ҚМГ жаңалықтары

22.08.2019

Павлодар мұнай-химия зауыты Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады

Павлодар мұнай-химия зауыты ASTM D 1655 стандарты бойынша Jet A-1 авиациялық керосин өндіретін болады. Игеру зауытты технологиялық жаңғырту шеңберінде жоспарланған.

Бұдан басқа, сұйытылған көмірсутегі газдарын күкіртсіздендіруді қамтамасыз ету және сутегі өндіретін модульдік қондырғыны іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ зауыт мұнай өнімдерін нақты әрі үнемді құятын автоматтық қондырғыны, оның ішінде мұнай өнімдерінің барлық түрін жоғары дәлдікпен таразылау және жаппай шығынды өлшеу қондырғыларын орнату бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Жаңғырту барысында зауытта түбегейлі өзгерістер орын алды: қайта өңдеу тереңдігі 85% жетті, ал каталитикалық крекинг қондырғысының шикізат бойынша қуаты жылына 1350 тоннадан 1868 тоннаға дейін ұлғайды.

Қазіргі кезде шығарылатын АИ-92, АИ-95 және дизельді жанармай Кеден одағының ТР ТС 013/2011 Техникалық регламентіне сәйкес Еуро-4 халықаралық экологиялық стандартына (Кеден Одағы аумағында К4 деп аталады) сәйкес келеді. Сондай-ақ, реактивті жанармайды шығару қайта қолға алынды. Осылайша, құрамында күкірт және зиянды канцерогендік заттар мөлшері төмендеу өнімнің өндірісі қамтамасыз етілген. Бұл жалпы елдің экологиялық ахуалына жағымды әсерін етеді.

«2017 жылдан бастап зауытта жаңа екі технологиялық кешен пайдалануға берілді: изомеризация мен нафта сплиттерінің кешені және күкірт өндіру қондырғыларының кешені. Жұмыс істеп тұрған мұнайды алғаш және терең өңдеу кешендері, сондай-ақ баяу кокстеу қондырғысы қайта реконструкцияланды. Жалпы зауыттық шаруашылықтың жаңа 12 нысаны салынды» - деп атап өтті өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы Ренат Саликов.

Жеңіл нафтаны изомеризациялау қондырғысының қуаты жылына 571 мың тоннаны құрайды, ал күкірт өндіру қондырғылары кешенінде көрсеткіш жылына 60 мың тоннаға дейін жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша зауытта 5,3 млн тонна шикізат өңделді. Оның ішінде 1,4 млн тонна автомобиль бензині, 1,7 млн тонна дизель отыны, 77 мың тонна әуе отыны мен басқа өнімдер.

Технологиялық қондырғылардың құрылысын жүргізумен қатар зауытта бизнес-үдерістерді жаңғырту жүріп жатыр. SimSciSpiral ақпараттық жүйесінің негізіндегі өндірісті оңтайлы жоспарлауды енгізу нәтижесінде ПМХЗ-ның 2019 жылға арналған өндірістік бағдарламасы LP-үлгісіне сүйене отырып жасақталды. Ол өндірістік бағдарламаның жоспарлау процесінің нақтылығын, ашықтығы мен икемділігін арттырып, операциялық және инвестициялық шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік берді. Сөйтіп, цифрландыру тұжырымдамасына сәйкес жаңа технологиялық деңгейге өтуді жақындата түсті.

Еске сала кетейік, 2018 жылы үш мұнай өңдеу зауытының технологиялық жаңғыртуы аяқталды. Оның нәтижелері елімізді К4, К5 экологиялық стандарттарға сай келетін мұнай өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. ПМХЗ 2024 жылға қарай жағулар бойынша 7,0% және шығындар бойынша 0,61% көрсеткіштеріне жетуді көздейді.