

21,17

42,89

Аи-92бензині

191,48

123,49

314,97

 

195,65

130,14

325,78

Аи-95бензині

22,79

10,85

33,64

 

28,70

11,91

40,62

 Дизель отыны

554,92

175,30

730,22

 

561,03

165,40

726,43

 Әуе отыны

9,43

-

9,43

 

9,78

-

9,78

 Ақшыл түсті мұнай өнімдерінің жиыны

800,33

327,39

1 127,71

 

816,87

328,62

1 145,49

 Вакуумдық газойль

295,74

28,12

323,86

 

298,92

28,28

327,20

Мазут

615,96

91,59

707,54

 

622,50

94,81

717,31

Битум

-

18,76

18,76

 

-

18,76

18,76

 Қара түсті мұнай өнімдерінің жиыны

911,69

138,46

1 050,16

 

921,42

141,84

1 063,26

 Сұйытылған газ

14,79

29,72

44,51

 

14,79

32,04

46,83

 Пеш отыны

23,20

22,90

46,09

 

22,89

18,32

41,21

Күкірт  

0,87

3,28

4,14

 

1,31

0,24

1,55

 Қыздырылған кокс

22,42

-

22,42

 

22,43

-

22,43

 Жиынтықты кокс

24,55

24,10

48,66

 

24,02

39,87

63,89

Басқалары

3,69

16,93

20,62

 

3,65

-

3,65

 Басқа да мұнай өнімдерінің жиыны

89,52

96,92

186,44

 

89,09

90,47

179,56

 Шығындар

107,45

68,61

176,06

 

-

-

-

 Жиыны

1 909,00

631,38

2 540,38

 

1 827,38

560,94

2 388,32