ҚМГ жаңалықтары

26.09.2019

ҚазМұнайГаз: 60-70 доллар көлеміндегі мұнай бағасы біз үшін оңтайлы

2019 жылғы 26 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Kazakhstan Energy Week 2019 апталығы аясында «Мұнай болашағы: ақиқат және болжам» интерактивті пікірсайыс өтті. Мұнай-газ саласының өзекті мәселелерін талқылауға Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ОПЕК бас хатшысы Мұхаммед Баркиндо, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, ЭксонМобил Апстрим Ойл энд Газ аға вице-президенті Том Шуслер, Эни СпА бас директоры Алессандро Пулити және басқа да әлемдік сарапшылар мен мұнай-газ компанияларының өкілдері қатысты.

Пікір алмасу барысында дүниежүзі бойынша мұнайды шамадан тыс пайдалану, алдағы уақыттағы мұнай сұранысы мен ұсыныс географиясының өзгеруі, жаңа энергетикалық ахуал және оның еліміздегі отын-энергетикалық кешеніне ықпалы, мұнай бағасы және өзге де мәселелер жан-жақты талқыланды.

«Бүгінгі шарада «ҚазМұнайГаз» компаниясы үшін өзекті сұрақтар мен түйіткілді мәселелер көтерілді. Оның ішінде мұнай бағасы, әлемдік энергетика нарықтарындағы тұрақсыздық. Жалпы, қазіргі кездегі 60-70 доллар шамасындағы мұнай бағасы «ҚазМұнайГаз» үшін қолайлы болып табылатынын атап өткім келеді» - деді өз сөзінде А. Айдарбаев.