Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Біз көмек көрсеткен жобалар:

  • «Творческая педагогика» қоғамдық қорына «Интеллектуалды олимпиадалар» атты қазақстандық телевизиялық жобаны - дарынды қазақстандық жастарды (мектеп оқушылары, студенттер, жас интеллигенция) іздеу және қолдау, сондай-ақ олардың рухани әлеуетін дамытуға бағытталған білім беру жобасын іске асыру үшін көмек көрсеттік. Айта кету керек, 2002 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» бұл жобаның бас демеушісі болып табылады.
  • "SOS Балалар ауылы" Қоры өз қамқорлықтарындағы және SOS бағдарламалар бойынша балаларға қолдау көрсету үшін
  • «Светоч» отбасын және отбасындағы қатынастарды дамытудың қайырымдылық орталығы» қоғамдық қорына «Светоч» жетім сәбилер баспанасын толық қамтамасыз етіп, ұстау үшін көмек көрсетілді. ҚМГ 10 жылдан астам уақыт бойына ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға жүйелі түрде көмек көрсетіп келеді.
  • IV Астаналық экономикалық форумды өткізуге «Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы» ЗТБ;
  • «Қазақстандық бокс федерациясы» түріндегі қауымдастық Алматы қаласында жарғылық қызметке Бокс Академиясын құру және тиімді жаттықтыру мен жарыс үдерістерін қамтамасыз ету үшін;
  • «Мұнайшы» ҚҚ жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін және мұнай-газ саласының ардагерлеріне әлеуметтік қолдау және материалдық көмек көрсету үшін, Дэниел Ергиннің орыс тіліндегі «Добыча: Всемирная история борьбы за нефть, деньги и власть» кітабын тарату үшін және мұнай-газ саласының тарихы туралы деректі бейнероликтер топтамасын жасау үшін;
  • "Қазақстан театр қайраткерлері одағы» ӨҚБ «ЕҢЛІКГҮЛ» сыйлығымен салтанатты марапаттауды өткізу үшін;
  • "Дзюдо Федерациясы" ӨҚБ жарғылық қызметті іске асыру және тиімді жаттықтыру мен жарыс үдерістерін қамтамасыз ету үшін;
  • "Табиғат" Қазақстан қауымдастықтары және кәсіпорындарының экологиялық одағы» ЖК Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Хан Тәңірінің шыңына шығу туралы фильм жасау үшін;
  • "Шарапат" әлеуметтік ізгілік қоры» ЗТБ Астана қаласында әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін
  • "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы (республикалық дәрежесі)" ҚБ ардагерлерге материалдық көмек көрсету және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар өткізу үшін;
  • ««Көмек» «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі жанындағы ардагерлер кеңесі» ҚБ Ардагерлер кеңесі қызметін қолдау үшін және қайырымдылық іс-шараларын өткізу үшін;
  • «Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы» ҚБ Астаналық қалалық филиалы ардагерлерге материалдық көмек көрсету және соғысқа қатысқан ардагерлердің пәтерлерін жөндеу үшін;
  • Батыс Қазақстан облысының әкімдігі. "Мобилдік дайындық, азаматтық қорғаныс, Батыс Қазақстан облысындағы апаттарды алдын ала ескерту және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасы" ММ Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін (барлығы 52,5 млн. теңге аударылды, соның ішінде «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ компания топтары қызметкерлерінің өз еркімен - 37,5 млн. теңге жәрдем көрсетілді) және Батыс Қазақстан облысының зардап шеккен халқының тұрғын үйлерінің жобасын іске асыру үшін (барлығы 3,9 млрд. теңге аударылды);
