Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Корпоративтік басқару рейтингі

2014 жыл

ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару рейтингі 2013 жылы 71,7%-дан 2014 жылы 75,0%-ға өскен.

«Самұрық-Қазына» АҚ  тобы компанияларында корпоративтік басқару диагностикасы әдістемесіне сәйкес 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Ішкі аудит қызметі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та корпоративтік басқару диагностикасын жүргізді.

Диагностика нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару деңгейі 2014 жылы 75,0% құрады. Бұл бағалау «Құрылым», «Процестер», «Ашықтық» деген үш компоненттің өзара іс-қимылдары есебінен алынды, олардың мынадай сандық мәндері есепке алынды: құрылым – 68,3%, процестер – 73,2%, ашықтық - 81,7%.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару диагностикасының қорытындысы бойынша мынадай негізгі оң тұстар анықталды:

-     төраға және Директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілігі тәуелсіз директорлар болып табылады;

-     Директорлар кеңесінің белсенді жұмысы, номинальды шешім кабылдаудың жоқтығы;

-     «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың барлық тобы бойынша қызметтті  орталықтандырып жүзеге асыратын тиімді Ішкі аудит қызметі;

-     корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жұмыстарды жандандыру;

-     корпоративтік баскару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін регламенттеу құжаттарының болуы.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Ішкі аудит қызметінің корпоративтік басқару диагностикасы барысында берілген ұсынымдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі 2015-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында көрсетілген.

2013 жыл
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару рейтингі 2011 жылғы 59,9%-тен2013 жылы 71,7%-ке өскен.
«Самұрық-Қазына» АҚ бес еншілес ұйымында жүргізілген корпоративтік басқаруды тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару деңгейі 2013 жылы 71,7% құрады. Бұл бағалау үш компоненттің-«Құрылым», «Процестер», «Ашықтық» компонентінің өзара іс-қимылы есебінен алынды, олардың сандық мәндері есепке алынды: құрылым – 69,2%, процестер – 64,9%, ашықтық– 80,5%.
«PricewaterhouseCoopers» ЖШС ағымдағы жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында «Самұрық-қазына» АҚ тобы компанияларында корпоративтік басқаруды бағалау әдістемеіне сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқаруды бағалауды жүзеге асырды. «PricewaterhouseCoopers» ЖШС мамандары 2012 жылы және 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында болған оқиғаларды зерттеді, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің, Басқарманың мүшелерімен және тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен 20 сұхбат жүргізілді, 950 құжат қаралды.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқаруды бағалау қорытындысы бойынша мынадай негізгі оң сәттер анықталды:
- Директорлар кеңесі тиімділігін күшейту. Директорлар кеңесінің отырыстары тұрақты және барлық мүшелері белсенді қатысып, іштей нысанда жүргізіледі. Негізгі шешімдерді қабылдау кезінде Директорлар кеңесінің ролін күшейту және тәуелсіз диреткорларды негізгі мәселелерді талқылауға белсенді тарту.
-Директорлар кеңесі жанындағы комитеттердің белсенді жұмысы, Комитеттерде барлық мәселелерді уақтылы және жете талқылау. Тәуелсіз директорлар атқарушы басшылықққа күрделі сауалдарды жиі қояды;
- Тиімділігі жоғары орталықтандырылғанІшкі аудит қызметі (ІАҚ). ІАҚ Аудит жөніндегі комитетке, тәуелсіз диреткорға тікелей есеп береді және ДК үшін негізгі мәселелермен жұмыс істейді;
- Басшы қызметкерлерге сыйақы беру құрылымы ашық, ішкі құжаттарда қалыптастырылған және ішінара компания қызметінің нәтижелеріне байланысты;
- Компания озық практикамен көзделген қызметі туралы елеулі ақпаратты жариялап ашып көрсетеді;
- Корпоративтік құрылымды оңтайландыру және бірқатар еншілес кәсіпорындарды АҚ нысанынан ЖШС нысанында қайта тіркеу іске асырылды.
Корпоративтік басқаруды бағалау барысында «PricewaterhouseCoopers» ЖШС берген ұсынымдар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқару жүйесін жетілдірудің 2014-2015 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарында көрсетіледі.
2010 жыл

2010 жылдың қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік басқарудың жалпы баллы қайта қаралып, ол GAMMA 4+ құрайды.

