Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Компанияның стратегиясы

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясы бойынша ҚМГ өзінің жасалған даму бағыты мен акционерлер мақсаттарына жетудегі жолынан айнымайтындығын растайды: компания активтерінің ұзақ мерзімді құнын жоғарылатуға және Қазақстан экономикасын жаңғыртуға және әртараптандыруға септігін тигізетінін.


Мақсаты: Қауіпсіздік пен корпоративтік басқарудың аса жоғары стандарттарына сай келетін мұнай-газ өндіретін және мұнай-газ тасымалдайтын тиімділігі жоғары ұлттық компания.


Міндеті: Қазақстан Республикасы үшін ұлттық мұнай-газ саласын дамытуға қатысудан төмендегідей жолдармен максималды көлемде пайда әкелу:

  • Компания құнын арттыру және инвестициялардың пайдалылығын қамтамасыз ету;
  • таяу шетелде бизнесті кеңейтудің әлеуетті мүмкіндіктерін қарастыра отырып, қызметті қазақстандық мұнай-газ нарығына шоғырландыру;
  • қаржылық тұрақтылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
  • тұрақты дамуды қамтамасыз ету.


Ұмтылыс: Мұнай және конденсатты коммерциялық өндіру көлемі жөнінен әлемдегі ең ірі 30 мұнай-газ компаниясының құрамына кіру.


Корпоративтік құндылықтар:

1. Тиімділік.Компания қаржы және өндірістік көрсеткіштерін тұрақты түрде жақсартып, өзінің басқарушылық тәжірибелері мен технологиялық шешімдерін жетілдіріп отыруға ұмтылуда.

2. Жауапкершілік. Компания акционерлер, серіктестер, ұжым мен қоғам алдындағы барлық міндеттемелерге жауапты.

3. Кәсіпқойлық. Компания тиісті еңбек жағдайларын ұсына отырып, сондай-ақ, жеке және кәсіби тұрғыда даму мүмкіндіктерімен қамтамасыз ете отырып, өз қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттыруға ұмтылуда.

4. Қауіпсіздік. Компания әлемдік стандарттарға сай еңбек және қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтауға ұмтылады.

Корпоративтік құндылықтар бизнес-қауымдастыққа, серіктестерге, мемлекеттік билік өкілдеріне және ҚМГ жетістігі мен өркендеуіне септігі тиетіндердің барлығына сеніммен және құрметпен қарауға шақырады. Құндылықтар Компания қызметкерлерін әрі қарай жетілу және өз жұмысының нәтижелерін арттыру жолындағы талпынысқа шақырады.


Сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып, тұрақты түрде өсуді қамтамасыз ету үшін ҚМГ келесі үш негізгі артықшылыққа баса назар аударатын болады:

1. Қаржылық шектеу және операциялык тиімділікті арттыру арқылы қысқа және орта мерзімді перспективада компанияның қаржылық жағдайын күшейту.

2. Жекешелендіру бағдарламасын есепке ала отырып, ҚМГ мақсатты бизнес үлгісін қалыптастыру.

3. Қазақстанның мұнай және газ саласының негізгі қатысушысы ретіндегі ҚМГ рөлін күшейту.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014