БҰҰ-ның ғаламдық шарты

БҰҰ Ғаламдық шартының он қағидаты

Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы Ғаламдық шарттың он қағидатында жалпыға бірдей ымыра қолданылған және олар мыналардың негізінде құрылған:

  • Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы
  • Халықаралық еңбек ұйымының Өндірістегі негіз қалаушы қағидаттар мен құқықтар туралы декларациясы
  • Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясы
  • БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы

Адам құқықтары

1-қағидат: Іскерлік орта халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қолдап, құрметтеуі тиіс; және

2-қағидат: Іскерлік ортаның адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс.

Еңбек қатынастары

3-қағидат: Іскерлік орта бірлестік бостандығын қолдап, ұжымдық шарттарды жасасу құқығын іс жүзінде мойындауы тиіс;

4-қағидат: Іскерлік орта мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық нысандарын жоюды қолдауы тиіс;

5-қағидат: Іскерлік орта балалар еңбегін түбегейлі жоюды қолдауы тиіс; және

6-қағидат: Іскерлік орта еңбек пен жұмыспен қамту саласындағы кемсітушіліктің жойылуын қолдауы тиіс.

Қоршаған орта

7-қағидат: Іскерлік орта алдын ала сақтану қағидасына негізделген экология мәселелерінің ұстанымын қолдауы тиіс;

8-қағидат: Іскерлік орта қоршаған ортаның жай-күйіне жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды көтеруі тиіс; және

9-қағидат: Іскерлік орта экологиялық қауіпсіз технологиялардың дамуы мен таралуына жәрдемдесуі тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет

10-қағидат: Іскерлік орта сыбайлас жемқорлықтың барлық нысандарына, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы тиіс.