  • "Альтаир" ҚҚ қазақ, ағылшын және орыс тілдерін меңгеру бойынша анимациялық бейнефильмінің жобасын іске асыру үшін;
  • «Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің Қоры» ҚҚ «Хэйлибери Астана» серіктестік британдық мектебін салу жобасын іске асыру үшін;
  • Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған 6 жобаны іске асыру үшін "Қазақстан жастар Конгрессі" қауымдастығы түріндегі ЗТБ маңызды іс-шаралар өткізуге және жастар саясатын жандандыру үшін;
  • «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті» ЖМ «Адамзат ресурстарын басқару: HR-дегі инновациялар» VI халықаралық конференциясын өткізу үшін және Парламент депутаттары,Үкімет және мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және холдингтердің қатысуымен «Еңбек нарығы және техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту болашағы» атты республикалық конференцияны өткізу үшін;
  • "Рейтинг" ҚҚ Доссордың 100 жылдығына, Өзен мен Жетібайдың 50 жылдығына, Құмкөлдің 25 жылдығына арналған "Мәдени мұра - Культурное наследие" журналының арнайы нөмірін тарату үшін;
  • "Гемобластозбен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» ӨҚБ Алматы қаласында 3-ші қайырымдылық балын өткізу үшін
  • "Абай" қоры мәдени-бұқаралық шараларын өткізу және "На просторах трех гигантов" және "Воспоминания" атты кітаптарды шығару үшін;
  • "Жаңа Жігер" ҚБ ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған "Мөлдір махаббат" мюзиклін қою үшін;
  • "Қазақстан футбол федерациясы" Қауымдастығы» ЗТБ футбол бойынша Қазақстан құрама командаларының дайындығын өткізу үшін және Астанада ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «ҚазМұнайГаз» Кубогына шағын футболдан балалар-жасөспірімдер арасындағы турнирді өткізу үшін;
  • "Павлодар – біздің ортақ үйіміз " ҚБ Павлодар қаласындағы спорт кешенін салу үшін;
  • "Жастар Калауы" жастар бастамасын қолдау қоғамдық қоры Франциядағы «Париж ритмдері» және Испаниядағы «Теңіз, күн, фестиваль» хореография өнерінің байқауына «Тұмар» хореографиялық ансамблін қатыстыру үшін
  • «Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ Астана қаласындағы Көктал-1 поселкесіндегі спорт алаңы кешенінің жобасын іске асыру үшін және «Спортландия 2011» спорттық-бұқаралық шараларын іске асыру үшін;
  • «Қазақстан Ресубликасы теннис федерациясы» ұлттық теннисті дамыту үшін;
  • «Қазақстан Ресубликасы Ұлттық Гольф Федерациясы» ӨҚБ
  • «Nurtau» Гольф Клубында 2011 жылғы 8-11 қыркүйекте кәсіпқойлар арасындағы гольф бойынша «Kazakhstan Open 2011» VII халықаралық турнирін өткізу үшін;
  • "KAZЕNERGY" ҚҚ «Сафи Өтебаев атындағы стипендия» білім беру жобасы» әлеуметтік маңызды жобаларын іске асыру үшін, « «Қалам қуаты» журналистік шеберлік байқауы және «Химия бойынша ашық сабақтар өткізу және Астана қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінің химия кабинетін жабдықтау», KAZENERGY стипендиаттарының Слетін өткізу бойынша шығыстарды өтеу;
  • "Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығы" ҚБ Ресей Федерациясы Астрахань облысында белгілі қазақ ханы Бөкейхан және оның зайыбының мемориалдық кешенінің ғимаратын ұйымдастыру үшін, мавзолей аумағына іргелес абаттандыру жұмыстарын жүргізу (шектеу орнату, ішкі жинақылықты құру) және жүргізілген жұмыс туралы бейнефильм түсірілімдерін ұйымдастыру.

