Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

«ҚазМұнайГаз» - ұлттық сатылас интеграцияландырылған мұнай-газ компаниясы ретінде мұнай, газ бен оларды өңдеу өнімдерін барлау, өндіру, тасымалдау, сақтау, өңдеу және маркетингі бойынша, сервистік инфрақұрылымды және бейіндік емес активтерді басқару бойынша мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын еншілес, тәуелді, сондай-ақ бірлесе-бақыланатын ұйымдарды корпоративтік басқаруды жүзеге асыра отырып, саладағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруда анықтаушы рөл атқарады.

ҚазМұнайГаз даму бағытына және акционерлердің мақсаттарына: Компания активтерінің ұзақ мерзімді құнын жоғарылату және ұлттық экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға көмек көрсету мақсаттарына жетуге өзінің берілгендігін растайды.

Компанияның миссиясы. Қазақстан Республикасы үшін ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан максималды табыс алуды қамтамасыз ету:

компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыру, рентабельділікті жоғарылату, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті, интеграцияландырылған мұнай-газ компаниясы ретінде орнығу;

бизнесті әлеуметтік-жауапты жүргізу, тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің отандық жеткізушілерін қолдау, жергілікті кадрларды дамыту.

Көзқарас 2025. ҚазМұнайГаз – сұйық көмірсутектер (мұнай мен конденсат) қорлары және мұнай өндіру көлемдері бойынша әлемнің отыз ірі мұнай-газ компанияларының құрамына кіретін, өндірістік қызмет қауіпсіздігінің жоғары стандарттарына сәйкес келетін, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті интеграцияландырылған мұнай-газ компаниясы.

Аталған мақсаттарға жету корпоративтік басқару саласындағы қабылданатын басқарушылық шешімдердің сапасын жоғарылату, активтерді, оның ішінде ЕТҰ-ны сатып алу және қайта құру, заңнамалық талаптармен қарастырылған, сондай-ақ өз еркімен қабылданған әлеуметтік міндеттемелерді орындау арқылы қамтамасыз етілетін болады.

ҚазМұнайГаз таңдап алынған даму бағытына және акционерлердің мақсаттарына жетуге өзінің берілгендігін растайды.

ҚазМұнайГаз ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 талаптарына сәйкес сапа саласындағы, қоршаған ортаны қорғау, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы (бұдан әрі – ИБЖ) халықаралық корпоративтік басқару талаптарына және озық менеджмент технологияларына сәйкес болатындай басқаруды ұйымдастыруға ұмтылады.

Өзін әлеуметтік жауапты компания ретінде көрсете отырып, ҚазМұнайГаз 2016-2017 жылдары SA 8000, ISO 26000 әлеуметтік жауапкершілік бойынша стандарттарды ендіруді жоспарлайды.

Үздік әлемдік «тәжірибелерге» сәйкес интеграцияландырылған басқару жүйесінің қызмет етуіне бизнес-үдерістерді анық ұйымдастыру, үдерістерді бағалау сыншарттарының көмегімен ҚазМұнайГаздың ағымдық қызметіне мониторинг және контролинг жүргізу, заңнама мен стандарттардың талаптарын мүлтіксіз сақтау, үдерістерді нәтижелі басқару үшін барлық деңгейлердегі жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлу негізінде қол жеткізіледі.

Басқарудың негізгі қағидаттары:

бизнес-үдерістерді талдау, тұрақты мониторинг жүргізу, мүмкін болатын жерлерде үдерістерді автоматтандыруды ендіру және оларға тұрақты реинжиниринг жүргізу жолымен қызмет тиімділігін үздіксіз жоғарылату. Басқарушылық технологиялар саласында озық тәжірибені тұрақты зерттеу және пайдалаун және оларды қолдану рәсімдеріне еншілес ұйымдарды тарту;

ағымдық қызмет туралы әділ мәліметтерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау, қабылданатын шешімдер мен ҚМГ өндірістік қызметінің акционерлердің мүдделері мен жалпы қазақстандық қауымға да, ҚазМұнайГаздың орнықты экономикалық даму мақсаттарына да сәйкес болуы;

ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру арқылы туындайтын проблемалардың және олардың себептерінің алдын алуға ұмтылу;

нарықтың ағымдық және келешектегі күйін анықтау үшін мақсатты маркетингілік зерттеулерді, негізгі тұтынушылардың талаптарын және олардың қанағаттанушылығын бағалауды жүзеге асыру;

қызметкерлер арасында еркін түрде ақпаратпен және инновациялық идеялармен алмасу жүйесін ендіру, сапаны жақсарту бойынша персоналды мадақтау және ынталандыру, жаңа идеяларды ұсынып, дамыту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, ҚазМұнайГаз қызметкерлерінің сапа қағидаттарына берілгендігін дамыту;

тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін ұйымдарға ҚазМұнайГазда қабылданған және Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде, сапа саласындағы стандарттарға сәйкес болу талаптарын қою;

ҚазМұнайГаз қызметкерлерінің сапа саласындағы кәсіби біліктілігін, құзыреттілігін және хабардарлығын әрдайым жоғарылату, оларды корпоративтік басқаруды және өндірістік қызметті жетілдіруге белсенді қатысуға ынталандыру;

ҚазМұнайГаздың өзінің қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, акционерлер, әріптестер, қызметкерлер, қауым мен басқа да мүдделі тараптар алдындағы ақпараттық ашықтығы.

ҚазМұнайГаз басшылығы аталмыш Саясат ҚазМұнайГаздың сапа саласындағы құндылықтары мен қағидаттарының көрінісі болып табылатындығын мәлімдейді.

ҚазМұнайГаз басшылығы мен қызметкерлері өздерінің қызметінде және басқарушылық шешімдер қабыладу кезінде аталмыш құжаттың ережелерін ұстануға міндеттенеді.

ҚазМұнайГаз басшылығы Сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін жауапты болады және ИБЖ-ның қызмет етуі үшін қажетті жағдайларды жасауға, бұл мақсаттарда тиісті қаржылық, техникалық, адам және өзге ресурстарды бөлуге, олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Аталмыш ҚМГ Сапа саласындағы саясаты барлық мүдделі тұлғалар үшін қолжетімді болып табылады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014