«Үздік маман – 2017» кәсіби конкурс

Құрметті қатысушылар!

Қымбатты әріптестер!

Еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орайластырып өткізілгелі отырған «Үздік маман» кәсіби шеберлік конкурсының ашылуымен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы арасында үздік мамандарды таңдау ертеден жалғасын тауып келе жатқан әдемі үрдіске айналды. Шеберлік конкурсы жұмысшылардың беделін көтеріп, олардың арасынан жүзден жүйрік нағыз мамандарды іріктейді. Өзара тәжірибе мен түрлі идеялардың алмасуына да үлкен мүмкіндік береді.

«Үздік маман» конкурсы әр қызметкердің өзінің жұмысына деген жауапкершілігін арттырады. Әрбір жұмыс орнында өндіріс тиімділігін арттыруға себепші болып, бүгінгі күні ұлттық компаниямен қолға алынып отырған Трансформация бағдарламасына да үлкен үлес қосатынына сенімдімін.

Кәсіптік шеберлік конкурсы биыл бірінші рет «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы деңгейінде өткізіліп жатыр. Осы конкурстың бірінші сатысына мұнайгаз саласындағы еншілес компаниялардан 36 мамандық түрлерінен үш мыңнан аса қызметкерлер қатысты. Конкурстың екінші шешуші сатысына 20 мамандық түрі бойынша 126 қызметкер қатысып өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетеді. Жарыс «ҚазМұнайГаз» компаниясының алты өндірістік алаңында өткізіледі.

Әділ қазылар алқасы алдында кәсіби біліктілігін көрсетіп, практикалық тапсырманы мүлтіксіз орындап алға шыққан үздік маман иелерін таңдау міндеті тұр. Мыңнан тұлпар болып алға озып шығу әрине оңай емес! Бірақ бұл жарыстағы ең басты жеңіс қызметкерлердің білім деңгейін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдау деп есептеймін.

«Үздік маман» байқауында сіздерге табыс пен сәттілік берсін. Жеңіске жетулеріңізге тілектеспін!

Сауат Мыңбаев

«ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК
басқарма төрағасы

Мамандардың кәсіптер бойынша кездесулері өтті
14.07.2017

Мамандардың кәсіптер бойынша кездесулері өтті

2017 жылғы 26 – 30 маусым аралығында Ақтау қаласында, 3 шілдеде Астана қаласында «Үздік маман 2017» кәсіби конкурсын өткізуге дайындық шеңберінде тест сұрақтарын, практикалық тапсырмаларды және регламенттерді талқылау бойынша ҚМГ ЕТҰ білікті мамандарының кездесулері өтті.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017» кәсіби конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссия
14.07.2017

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017» кәсіби конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссия

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасы төрағасының 2017 жылғы 18 наурыздағы бұйрығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Үздік маман - 2017» кәсіби конкурсын өткізу жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) құрылды.