Бірыңғай әмбебап спорт алаңдарын салудың бағдарламасы

Бірнеше жылдардан бері мемлекеттік әуеской бокс федерациясына, велосипед спортына демеушілік көмек көрсетіліп келе жатыр. Дэвис кубогы, АТР И ITF, Хопман Кап Азия Чемпионаты және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Кубогы үшін Челленджер АТР топтамалар турнирі сияқты үлкен теннистен ірі республикалық және халықаралық турнирлер өткізуге жыл сайын қаражат жұмсалады.

Үкіметтің «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыру үшін компания қызметшілер арасында спорт жарыстарын өткізеді. Спорттың бұқаралық түрімен айналысу үшін жағдай жасау, сондай-ақ саламатты өмір салтын насихаттауға және балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға, сонымен қатар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанда бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бастамасын іске асыру мақсатында қазіргі кезде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Бірыңғай әмбебап спорт алаңдарын салудың бағдарламасын іске асыруда.

Бұқаралық балалар спортын дамыту – еліміздің спортта жоғары жетістіктерге жетуінің кепілі, сондықтан «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының еліміздегі спорттың дамуына қосатын үлесі зор.

Бұл Қазақстандағы спорт ғимараттарының құрылысы саласындағы алдыңғы қатарлы стандарттарға сай спорт алаңы. Қазақстанда екі жылда 50 спорт нысаны салынады.

Бұл Қазақстандағы спорт ғимараттарын салу саласындағы алдыңғы қатарлы стандарттарға жауап беретін осындай деңгейдегі алғашқы көпмақсатты спорт алаңы. 1 қыркүйекке дейін Астана қаласында мұндай он алаң, ал Қазақстан бойынша 2 жыл ішінде 50 спорт алаңдарын салынатын болады.

Алаңның жан-жақты құрылысы, жарақатқа қарсы және аязға төзімді жамылғы дене шынықтырумен және спортпен барынша ыңғайлы жағдайда шұғылдануға, мини-футбол, волейбол, баскетбол, теннис және спорт ойындарының басқа түрімен, ал қыс кезінде хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан сайыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

Спорт алаңының құрылысына қолданылған материалдар мен технологиялар экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да ережелер мен талаптарға сай келеді және де спорттық жамылғыны кәсіби түрде орнату көзделіп отыр. Футбол алаңындағы жасанды көгал FIFA және UEFA-да сертификатталып, аттестациялаудан өткен, ал теннис алаңының синтетикалық жамылғысының материалы Уимболдондағы жаттығу корттарында пайдаланылады.

Бұдан басқа бұл жамылғылар ыстыққа да, суыққа да төзімді, бұл қысты күні қатты суық болатын Астана сияқты қалаларда оларды қолдануға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әрбір спорт алаңы жарық беретін құралдармен жарақтандырылады, сондықтан спортпен кез келген уақытта айналысуға болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 50 бірыңғай көпфункционалды спорт алаңдарын салу бағдарламасы 2010-2011 жылдарға арналған.


Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының «Интеллектуалды олимпиадалар» атты қазақстандық телевизиялық жобаның бас демеушісі

banner_IQ.jpg« Интеллектуалды олимпиадалар»- әр түрлі тақырыптардағы логикалық тапсырмаларды командамен шешуге бағдарланған қазақстандық білім беру жобасы. Ойындар үш лига бойынша өткізіледі: халықаралық, студенттік және мектеп олимпиадасы. Командалар үш ойыншыдан тұрады (оқушылардан, студенттерден, магистранттардан).

«Интеллектуалды олимпиадалар» - белгілі халықаралық телебағдарламалар конкурстарының бірнеше дүркін жеңімпазы және лауреаты боған қазақстандық жалғыз тележоба.

Тележобаның творчестволық тобы 2002 жылдан 2010 жылдың сәуір айына дейін 345 телебағдарлама түсірді; интеллектуалды турнирлерде пайдаланылған сұрақтар мен жауаптардың жеті жинағын, «Интеллектуалды олимпиадалар» интерактивті ойынының CD және DVD-дискілерінде екі версиясын шығарды.

«Интеллектуалды олимпиадалар» - әлемді мойындатқан қазақстандық жалғыз тележоба.

