Қалдықтарды басқару

Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару мәселесі мемлекеттік органдардың және жергілікті қауымдастықтардың экологиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Біз жыл сайынғы негізде маңызды қаржылық қаражат бөлеміз және өзіміздің өндірістік объектілерімізде қалдықтардың түзілуімен және жердің ластануымен байланысты проблемаларды шешу үшін инвестиция бөлеміз. ҚР Экологиялық кодексінің талаптарын сақтай отырып, зиянсыздандырылмаған қауіпті қалдықтар біздің объектілерде қацта өңделген және пайдаға асырылған, мамандандырылған компаниялардағы полигондарға тасымалданады. Біз өзіміздің мердігер ұйымдарымыз қалдықтарды қауіпсіз тасымалдау, орналастыру және пайдаға асыру бойынша талаптарды орындағанын қадағалаймыз.

Заңнама талаптарын сақтау мақсатында Топта қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік органдармен келісілген қалдықтарды басқару бойынша бағдарламалар әзірленген және іске асырылады

Біз өзіміздің объектілерге енгізу үшін қалдықтарды басқару саласындағы жаңа практика мен тиімді технологияларды зерттейміз.

Әлеуметтік жауапкершілік және қолданыстағы келісімдер бойынша қабылданған міндеттемелер шеңберінде мемлекеттік органдармен тарихи жинақталған мұнай қалдықтарын және келісімшарт аумақтарындағы ластанған жерлерді жою жұмыстары жалғасуда. 2016 жылы Топтың өндіруші ұйымдары қалдықтарды кәдеге жарату және жерлерді қалпына келтіру шараларына 2,3 миллиардтан астам теңге ($6,7 млн.) жұмсады.

Бұрғылау қалдықтары қайта өңдеу және кәдеге жарату мақсатында биологиялық ремедиация, термикалық крекинг, термодесорбция, арнайы  көму полигондарына көму әдістері мен технологиялары қолданылды.