Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясат

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Қазақстан Республикасының ұлттық мұнай-газ компаниясының бірі бола отырып, қызметкерлер мен қоғам алдындағы жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндірістік жарақаттанушылықтың алдын алу үшін жауапкершілікті толықтай сезінеді және адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау мен қоршаған ортаны қорғауды өзінің қызметтерінің негізгі басымдықтарына жатқызады.

ҚМГ, көмірсутектерді барлау, өндіру, оларды тасымалдау мен өңдеуден бастап мамандандырылған сервистік қызметтер көрсетуге дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыра отырып, өндірістік қауіпсіздіктің жоғары стандарттарына сәйкес келуге ұмтылады және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ) саласындағы басқару жүйесін өндірісті тиімді басқарудың басты элементі ретінде тұрақты түрде жетілдіруге бағытталған.


Негізгі мақсаттары:

  • Қызметкерлердің және қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау;
  • Активтердің тұтастылығын және жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету;
  • Қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендету.


Басқарудың негізгі қағидалары:

Қазақстан Республикасы заңнамасының, халықаралық және ұлттық стандарттардың, ҚМГ-дың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;

әлімдік озық тәжірибенің үздік жетістіктерінің негізінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесін үздіксіз дамыту және жетілдіру;

өндірістік жарақаттанушылықтың, кәсіби аурулардың, апаттылықтың және қоршаған ортаға теріс әсер етудің көрсеткіштерін бұлжытпай төмендетуге бағытталған, ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы мақсаттар қою;

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызметкерлердің корпоративтік мәдениеттің жоғары деңгейін қалыптастыру;

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ талаптарын сақтау үшін ҚМГ-дың әрбір қызметкерінің дербес жауапкершілігі;

ҚМГ барлық деңгейлеріндегі басшылардың ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы бағдарламаларды іске асырудағы көшбасшылық пен берілгендік;

ҚМГ қызметкерлерін ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде жұмылдыру;

өндірістік қызметтің барлық кезеңдерінде ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы тәуекелдерді анықтау және басқару;

барлық жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар, апаттар мен оқиғаларды, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен корпоративтік құжаттарға сәйкес дереу хабарлау, тергеп-тексеру және есепке алудың міндеттілігі және оларды одан әрі болдырмау үшін тиімді шаралар әзірлеу мақсатында себептерін әділ анықтау;

қызметкерлердің өздерінің немесе қоршаған адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайдың туындауы кезінде қызметкерлердің жұмыстарды орындаудан бас тарту құқығының кепілдік етілуін ұсыну;

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ мәселелері бойынша қызметкерлерді үздіксіз оқыту және біліктілігін арттыру;

қызметкерлердің және өндірістік нысандардың апатты және төтенше жағдайларда әрекет етуге әрдайым дайындығын қамтамасыз ету;

ластау заттары мен парниктік газдардың шығарылуын төмендетуге және энергия тиімділігін жоғарылатуға бағытталған қауіпсіз және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу;

ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ бойынша корпоративтік талаптарды сақтау үшін мердігерлік ұйымдардың жауапкершілігі;

акционерлер, серіктестер, қызметкерлер, мемлекеттік органдар, қоғам мен басқа мүдделі тараптардың алдында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы қызмет аспектілері туралы ашықтылығы мен ақпараттылығы, оның мазмұнының сенімділігі мен жеделдігін қамтамасыз ету;

осы Саясаты сақтау және қол жеткізілген прогресті анықтау мақсатында ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы басқару жүйесінің нәтижелілігін бағалау және талдауды тұрақты негізде жүзеге асыру.

Саясаттың қолданысы ҚМГ-дің барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ жасалатын шарттарда көрсетілген талаптарға сәйкес ҚМГ объектілерінде қызмет көрсететін, оның ішінде көлікпен тасымалдауды орындайтын мердігерлік ұйымдардың қызметкерлеріне таралады.

Осы құжат барлық мүдделі тараптар үшін ашық жəне қол жетімді болып табылады.

ҚМГ басшылығы ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ басқару жүйесіне қажетті ресурстар мен жағдайларды қамтамасыз етуге жауапкершілік алады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014