ҚМГ жаңалықтары

05.02.2018

ПМХЗ орын алған оқиға ҚР ЖҚС отынның болуына әсер етпейді

2018 жылғы 3 ақпанда сағат 13.33-те Павлодар мұнайхимия зауытында («ПМХЗ» ЖШС) ЛК-6У мұнайды бастапқы өңдеу   қондырғысы блогі  мұнай құбырында өрт шықты.

Өрт көршілес қондырғыларды зақымдаған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себептері тексеру  нәтижелері бойынша белгілі болады, ол туралы қосымша хабарланады.

Кәсіпорында құбырды жөндеу бойынша жедел жұмыс жүргізілді және бракталған құбыр бөлігін ауыстыру бойынша дәнекерлеу жұмыстары аяқталды. Гидравликалық сынау жүргізілді, саңылауларды жою үшін газды қауіпті жұмыстар жүргізілуде, содан кейін мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысында іске қосу жұмыстары басталады.

Зауытты іске қосудың технологиялық сұлбасына сәйкес, барлық қондырғыларды дәйекті түрде қосу жоспарлануда: алдымен бастапқы өңдеу, содан кейін мұнайды терең өңдеу қондырғысы. Осылайша, 8 ақпаннан бастап бастапқы мұнай өңдеу қондырғысы технологиялық режімге шығады, с одан кейін дәйекті түрде терең мұнай өңдеу кешен іске қосылады, ал 11 ақпанда зауыттың барлық қондырғыларының қалыпты технологиялық режімге шығуы жоспарлануда. Осы іске қосу технологиялық сұлбасы ҚР МӨЗ қолданылады.  

Павлодар МХЗ мұнай өнімдерін жөнелту кәсіпорынның қолда бар қорларынан жүргізіледі.  

Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары штаттық режімде  жұмыс істеп, мұнай өнімдерін өндіру жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Орын алған  оқиға республиканың  ЖҚС отынның болуына әсер етпейді.