Тұрақты дамуға деген біздің көзқарасымыз

Қазақстанның ең ірі компанияларының бірі бола отырып, біз экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға біздің әсеріміздің маңыздылығын мойындаймыз. Біз тұрақты даму қағидаттарын басшылыққа аламыз және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу кезінде салмақты және тиімді көзқарасты қолданамыз.

Тұрақты даму – бұл келешек ұрпақтың қздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға қабілеттілігіне қатер төндірместен бүгінгі ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыратын даму («Біздің ортақ болашағымыз» атты Қоршаған орта және Даму жөніндегі Дүниежүзілік комиссияның есебі, Біріккен Ұлттар Ұйымы, 1987 жылғы 4 тамыз).

Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз - егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру. (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың                                2012 жылғы 12 желтоқсандағы  «Стратегия - 2050» атты Қазақстан халқына Жолдауы).

Біздің бас Акционеріміз Самұрық-Қазынаның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес біз тұрақты даму саласындағы келесі қағидаттарды сақтаймыз:

  • Ашықтық – біз әрқашан диалогқа ашықпыз. Біз акционерлермен екі жақты мүдделерді сақтауға, құқықтарын сыйлауға және ҚМГ мен акционерлер мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауға негізделген ұзақ мерзімді ынтымақтастық үшін мүмкіндіктер іздейміз;
  • Жауапкершілік – біз өз міндетімізді түсінеміз:
    • біз ресурстарды (электр энергиясын, шикізатты және суды қоса алғанда) тиімді пайдалану, эмиссияларды, қалдықтарды қысқарту және ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін тиімділігі жоғары, энергия үнемдеуші технологияларды енгізу арқылы қоршаған ортаға кері әсерді минимизациялауға ұмтыламыз;
    • біз мемлекеттік бюджетке салықтарды және заңнамамен қарастырылған басқа алымдарды төлейміз;
    • біздің даму стратегиямызды қолдауға салым ретінде біз жұмыс орындарын құрамыз және сақтаймыз;
    • біз өзіміздің стратегиямыз және қол жетімді қаржылық ресурстар шеңберінде жұмыс істейтін салаларды дамытуға ықпал етуге ұмтыламыз;
    • біз жоғарғы еңбек өнімділігімен ресурстарды абайлап және жауапты пайдалануға бағытталған инновациялық технологияларды енгіземіз; біздің өнімдеріміз, тауарларымыз және қызметтеріміз заңнамамен белгіленген тұтынушылардың денсаулығын мен қауіпсіздігін қорғау жөніндегі стандарттарға және жақсы сапа стандарттарына сәйкес келуі тиіс;
  • Мөлдірлік – біздің шешімдеріміз бен іс-қимылдарымыз мүдделі тараптар үшін айқын және түсінікті болуы тиіс. Біз құпия ақпаратты қорғау туралы ережелерді ескере отырып заңнамамен ұсыну үшін рұқсат етілген ақпаратты уақтылы ашамыз;
  • Этикалық мінез-құлық біздің шешімдеріміз бен іс-қимылдарымыз үшін келесі құндылықтар: құрмет, адалдық, ашықтық, командадағы жұмыс және сенім, сенімділік және әділдік негіз болып табылады.