2015 – Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жылы

2015 жылы біздің жұмысымыздың басым бағыты еңбекті, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау саласы болды. Біз өзіміздің экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі қызметімізде Жасыл экономика тұжырымдамасының қағидаттарын басшылыққа алдық. Еңбекті және денсаулықты қорғау саласындағы жұмыс БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі мақсаттарына қол жеткізуге бағытталды.

Біз өзіміздің жергілікті қауымдастықтарға құрмет және лайықты қарым-қатынас қағидаттарына бейілділігімізді сақтаймыз. Біз сондай-ақ қызметіміздің өңірлеріндегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін жаңа жолдар іздеудеміз. Мәселен, мысалы ҚМГ өндірістік қызмет өңірлерінде әлеуметтік тұрақтылықты мониторингтеу жөніндегі инновациялық жобаны іске асыруда. Бұл  инновациялық құралдар бізге әлеуметтік шиеленісу жоғары өңірлерді және қажетті шешімдер қабылдау үшін назар мен ресурстарды шоғырландыруға мүмкіндік береді. Өңірлердің ерекшеліктерін ескеретін мұндай көзқарас бізге жергілікті қауымдастықтардың күтулеріне неғұрлым тұтастай сәйкес келу үшін алдын алу шараларын әзірлеуге көмектеседі.

Ұлттық компания ретінде ҚМГ-нің тұрақты даму стратегиясы Қазақстанның даму жоспарына сәйкес келеді. Біз «Стратегия 2050», Жасыл экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдама сияқты бағдарламаларды және еліміз қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелерді, соның ішінде Рио де Жанейро қағидаттары, Париж келісімі және Дүниежүзілік банктің «2030 жылға қарай ІМГ-ні нөлдік тұрақты жалындатып жағу» бастамасын іске асыруға өз үлесімізді қосуға ниеттіміз.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы біздің жұмысымыз хабардар болуды және есептіліктің мөлдірлігін көтеруге бағытталған. Біз елеулі нәтижелерге қол жеткіздік, есептіліктің мөлдірлігі 4 есе өсті. Басшылар мен қызметкерлердің жұмыс орнындағы қауіпсіз мінез-құлық мәселелерін ұстанушылығының артқаны айқын.

БҰҰ-ның ТД жөніндегі «Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және кез келген жаста барлығы үшін әл-ауқатқа ықпал ету» атты үшінші мақсатын іске асыруға үлес қосу үшін біз компанияның «денсаулық мәртебесін» алғашқы бағалаудан бастап біздің қызметкерлеріміздің денсаулық жағдайын жақсарту жөнінде елеулі жұмыс атқардық. Біздің талдауымыздың нәтижелері бойынша біз Маңғыстау облысындағы өндіруші және сервистік компаниялардың қызметкерлерінде жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты бірқатар проблемаларды анықтадық. ҚМГ жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырды.

Бір жыл ішіндегі біздің негіз қалаушы қағидаттарымыз Жасыл экономика тұжырымдамасы шеңберіндегі ұлттық мақсаттар болды:

  1. қоршаған ортаға ықпал етуді жұмсартудың рентабельді жолдары арқылы халықтың әл-ауқаты мен қоршаған ортаның сапасын көтеру;
  2. ресурстарды (су, жер, биологиялық) пайдалану мен оларды басқарудың тиімділігін көтеру.