Үшінші «Ашықтық, ақпаратты ашып көрсету, аудит және тәуекел» бөлігі және төртінші «Директорлар кеңесінің тиімділігі, стратегиялық процесс және сыйақы жүйесі» өзгеріске ұшырады.

Екінші «Акционерлердің құқығы» бөлігі бойынша 4+ -тен 5-ке дейін көтерілді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ инвестициялық тартымдылығын қолдау мақсатында рейтинг агенттігінің талаптарына сәйкес корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша қажетті шараларды атқарады.

2009 жыл

Standard & Poor’s «ҚазМұнайгаз» Ұлттық компаниясы (ҚМГ ҰК) GAMMA-5 АҚ деңгейіндегі GAMMA (Корпоративтік басқарудың, есеп берушіліктің және менеджменттің тиімділігін талдау және бағалау) корпоротивтік басқару рейтингін берді.

Тиімді жақтары

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бас компаниясының өкілдері және тәуелсіз директорлар менеджмент қызметін мұқият қадағалап отырады. Директорлар кеңесінің жұмыс барысы тұтастай алғанда нәтижелі; тәуелсіз директорлар комитет жұмысына белсенді түрде қатысады. ҚМГ ҰК ҚЕХС бойынша жылдық қаржылық есептіліктің аудитін жариялайды және веб-сайтта негізгі ақпараттарды беріп тұрады.

Аудит үдерісінің біршама тиімді жақтары бар; компанияда тәуекелдерді басқаруға кешенді түрде қарау көзқарасы қалыптасқан. Кемшіліктері. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚМГ ҰК-ге тек коммерциялық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік міндеттер де жүктейді, бірақ та компанияның әлеуметтік міндеттемелері нақты айқындалмаған. ҚМГ ҰК тек демеушілік көмек көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік жобаларды инвестициялауға да міндетті, сонымен қатар балансында профильді емес активтері бар. Тәуелсіз директорлардың мұндай бастамаларды шектеулеріне әрқашан мүмкіндігі бола бермейді.

Менеджментті марапаттау саясатында және ақпараттарды ашу тәжірибесінде бірқатар кемшіліктер кездеседі. Қаржылық есептілікті жариялау мерзімі біркелкі бағаланады.

Рейтингтің қысқаша негіздемесі

Standard & Poor’s рейтингтерді корпоративтік басқару қызметі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына 100% қарайтын біріккен мұнай-газ компаниясы –«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» (ҚМГ ҰК) GAMMA-5 АҚ деңгейіндегі GAMMA (Корпоративтік басқаруды, есеп берушілікті және менеджментті талдау және бағалау) рейтингін берді.

ҚМГ ҰК бас кеңсесі Астанада орналасқан, компания көптеген операциялық компаниялардың акция пакеттерін иемденген негізгі холдинг болып табылады. ҚМГ ҰК еншілес компаниялары арқылы Қазақстандағы (құрлық және қайраңда) мұнай және газды барлау мен өндіруге қатысады. ҚМГ ҰК-нің өндірілген өнімді бөлумен айналысатын «ТеңізШеврОйл» (20%) және Қашаған (16,81%) сияқты қазақстандық ірі консорциумдардың жобаларында өз үлесі бар. Одан басқа ҚМГ ҰК қазақстандық мұнай-газ құбырлары, мұнай өңдеу зауыттарының операторы және Қазақстандағы, сонымен бірге Еуропа Одағының бірнеше елдері мен Түркиядағы (Rompetrol румыния еншілес компаниясы арқылы) жанар-жағар май бекеттері желісінің иесі болып табылады. Сонымен қатар ҚМГ ҰК мұнай-химия саласындағы біршама жобалар және маманданған әуе компаниясы кіретін бірнеше сервистік компаниялардың операторы болып табылады. 2008 жылы ҚМГ ҰК тобының өнім өндіру көлемі 18 млн. т мұнай және 3,8 млрд.текше м.газды (шоғырланған мәліметтер) құраса, дәлелденген қордың шоғырланған жиынтық көлемі 701 млн. т мұнай мен 69 млрд. текше. м газды құрады. 2008 жылы ҚМГ ҰК-нің шоғырланған түсімі 21,1 млрд.АҚШ долл. құраса, таза пайдасы — 3,2 млрд.АҚШ долл. болды. ( 2009 ж.1-жарты жылдығында — 4,9 млрд.АҚШ долл. және 708,3 млн.АҚШ долл.сәйкес келеді).