2002-2007 жылдардағы мерзім тележобаларына Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Турция, Болгария және Үнді елдерінің жоғары оқу орындары студенттерінің командалары қатысты.

2008 жылғы қыркүйекте «IQ-games» І халықаралық фестивальдің бағдарламасы көрсетілді, оған қазақстандық студенттен, сондай-ақ Ресей, Франция, Жапон, Үнді, Палестина, Иран және Пәкістан студенттері қатысты.

2009 жылы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы білім беру қорының кубогы үшін І континентаралық турнирдің ойындары болып өтті, онда қазақстандық студенттермен қатар Роберт Шуман атындағы Страсбург университетінің (Страсбург қаласы, Франция), Оңтүстік Королина университетінің (Колумбия қаласы, АҚШ) және Эссек университетінің (Колчестер қаласы, Ұлыбритания) студенттік командалары сайысқа түсті.

2009 жылғы желтоқсанда Турция, Үндістан, Пәкістан; ТМД және Қазақстан студенттері кездескен «IQ-games» ІІ халықаралық фестивальдің бағдарламасы көрсетілді.

2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуіне арналған Еуропа чемпионатының 18 телебағдарламасы көрсетілетін болады. Бұл бағдарламаларға Қазақстан, Литва, Турция, Ұлыбритания, Ирландия, Италия және басқа да еуропа елдерінің жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

2011 жылы тележобаның жоспарында ХІІ Қысқы Азиада ойындарына арналған интеллектуалды көп сатылы жарыс бойынша Ашық Азия Чемпионаты тұр, онда Азия, Африка және Австралия университеттерінің студенттері сайысқа түседі.

Халықаралық сапарлар кезінде жобаның творчестволық тобы ресми тұлғалармен – еуропалық астаналардың мэрлерімен, білім және мәдениет министрлерімен, сондай-ақ қарасы алушы тараптың БАҚ – ұлттық телеарналар, радио, газеттер өкілдерімен кездесулер өткізеді. Барлық іс-шараларда тележобаның творчестволық тобы Қазақстан Республикасын осы замандық, тұрақты және тез дамып келе жатқан мемлекет, дипломаттық және мәдени байланыстар үшін сенімді серіктес ретінде көрсетеді.

Қазіргі кезеңде Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының «Интеллектуалды олимпиадалар» атты қазақстандық телевизиялық жобаны іске асыруға ерекше құқыққа ие «МТМ» продюссерлік орталығы; бағдарлама аптасына екі рет эфирінде шығатын «Қазақстан» телеарнасы тартылды.


Қазақстан Республикасының Қазақстан теннис федерациясының бас демеушісі

tennis.jpg2008 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының теннис федерациясы Халықаралық теннис федерациясы әзірлеген республикада теннисті дамыту және дәріптеу жөніндегі бес жылдық бағдарламаны ұсынды.

Сонымен, Қазақстанда кәсіби спортты, оның ішінде тікелей теннисті дамыту мен дәріптеу мақсатында ҚР теннис федерациясы «KAZAKHSTAN TEAM» - «СБОРНАЯ КАЗАХСТАНА» жобасын қолға алған болатын. Бұл жоба талантты қазақстандық спортшыларды қолдау қажеттілігінен туындады және оларды кәсіби турларға шығарып, Davis Cup және FedCup республикалық командаларына тарту көзделіп отыр.

Жобаның негізгі міндеті жас шамаларына қарай құрама команда қалыптастыру болып табылады. Жобаны әзірлеу барысында жас ерекшеліктеріне қарай 8 команда құру тиімді деп шешім қабылданды. Бұл 12 жасқа дейін, 14 жасқа дейін, 16 жасқа дейін және 16 жастан жоғары жастағы 6 спортшыдан тұратын еркектер және әйелдер командасы.

Әр команданың жеке жаттықтырушысы бар, сондай-ақ командалармен дене даярлығы бойынша жаттықтырушы айналысады. Қазақстан теннис федерациясы Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жалпы бағдарламасының шегінде бүгіндері республикада балалар теннисін дамытумен белсенді түрде айналысады.

