Біздің мүдделі тараптар

Бізде біздің қызметіміз оларға ықпал ететін және өз кезегінде олар біздің табысымызға ықпал етуі мүмкін мүдделі тараптардың кең ауқымы бар. Біз мүдделі тараптың жеке тұлға немесе ірі ұйым болып табылатындығына қарамастан олардың хабардар болуын қолдауға тырысамыз.

Біздің мүдделі тараптарымызбен сенімді қарым-қатынас орнату мөлдір есептілікті ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Біз ұлттық экономикаға, қоршаған ортаға және қоғамға біздің ықпалымыздың маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан біздің бизнесіміздің ұзақ мерзімді өсуіне ұмтыла отырып, біз барлық мүдделі тараптардың мүдделері мен күтулерін ескергендігімізге көз жеткізуге тырысамыз.

Біздің мүдделі тараптарымыздың әр түрлі мінездерін ескере отырып, бізде кездесулер, семинарлар, форумдар, тікелей пікірталастар, бірлескен кәсіпорындар мен фокус-топтар өткізу жолымен олардың әрқайсысымен тұрақты өзара әрекеттестік үшін бірқатар механизмдер бар.

Тұрақты даму саласындағы іс-шаралар мен бастамалар, сондай-ақ олар бойынша өзара әрекеттестік мәселелері бойынша пікірлер мен түсініктерді келесі мекенжайға жіберуге болады: sustainability@kmg.kz

Біздің МТ (тізім осымен шектелмейді): Үлесі мен ықпалы Күтулері мен мүдделері МТ-мен өзара әрекеттестікке біздің көзқарасымыз және өзара байланыс жолдары
Қызметкерлер, ресми тұлғалар Адами капитал, бейілділік, еңбек өнімділігі, еңбек қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау Бәсекеге қабілетті еңбекақы, сапалы және қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму, адам құқықтарының сақталуы, әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар  Жұмыс кеңестері; тоқсандық және жылдық есептер; менеджменттің барлық деңгейлеріндегі тұрақты, тікелей өзара әрекеттестік; фокус топтардағы талқылаулар;  сауалнамалар, корпоративтік сайттар; сенім телефондары; ақпараттық стендтер.
Акционерлер Қаржы ресурстарының түсімі (акционерлік капитал, кредиттер), Қордың ЕТҰ қызметі үшін нормативтік құжаттар Инвестициялар рентабельділігі, дивидендтердің уақтылы төленуі, қор беделін қолдау, қорларды арттыру, корпоративтік басқаруды жақсарту   Іскерлік этика кодексі;  ішкі саясаттар мен стандарттар;  есептілік; қаржылық және операциялық қызмет туралы пікірлер; ішкі газеттер.
Еншілес және тәуелді ұйымдар, бірлескен кәсіпорындар Өндірістік қызмет, заңнаманың, ішкі нормативтік құжаттардың сақталуы,  компания  беделін қолдау Сапалы ішкі нормативтік құжаттама базасын әзірлеу, мемлекеттік органдар алдында, қауымдастықтарда мүдделерді білдіру. Іскерлік этика кодексі;  ішкі саясаттар мен стандарттар;  есептілік; аудиттер; жұмыс кеңестері; менеджементтің барлық деңгейлеріндегі тұрақты, тікелей өзара әрекеттестік; сауалнамалар мен зерттеулер; ішкі газеттер.
Жергілікті қауымдастықтар, қоғамдық ұйымдар Қызмет өңірлерінде қауымдастықтарды қолдау;  Жергілікті билікке бейілділік және қолдау; Қолайлы өзара қарым-қатынас; ынтымақтастық Жұмыс орындарын құру, өңірлерді дамыту, экологиялық қолайлылық, мөлдірлік Жылдық есептер, ҚОӘБ бойынша қоғамдық тыңдаулар, жергілікті қауымдастықтармен кездесулер, әлеуметтік жобаларды іске асыру, қорлар мен трасттар, қызметтер мен тауарлар сапасы туралы пікірлер арқылы кері байланыс, БАҚ-тағы және компанияның ресми веб-сайтындағы жарияланымдар, жергілікті жерлерге шығулар, жедел желілер, почта.
Үкімет, жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекеттік реттеу, салықтар және роялти     Заңнаманы сақтау, жұмыс орындарын құру, салық мөлдірлігі жолымен үлес қосу, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету, экологиялық қолайлылық, еңбек және табиғи ресурстарды жауапты және тиімді пайдалану, қызметтің мөлдірлігі Тексерулер мен инспекциялар,  экологиялық сараптама,  Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдар, іс-шаралар мен форумдарға қатысу; жұмыс топтары, ақпарат ұсыну туралы сауалдарға жауаптар, мемлекеттік статистикалық есептілік.
Жеткізушілер  Шикізат (тауарлар, жұмыстар мен қызметтер) жеткізу Сенімді нарық, Тұрақты клиенттің  кредит қабілеттілігі, келісім-шарттық міндеттемелердің сақталуы, өнім сапасын көтеру, өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті көтеру  Іскерлік этика кодексі;  саясаттар мен стандарттар; әлеуметтік жауапты серіктестік; жергілікті құрамдасты қолдау үшін серіктестік
Кәсіподақтар Әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал ету, еңбек қатынастарын реттеу мен қақтығыстарды шешу ҚМГ-нің барлық ЕТҰ-да қызметкерлердің құқықтарын құрметтеу, еңбектің қауіпсіз жағдайлары, әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар Бірінші басшылардың кәсіподақпен кездесулері, жергілікті қауымдастықтармен кездесулер; ұжымдық шарттар; ОВОС  бойынша қоғамдық тыңдаулар; тұрақты кеңестер мен жеке өзара іс-қимыл; өтініштер үшін жедел желілер
Клиенттер  Сатып алу (тауарлар мен сервистерді) рәсімдері арқылы қаржы ресурстарының түсімі Жоғары сапалы, қауіпсіз тауарлар мен сервистер қолайлы баға бойынша Мүдделі тараптар үшін форумдарға қатысу;  қызметтер мен өнімдер сапасы туралы пікірлер арқылы кері байланыс;  БАҚ-тағы және компанияның ресми веб-сайтындағы жарияланымдар, жергілікті жерлерге шығулар; жедел желілер, почта
Ассоциациялар Басқа мұнай-газ ұйымдары және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдар, тәжірибе алмасу үшін платформалар құру. Жұмыс топтарына белсенді қатысу, демеушілік, мөлдірлік, мемлекеттік органдармен мүдделерді білдіру және қарым-қатынастар орнату, алдыңғы қатарлы тәжірибе мен инновациялар.  Салалық  форумдарға, конференцияларға қатысу; әлеуметтік және экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс топтарына мүшелік; сауалнамалар мен зерттеулер;  тұрақты кеңестер мен жеке өзара іс-қимыл;   БАҚ-тағы және компанияның ресми веб-сайтындағы жарияланымдар, жергілікті жерлерге шығулар; жедел желілер, почта

Неғұрлым жан-жақты ақпарат және МТ-мен өзара қарым-қатынастар үлгілері есепте келтірілген.