Тиімді жақтары

Директорлар кеңесі тұтастай алғанда тиімді жұмыс істейді. Акционерлік қоғам өкілдері мен тәуелсіз директорлар – жоғары білікке ие және өз салалары бойынша мол тәжірибелері бар мамандар. Олар менеджмент қызметін мұқият қадағалап отырады; шешімдер бәтуаластықпен қабылданады. Компанияда комитеттердің тиімді құрылымы жұмыс істейді, тәуелсіз директорлар комитетте жетекші рөл атқарады.

ҚЕХС бойынша ҚМГ ҰК жылдық есебінің аудитін халықаралық Ernst & Young аудиторлық компаниясы жүргізеді. Комитеттің көптеген мүшелері аудит бойынша тәуелсіз директорлар болып табылады; комитет белсенді түрде жұмыс істейді. Ішкі аудит және тәуекелдерді басқару рәсімдері жетілдірілуде. ҚМГ ҰК Қазақстанның көптеген мемлекеттік компанияларын басқаратын «Самұрық-Қазына» холдингінің аса бағалы активі болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Холдинг өздері бақылайтын компанияларда корпоративтік басқару деңгейін жоғарылату жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізеді, соның ішінде тәуелсіз директорларды әлемдік деңгейде тағайындау жолымен тәуекелдерді басқару барысы мен айқындылығын ынталандырып отырады.

Үкімет ҚМГ ҰК-ге барлық қазақстандық мұнай-газ активтеріне қол жеткізуге айрықша құқық және жаңа кен орындарын игеруге лицензиялар береді.

Кемшіліктері

Қазақстан Үкіметі ҚМГ ҰК-ге ұлттық маңызы бар жобаларды қаржыландыруға ресурстар бере алады, бірақ ол, мысалы, мұнай-химия саласындағы жобаларға немесе шетелдердегі инвестициялар сияқты компания қызметінің профильді бағытына сәйкес келмеуі мүмкін. Тәуелсіз директорлар Директорлар кеңесінде аз дауысқа ие, сондықтан олардың мұндай бастамаларды шектеуге мүмкіндіктері бола бермейді.

ҚМГ ҰК қолжетімді бағамен ішкі нарыққа мұнай өнімдерін жеткізуді қамтамасыз ету сияқты мемлекет саясатының құралы ретіндегі рөлді де атқарып отырады. Компания қызметі қазақстандық мұнай өңдеу секторында әлеуметтік басым бағытқа ие. ҚМГ ҰК стратегиялық үдеріс пен менеджментті марапаттау саясатын анықтауда толықтай тәуелсіз емес.

ҚМГ ҰК өндірістік активтерінің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі холдингтік компания болып табылады. Бөлімшенің дәстүрлі құрылымы енді ғана қалыптаса бастады. ҚМГ ҰК-ге тиімді бақылауға кедергі келтіруі және топтың Директорлар кеңесінің ықпалын шектеуі мүмкін айтарлықтай профильді емес активтер жатады. Ақпараттарды ашу тәжірибесінде бірқатар кемшіліктер кездеседі; қаржылық есептілікті жариялау мерзімі біркелкі бағаланады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014