ҚМГ жаңалықтары

18.07.2019

Қазақстанның Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау мұнай өңдеу зауытында болды

Атырау облысына арналған жұмыс жоспарының аясында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС келді.

Шухрат Данбай үкімет басшысына үш кезеңде өткен және 2018 жылы толық көлемде аяқталған мұнай-химиялық шикізаттың өнеркәсіптік өндірісі параксилол (жылына 496 мың.тонна) өндіре бастағандығын айтты. Еске сала кетейік, 2016 жылы Атырау мұнай өңдеу зауыты тағы бір бағалы мұнай-химия өнімдерінің бірі - бензолды (133 мың тонна) экспорттауда.

Сондай-ақ,  Шухрат  Данбай модернизацияның екі соңғы кезеңінің маңызды қорытындылары туралы: бензинді жылына 1 млн. 441 мың тоннаға дейін, дизель отыны - жылына 1 млн. 700 мың тоннаға дейін, РТ әуе керосинін (және кейінірек Jet A1) – жылына 251 мың тоннаға жеткізу жоспарымен бөлісті. Бұдан бөлек, 2018 жылдың соңынан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты ХАЗАР -32 қату деңгейі төмен  бірегей дизель  өндірісін іске қосты.

Жалпы алғанда  жаңғыртудың екі соңғы кезеңін жүзеге асыру ішкі нарыққа кәсіпорынның қуатын 500 мың тоннадан 5,5 миллион тоннаға дейін, жеңіл мұнай өнімдерін 71 пайызға дейін, тазарту тереңдігін 90 пайызға дейін жеткізу үшін экологиялық класс K4 және K5 өнімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

АМӨЗ Бас директоры Үкімет басшысына зауыт іске асырып отырған табиғатты қорғау шаралары жөнінде айтып берді. Соның ішінде 2026 жылы пайдалануға берілетін TAZALYQ жобасы туралы баяндады. Тазарту нысандарын жаңарту 4 кезеңде жүргізіледі: 1 механикалық тазалау желісінің құрылысы, биологиялық ағынды суларды тазартуды қайта құру, соңғы тазалау қондырғысының құрылысы және 2 механикалық тазалау желісінің құрылысы. Кейін тазартылған судың 70 пайызы зауытта қайта қолданылатын болады.

Жақында ғана іске қосылған трикантер қондырғысының көмегімен Атырау мұнай өңдеу зауытын мұнай қалдықтарынан 80%-ға тазартуға мүмкіндік алуда. Яғни, мұнай өнімдерін өңдеу процесіне қайтарудың арқасында технологиялық ысыраптар едәуір қысқарады және кәсіпорын қаражаты сақталады.

Сонымен қатар А.Маминге зауыттың инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған: Arman (әкімшілік-шаруашылық орындарын жөндеу), Bailanys (телекоммуникациялық желілерді жаңғырту), 5S (жұмыс орындарын стандарттау), «Жеті Қазына» және Jan’a Jol (зауытішілік жолдарды қалыпқа келтіру) жаңа жобаларын таныстырды. Жоба бойынша зауыт жолдарының 80% жаңартылғандығына Үкімет басшысы өзі көз жеткізді.  

Және де А.Маминге «АМӨЗ» ЖШС қызметкерлерді дамыту бойынша жасалынып жатырған әлеуметтік бағдарламалар жөнінде ақпарат берді. Мемлекет басшысы жариялаған жастар жылы аясында, 2019 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының жас мамандарына арналған тұрғын үй бағдарламасы жасақталып, жаңа тұрғын үй кешенінде 100 пәтер дайындалып, 2020 жылдың тамыз айына белгіленген зауыттың 75 жылдығына орай перспективті қызметкерлерге пәтер кілттері табысталатын болады.

Асқар Мамин зауытқа 10 шілде күні бастау алған күрделі жөндеу жұмыстары кезінде  келгендігін айта кеткен жөн. Шухрат Данбай осы айдың соңында жоспарланған қуаттылыққа жетуді алға қойғандығын айтты.

Нәтижесінде, Үкімет басшысы зауытқа өндірістік көрсеткіштерінің уақытылы орындалып, енгізілген жобалардың табысты іске асуын тіледі.