ҚМГ жаңалықтары

28.04.2018

ҚМГ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгеріс

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2018 жылдың 23 сәуіріндегі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (одан әрі - «Самұрық-Қазына» АҚ) Басқарма мәжілісінің шешімімен «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасының активтерді басқару жөніндегі орынбасары-Басқарма мүшесі Айдарбаев Алик Серікұлы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің жалпы өкілеттігі біткенгенге дейінгі мерзімге «Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғанын хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі ретінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып бұрын сайланған Илькявичюс Адамас Олегастың өкілеттілігі жоғарыдағы шешіммен мерзімінен бұрын тоқтатылды.