ҚМГ жаңалықтары

03.04.2019

Жеңіс учаскесінде көмірсутектерді барлау және өндіру бойынша келісімшартқа қол қойылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ), «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ (бұдан әрі – ЛУКОЙЛ) және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы Жеңіс теңіз учаскесін бірлесіп игеру шеңберінде көмірсутектерді барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. Жобаның операторы – «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС (ҚМГ (50%) мен ЛУКОЙЛ-дың (50%) бірлескен кәсіпорны).

Қол қойылған келісімшартқа сәйкес негізгі минималды міндеттемелер бір барлау ұңғымасын бұрғылау және 3D сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Каспийдегі жаңа жоба екі компания үшін  де ресурстық қорын ұлғайтудағы маңызды қадам болып табылады.