Биоалуантүрлілікке әсер ету

Ауқымды операциялық қызметі бар мұнай-газ холдингті компания ретінде өндірістік қызмет аудандарында биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз.

Барлық біздің жобаларымыз үшін әсер етуді бағалауды жүргізу сатысында біз экологиялық, әлеуметтік тәуекелдерді және денсаулық үшін  тәуекелдерді анықтаймыз және бағалаймыз, сондай-ақ біздің көрсеткіштерімізді жақсарту мүмкіндіктерін қарастырамыз. Осыған орай өндірістік қызмет экологиялық  мониторингпен ілесе жүргізіледі, соның барысында биологиялық алуантүрлілік және экожүйелердің сезгіштігі назарға қабылданады.