Энергетикалық ресурстарды пайдалану және энергия үнемдеу

Соңғы жылдары әлемде энергияны үнемдеу жүйесіндегі тапшылық байқалады. ҚМГ отын-энергетикалық ресурстарды тұрақты негізде тұтыну қажеттілігін азайту мүмкіндіктерін іздейді, ал бұл неғұрлым энергия тиімді компания болуға және атмосфераға шығарындылар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Біздің ЕТҰ-дың  80%-ы ISO 50001 халықаралық стандартқа сәйкес энергия менеджмент жүйесін енгізді. Сондай-ақ энергиялық тиімділікті арттырумен байланысты деректерді жинау мен талдау, іс-шараларды іске асыру үшін энергиялық менеджмент бойынша жеке құрылымдық бөлімше құрылған. Біздің мамандарымыздың біліктіліктерін арттыру үшін "ISO 50001 халықаралық стандарт негізінде энергиялық менеджмент жүйесін әзірлеу және енгізу" тақырыбы жөніндегі тренингтен 1831 артық маман өтті.

2015 жылы заңнама талаптарына сәйкес энергетикалық  аудит өткіздік. Аталған талдау энергия тұтынудың құрылымын және базалық деңгейін анықтауға (электр, жылу энергиясы, табиғи газ, мұнай және отын) және IOGP мүшелерінің көрсеткіштерімен біздің қызметімізге бенчмаркинг өткізуге мүмкіндік берді.

Біздің өндірістік қызметіміздің негізгі энергия көздері табиғи газды (38%), ілеспе мұнай газын (15%), қазандық-пеш отынын (15%), сондай-ақ жылу және электрлік энергияны (10% және 9% соған сәйкес) тұтынады. Табиғи газдың және ілеспе газдың үлесіне шамамен жалпы тұтынудағы энергетикалық ресурстардың 53%-ы тиесілі, ал біз осы қолжетімді және экологиялық таза өнімдерді өзіміздің қызметімізде пайдалануды жалғастыруға мүдделіміз. 

2016-2020 жылдарға арналған компаниялар тобы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру 8 098 392 ГДж жұмсалатын энергияны азайтуға мүмкіндік береді, ал бұл ТЭР-ды 7,2%-ға үнемдеуге әкеледі.

2016-2020 жылдарға арналған энергияны үнемдеу бойынша іс-шаралар жоспары

 

Жоспарланған шығындар, mln. tenge (mln.$)

 
Қаражатты үнемдеу, mln. tenge (mln.$)


Энергияны үнемдеу GJ

Жалпы тұтынудағы энергияны үнемдеу %

Қазандық-пеш отыны

12 648

(52,2)

2 095 (9,5)

6 167 260

5,48

Жылу энергиясы

612 (2,8)

1 181 389

1,05

Электр энергиясы

3 349 (15.2)

749 744

0,67


Жалпы:

6 056 (27,4)

8 098 392

7,20

 

2016 жылы біз 2020 жылға дейінгі «ҚМГ энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттырудың жол картасын» әзірлеуді жоспарлаймыз. Сонымен қатар, біз энергиялық шарттар механизмі арқылы энергияны үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту жөніндегі жұмыстарды жүргіземіз.