Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Әлеуметтік жауапкершілік

«...«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы жұмыстың бірінші күнінен бастап-ақ, тек өндіріс көрсеткіштерін биікке жетілдіруге ғана ұмтылған жоқ. Ол жұмыстарын барынша нәтижелі ұйымдастыруға, сапалы актив жүйелерінің болуына, мұнай бизнесін басқаруда әлемдік тәжірибелерді қолдануға, бірлескен басқаруға және кадр әлеуетінің дамуына да баса назар аударып келеді.

Аз уақыт ішінде компания маңызды табыстарға қол жеткізді. Бар ресурстардың базасында оңтайлы өндірістік түзілім жолға қойылды, жоспарлаудың іс жүзіндегі жүйелері енгізілді, мұнай-газ саласы үшін ғана емес, еліміздің экономикасы үшін де үлкен маңызы бар жеке және бірлескен жобалар әзірленіп, табысты іске асырылуда. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің тұрақты даму серпінін сақтап келеді, қорды көбейтуде және жалпы республикалық мұнай өндіруде өзіне тиесілі үлесті ұлғайту үстінде.

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық қомпаниясы басшылығы мен ұжымының арқасында отандық мұнай газ индустриясының жетекші, жүйеқұраушы кәсіпорны болып отыр. Сонымен қатар, компания әлемдік энергия тасымалдау нарығында өз орнын тауып, Қазақстан Республикасының мүддесін лайықты түрде көрсете отырып, өзінің жауапты серіктес ретіндегі беделін мойындата алды.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» бұл – біздің қоғамның дамуына ерекше үлес қосатын әлеуметтік-жауапты компания. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бірқатар әлеуметтік бағдарламалар әзірленіп, іске асырылуда. Олар еңбекті қаржылай ынталандыруға, жас мамандардың кәсіби өсуіне, мүгедектер және ардагерлерге қамқорлық жасауға, сондай-ақ өндірістік қызметке тікелей қатысы жоқ басқа да әлеуметтік салаларға қолдау жасауға бағытталған.

Бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ осы бағыттағы өз ұстанымын ары қарай нығайтатынына ешкім күмәнданбайды, барлық қазақстандықтар үшін барынша пайда әкелуге ұмтыла отырып, өз істерінде алғашқы қазақстандық мұнай кәсіпкерлерінің ата дәстүріне сүйенеді...»

Компания әлеуметтік жауапкершілікті қоғамның әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларда дамуына бизнестің қосқан ерікті үлесі деп қабылдайды.

Компания үшін бизнестегі әлеуметтік аспект іскерлік бедел көрсеткіші ретіндегі мәнге ие және:

  • мемлекетпен, акционерлермен, қызметкерлермен, тұтынушылармен және серіктестермен – тиімді және теңдестірілген қарым-қатынас орнатуға;
  • қоғамды жан-жақты дамыту (өндірістің мәдениетін, білім және денсаулық деңгейін арттыру, жаңа шыққан өнімдерді игеру және жаңа қызмет түрлерінің дамуына мүмкіншілік жасау, өмір сүру сапасын жақсарту) арқылы бизнесті қарышты дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құралдардың бірі болып табылады.

Спорт - ұлт денсаулығының кепелі


Жетім көрсен, жебей жүр!


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014