Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

ҚМГ 2014 жылы ҚМГ ДК бекіткен «ҚМГ-нің экономикалық қауіпсіздік саясатын қолданады. Бұл құжат ҚМГ-нің сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, сондай-ақ басқа заңсыз іс-әрекеттерге қатысты қағидаттарын қамтиды. Осындай құжаттар ҚМГ-нің келесі ЕТҰ-да енгізілген.

Саясат компаниялар тобының барлық қызметкерлеріне және мүдделі тараптарға толық қол жеткізуді ұсыну үшін ҚМГ-нің корпоративтік сайтында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орналастырылған.  

ҚМГ-нің әрбір қызметкері немесе үшінші тұлға қызметкерлердің, мердігер ұйымның немесе қызметі ҚМГ-мен байланысты басқа тұлғалардың кез келгенінің іс-қимылының заңдылығы бойынша қандай да бір күмәнданушылығы жағдайында ҚМГ басшылығын немесе оның уәкілетті өкілдігін хабардар етуге құқылы. Бұл ақпарат электронды аошта адресіне немесе сенім телефоны желісіне берілуі мүмкін.

Басқарма шешімімен бекітілген ҚМГ-де тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру жөніндегі қағидаларға сәйкес біз барлық ЕТҰ-да сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді бағалауды жүргіземіз.