Мұнайдың төгілуін болдырмау және дайындықты қамтамасыз ету

Мұнайдың апатты төгіліп кетуін жоюға (МАТЖ) тұрақты дайындық ҚМГ-ның сөзсіз басымдығы болып табылады

Каспий теңізі  бірегей табиғи объект болып табылады, оның экожүйесі  жабықтығына байланысты мұнаймен ластануды қатты сезеді. Біз теңізде мұнай операцияларын жүргізу кещінде экологиялық қауіпсіздікке жоғары талаптар қоямыз: кез келген жұмыс түрі басталғанға дейін келісімшарт аумақтарында фондық экологиялық зерттеулер жүргіземіз және әлеуетті әлеуметтік және экологиялық әсерін бағалаймыз, сондай-ақ операциялар жүргізу уақытында және кейін  әсер ету мониторингін, эмиссиялар мониторингін және авариялық оқиғалардың мониторингін жүзеге асырамыз.

Теңізде бұрғылау операцияларын бастар алдында біз мұнайдың құйылып кету бойныша оқыс оқиғаларының алдын алуға тұрақты түрде дайын болуды қамтамасыз етеміз.  Біз жұмыс аяқталған соң жойылған скважиналарға үздіксіз экологиялық мониторинг жүргіземіз. Келісімшарт аумақтарында жойылған скважиналардың мониторингі атмосфералық ауаның сапасын, теңіз суының ластануын дәне су төбіндегі шөгінділерді, биоалуантүрліліктің жай-күйін бақылауды, сондай-ақ зертханалық-талдау жұмыстарын, жойылған скважиналардың сағаларын фото және бейнетүсіруді қамтиды.

Теңіздегі операциялар уақытында біз келесі приницптерді мүлтіксіз ұстанамыз:

Жобалық шешімдерді қатаң сақтау;

«Нөлдік көму» принципі -  барлық қалдықтар мен ағын сулар жағаға шығарылады;

Барлық жүзу құралдарын балықтан қорғайтын құрылғылармен және лас сулардың жоқтығымен қамтамасыз ету;

Уылдырық шашу кезеңінде – 1 сәуірден 15 шілде аралығында өндірістік операцияларды жүргізуге тыйым салу;

Өндірістік кемелерден балық аулауға тыйым салу;

Түнгі уақытта көмірсутек шикізатын жағуға және скважиналарды сынақтан өткізуге тыйым салу;

Арнайы пайдалану режимін сақтау.

Топтың өндірістік объектілері белгіленген тәртіппен қолданысқа енгізілген ЛАРН жоспарларымен  қамтамасыз етілді. ЛАРН-ға дайындық деңгейін арттыру үшін біз персоналдың тәжірибелік дағдыларын жетілдіретін практикалық және теориялық сабақтарды, жаттығуларды жәе түрлі деңгейдегі оқуларды үнемі өткізіп отырамыз.