Спартакиада КМГ 2017

Құрметті жарысқа қатысушылар, қонақтар!

Бүгін ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының кезекті Спартакиадасының ашылу салтанатында баршаңызға қошемет білдіруге қуаныштымын.

Мемлекетіміздің басшысы бұқаралық спортты дамыту қажеттігін аз айтқан жоқ. Еліміздің барлық жерлерінде спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді, спортпен белсенді айналысатын адамдар көбейді, салауатты өмір салтының мәдениеті қалыптасып жатыр.

Мұнайшылар әрдайым мұндай тенденциялардың алдыңғы шебінде. Спорттық шаралар «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің өмірінен баяғыда орын алды. «ҚМГ» компаниялар тобы қызметкерлерінің арасында жоғары деңгейдегі есімі белгілі спортшылар – еңбегі сіңген спорт шеберлері мен кандидаттары аз емес.

Біздің көптеген еншілес ұйымдарымызда жыл сайын Спартакиада өткізу игі дәстүрге айналды. Мұндай корпоративтік шараларды қолдау – ҚМГ басшылығының бұлжымас ұстанымы.

Сондықтан, екінші жыл қатарынан ҚМГ деңгейінде ақтық кезең өткізіп отырмыз. Ымырасыз күресте ең мықтыларды анықтау үшін бүгін оған іріктеу кезеңдерінде жеңіске жеткен 300-ден астам спортшыны жинадық.

ҚМГ тобының еншілес компанияларының үш мыңдай қызметкері қатысқан Спартакиаданың іріктеу кезеңі жеті топ бөлігі бойынша биыл наурызда басталды.

Атап өту керек, жарыс мини-футбол, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, армреслинг және жүзу тәрізді жеті спорт түрінен өтеді.

Спорт түрлері бойынша біздің Спартакиада Самұрық-Қазына Спартакиадасына толық сәйкес келеді, және біздің Спартакиаданың жеңімпаздары Самұрық-Қазына компаниялар тобының ақтық сайыстарында ҚазМұнайГаздың намысын қорғайды.

Спартакиадаға қатысушыларға белсенді өмірлік ұстанымы үшін және кәсіби қызмет пен салауатты өмір салтын қатар алып жүргені үшін алғыс білдіргім келеді. Спортпен шұғылдана отырып, сіздер денсаулықтарыңызды шыңдап қана қоймай, рухы мықты адам ретінде әріптестеріңіз бен жақындарыңызға үлгі бола аласыздар.

Спорт адамды мақсатқа ұмтылу, табандылық, командада жұмыс істей білу тәрізді ең жақсы қасиеттерге баулиды. Мұндай қасиеттер ҚазМұнайГаз қызметкерлерін спорттық қана емес, кәсіби аренада да жеңіске жетуге көмектеседі.

Сенемін, спорттық алаңдардағы алдағы күрес әділ әрі әсерлі болады. Дәл осы жерде, дәл осы алаңда, жарыс пен бәсеке рухында біздің негізгі бағытымыз – үлкен және даңқты ұжымымыздағы бірлік нығая түспек.

Атап өту керек, біздің Спартакиада Мұнайгаз кешені қызметкерлерінің күні қарсаңында өтіп отыр, сондықтан, осы сәтті пайдаланып, сіздерді алдағы кәсіби мерекелеріңізбен құттықтауға және еңбекте табыс пен бар жақсылықты тілеуге рұқсат етіңіздер.

Сіздерді осынау тамаша спорт мерекесімен құттықтап, жарқын жеңіс тілегім келеді. Ең мықты жеңсін!

Сауат Мыңбаев

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК
басқарма төрағасы