Этика кодексі

ҚМГ-нің Этика кодексі ҚМГ-нің барлық қызметкерлері үшін, олардың лауазымына қарамастан мінез-құлық нормаларын белгілейді және негізгі құндылықтар мен жұмыстың этикалық қағидаттарын көрсетеді. Бұдан басқа, Кодекс әріптестермен, мемлекеттік органдармен, біздің акционерлермен, филиалдармен, іскерлік серіктестермен, қауымдастықтармен және БАҚ-пен өзара әрекеттестік кезінде мінез-құлық нормаларын белгілейді. Бұл кодекс 2010 жылы ҚМГ ДК-мен бекітілген. Әрбір 2 жылда ҚМГ Директорлар кеңесі аталған Кодекстің ережелерін қарайды, оның қолдану деңгейін зерттейді және қажеттілігіне қарай тиісті өзгерістер енгізеді. Кодекспен танысу барлық қызметкерлер үшін міндетті.

  • Әділдік – біздің шешімдер мен іс-қимылдарымыз заңнамаға сәйкес келеді және барлық мүдделі тараптардың тең және адал құқықтарына негізделген.
  • Адам құқықтарына құрмет – адам құқықтарын құрметтеуге біз оларды ұстанатын Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы сияқты халықаралық құжаттармен кепілдік берілген.
  • Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік – сыбайлас жемқорлық біздің ұйымдарымыз біздің акционерлеріміз, инвесторларымыз, басқа Мүдделі тараптар және тұтас алғанда қоғам үшін құрған құндылықтарымызды қиратады; біз сыбайлас жемқорлыққа оның барлық көріністерінде өзіміздің төзбеушілігіміз туралы жариялаймыз.
  • Мүдделер қақтығысын болдырмау – мүдделер қақтығысымен байланысты елеулі бұзушылықтар ҚМГ беделіне залал келтіруі мүмкін; біз құрметпен, адалдықпен, сатылмаушылықпен, әділдікпен және бейілдікпен іс-қимыл жасаймыз, мүдделер қақтығысын болдырмау, анықтау және жою үшін шаралар қабылдаймыз.
  • Басшылықтан мінез-құлықтың жеке үлгісі – біздің әрқайсымыз біздің күнделікті іс-қимылдарымызда, мінез-құлқымызда және шешімдер қабылдау кезімізде Тұрақты даму қағидаттарын енгізуге ықпал ете аламыз. Компания басшылығы өзінің тұрақты даму қағидаттарын ұстанушылығы туралы мәлімдейді.

Болуы мүмкін қақтығысты жағдайларды анықтау мен реттеу және олардың салдарларын минимизациялау мақсатында ҚМГ-де корпоративтік Омбудсмен функциясы енгізілген, ол ҚМГ Директорлар кеңесінің шешімімен тағайындалады. 2015 жылы Омбудсмен миссиясының, функцияларының және міндеттерінің тұжырымдамасын  ең үздік әлемдік практикаға сәйкестікке келтіру жөніндегі жол картасы әзірленген. Осы жол картасын іске асыру шеңберінде жаңа «ҚМГ Омбудсмені туралы ереже» әзірленген және бекітілген.  

2015 жылы ҚМГ Омбудсменініңң 17 өтініш болған. Қақтығыстық жағдайлардың мәні іскерлік мінез-құлықтың этикалық, рәсімдік немесе заңнамалық нормаларының немесе этика кодексінің бұзылуымен туындаған жұмыс орындарындағы тұлғааралық, психологиялық немесе басқа қақтығыстар табылды.

Сондай-ақ қызметкерлер, іскер серіктестер мен мүдделі тараптар оларды қолдана отырып корпоративтік этиканың сақталмауы туралы хабарлай алатын әртүрлі механизмдер бар.

  • Қызметкерлер – өзінің тікелей басшысын немесе неғұрлым жоғары тұрған тұлғаны хабардар ету арқылы; немесе ақпаратты Омбудсменге тапсыру арқылы;
  • Ұйымның қызметкерлері және басқа тұлғалар - 786565 телефоны арқылы немесе электронды сенім адресі арқылы: doverie@kmg.kz (ақпарат бүркеншік түрде беріле алады).

Этика кодексі мүдделі тараптар үшін компанияның ресми сайтында қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде, сондай-ақ құжаттардың ішкі электрондық базасы  - ИСУ ҚЭБ-да қол жетімді.