Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Балаларға арналған байқаулар мен демалыс

2G966833.jpg«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талантты және дарынды балаларды, сондай-ақ мүгедек балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған жетім балаларды қолдауға ерекше көңіл бөледі.

Жыл сайын жазда «Сұңқар» сауықтыру кешенінде (Ақмола облысының Зеренді ауданы) ата-аналары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ҚМГ компаниялар тобының өндірістік бөлімшелерінде, соның ішінде «Атырау МӨЗ» ЖШС, «ЕмбімұнайГаз» ӨФ және «БӨ «ҚазМұнайГаз» АҚ «Өзенмунайгаз» ӨФ еңбек ететін 7 мен 14 жас аралығындағы 1700 бала дем алады. Балаларды лагерьге әкелу үшін Ақтау-Атырау-Астана маршруты бойынша арнайы чартерлік рейс ұйымдастырылады.

Жазғы демалыс кезінде балаларға барлық жағдай жасалған. Балалар жайлы бөлмелерде тұрады, төрт рет дұрыс тамақтанады, тәулік бойы медициналық бақылауда болады. Олардың демалыстарын көңілді өткізуі үшін бассейн, спорт алаңдары жұмыс істейді, әртүрлі танымдық және көңіл көтеру шаралары өткізіледі.

Балалардың «Сұңкар» сауықтыру кешенінде болуының негізгі мақсаты – спортпен шұғылданып, көңілді демалуының нәтижесінде олардың денсаулықтарын нығайту және жеткіншектердің қоршаған ортаны тануы мен зерттеуіне жағдай жасау. Ұстаздар балаларды Отан сүйгіштік, патриоттық сезімге баулып, аға буынды құрметтеуге тәрбиелеу бойынша ауқымды тәрбиелік жұмыстар жүргізеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар шеңберінде асфальтта салынған балалар суреттерінің байқауын өткізді. Бұл шараға «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы қызметкерлерінің балаларының 30-дан астамы қатысты.

Балалардың қиялы ұшқыр, ал бұл байқаудың мақсаты ең таңдаулысын анықтау емес, біздерге және күллі әлемге балалар көзімен қарау. Жас суретшілер өздерінің шексіз әрі жарқын қиялдарын 1 сағат бойы түрлі түсті борлармен әрледі. Бұл уақыт өтісімен сұр асфальттің беті кемпірқосақтың барлық түстеріне боялып, әр түрлі тақырыпқа салынған түрлі түсті суреттер тамашалаушылардың санын арттыра түсті.

Байқау аяқталысымен барлық қатысушылар ұйымдастырушылардан есте қаларлық сыйлықтар алды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру», «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг», «Интергаз Центральная Азия», «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК сияқты тағы басқа оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері Наурыз мейрамын бірге тойлайды.

Жер мен күн теңеліп, Жер-ана алты ай қыстан шығып, мұз құрсаудан босанып, жаңарып түлей бастады. Бұл елімізге әз Наурыз келіп жетті деген сөз. Әз Наурыз. Ұлыс Наурыз. Той Наурыз. Думан Наурыз. Биылғы Наурыз - ерекше Наурыз, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы. 20 жыл ішінде ауыз толтырып айтатындай істеріміз көп.

Сахнада грузин жігіттері аса бір серпіліспен лезгинка билеп жүр. Ұлттық киім киген орыс арулары мерекеге келгендерге өздері дайындаған ыстық құймақтарын ұсынуда. Дәу қазандарда нағыз өзбек палауының буы бұрқырап тұр. Кең жайылған дастархандар әртүрлі ұлт тағамдарына толы. Ал корейдің ұлттық киімін киген әсем қыздар бұрышталған қышқыл ұлттық тағамдарды қонақтардың алдына жайып салуда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы және оның еншілес кәсіпорындары - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «ҚазТрансОйл», «ҚазТрансГаз», «ҚазМұнайГаз қайта өңдеу және маркетинг», «Интергаз Орталық Азия», «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК қызметкерлері әз Наурызды осылайша шат-шадыман атап өтті. Жас пен кәрі, түрлі ұлттың өкілдері Наурыз мерекесінен өз өнерлерін аяп қалған жоқ. Мұнда немерелерін жетелеп алған шапан киген ақсақалдар да, кимешек киген әжелер көп болды. Ұлттық қамзол, кәжекей киген, күміс алқа тағынған, шашбаулы, сәукелелі қыз-келіншектер мен қызыл-ала киінген қыз-бозбалалардың көңіл-күйлері тіпті көтеріңкі Ал балалар ойынға тоймады.

Бүгінде Наурыз мейрамы барша қазақстандықтар асыға күтетін Ұлы мерекеге айналды. Наурыз тойы молшылықпен тойланса жыл ырысты болмақ. Сол себепті Қазақстанды мекендейтін барлық 130 ұлттың өкілдері үшін бұл мейрам ерекше қымбат. Елімізді мекендейтін қазақ, орыс, поляк, неміс, украин, корей, тағы да басқа ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бұл мейрамның мағынасын, мәнін, дәрежесі мен тарихын ұғына бастады. Өйткені осынау ұлы мейрамды атап өтуге тәуелсіздіктің арқасында ғана қол жеткіздік. Сондыөтан Наурызды қарсы алу, тойлау жаңаша ізденісті талап етеді.

...Ортада нағыз қазақ ауылы орын тепкен. Қазан-қазан наурыз көже, қазан-қазан бауырсақ, қазан-қазан ет пісіп жатыр. Әсем өрнектелген киіз үйлердің иелері барша жұртты дәм татуға шақыруда.

Той болған соң әзіл-қалжыңы бірге жүрмей ме? Грузия елінің әдет-ғұрпын көрсеткен ҚМГ ҰК командасы ұтқыр әзіл, құйқылжыған әндерінің арқасында бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды «Интергаз Орталық Азия» командасы иеленді. Олар өзбек халқының мәдениеті мен дәстүрлерін көрсетті. Үшінші орын корей халқының мәдениеті мен дәстүрлерін паш еткен «ҚазМұнайТеңіз» ТҰК командасына берілді. Гран–При және халықтар ынтымақтастығы Кубогын «Интергаз Орталық Азия» командасы жеңіп алды.

- Біздің дәстүрлі мерекелік байқауымыздың негізі ретінде халықтар достығы тақырыбы тегіннен тегін алынған жоқ, деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бизнесті қолдау бас менеджері Серікбек Елшибеков, - өйткені біздің компанияда әр ұлттың өкілдері еңбек етеді, біз компаниямызда ерекше корпоративті рух орната білгенімізге мақтанамыз. Сол себепті де біздің ұжымда әрбір қызметкер өзін үлкен тату-тәтті отбасының бір мүшесіндей сезінеді.

«Наурыз мерекесін құттықтау» конкурсында ең әсем киіз үй таңдап алынды. Арнайы әділ қазылар алқасы тек ұлттық киімдерге көңіл аударып қана қоймай, қызметкерлердің беташар, бата беру, тұсау кесер, тағы да басқа ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жетік білуіне ерекше назар аударды.

Біздің компанияда Наурыз мерекесі ешқашан спорт жарысынсыз өткен емес. Ежелден бұл күні жігіттер өздерінің батылдығы мен батырлығын паш етеді.

Байқау бағдарламасына қатысқандардың барлығы арнайы жүлделерге ие болды. Ең негізгісі ҚМГ-нің үлкен ұжымы үйлеріне жақсы көңіл күймен оралды. Олардың жайдары жүздері мен шат күлкісі көктемнің шуағымен нұрланып тұрды.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014