ITF бастамасының мақсаты – жыл сайын тенниске әлем бойынша 350 мың баланы тарту. Қазақстан реннис федерациясы іске асырып жатқан көптеген жобалардың арасында мини теннис бойынша бағдарлама бар (мектеп теннис бастамасы), ол Қазақстанда 2008 жылы басталды. Біздің қоғамда тенниске деген қызығушылықты арттыру осы бағдарламаның басты мақсаты болып табылады. Бұл келешекте де тенниспен айналысқылары келетін балалар үшін дайындық кезеңі іспеттес.

Алматыда, Астанада, Таразда, Ақтөбеде, Өскеменде спорт кешендері пайдалануға берілді, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Ақтау және Атырау қалаларында жаңа базалардың құрылысы салынып жатыр. Қазақстанда жыл сайын Президент кубогы үшін АТР Челленджер серияларының халықаралық турнирлері өткізіліп тұрады, оның жүлде қоры 125 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық теннис тарихында бірінші рет біздің құраманың өкілі Ярослава Шведова «Ролан Гарростағы» Үлкен шлем турнирінің ¼ финалына өтті, сондай-ақ осы турнирдің микстегі финалына өте алды.

Тағы бір қол жеткізген үлкен жетістігіміз біздің ерлер құрамасының Кубок Дэвис турниріндегі әлемдік топтағы орын үшін сайыста плей-оффқа өтуі болды.


Қазақстан Республикасы Футбол Федерациясының бас демеушісі

KFF_Logo_Final9.jpg

Қазақстан Республикасының Футбол Федерациясы футбол, футзал, әйелдер, жағалау және балалар-жасөспірімдер футболы бойынша жарыстарды дамыту, дәріптеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Футбол Федерациясы футбол федерациялары мен облыстар және қалалардың қауымдастықтарын біріктіреді.

Президенті – Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы

1994 жылдан ФИФА мұшесі
2002 жылдан УЕФА мүшесі

Қазақ КСР Футбол федерациясы 1959 жылы құрылған..

Қазақстанда алғашқы футбол командалары Семей қаласында 1913 жылы пайда болды.
1999 жылы Қазақстанның жастар құрама командасы Нигерияда өткен әлемдік жастар чемпионатына қатысты.
2000 жылы Қазақстанның футзал бойыншаи ұлттық құрама командасы Гватемалада өткен әлем чемпионатына қатысты.
2008 жылы Қазақстанның жастар құрамасы Санкт-Петербург (Ресей) қаласында өткен Еуропа чемпионатының финалды турниріне қатысты.

«Қайрат» ФК – 1988 жылдан бастап КСРО Футбол Федерациясы Кубогының иегері.
«Ақтөбе» ФК – 2009 және 2010 жылдардағы ТМД мен Балтия елдері ынтымақтастығы чемпиондары кубогының финалисті.
«Тобол» ФК – 2007 жылғы УЕФА Интертото кубогының жеңімпазы.
«Қайрат» футзал клубы – УЕФА кубогының футзал бойынша үш мәрте жартылай финалисті: 2005/2006, 2007/2008 және 2008/2009 маусымдары.

1998 жылғы КСРО құрамасының құрамында қазақстандық футболдың тәрбиеленушісі Евгений Яровенко Олимпиадалық ойындардың чемпионы болды.

Қазақстанның үздік футболистері: Сейілда Байшақов, Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сергей Квочкин, Анатолий Ионкин, Евгений Яровенко, Евстафий Пехлеваниди.


Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының бас демеушісі

logo.jpg
Қазақстанда Дзюдо федерациясы 1973 жылы құрылған. Жаңа кезеңнің басталуы Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты. Біз алғаш рет өз елімізді ресми халықаралық жарыстарда өз алдына жеке Ұлттық құрама команда ретінде көрсетуге мүмкіндік алдық.

1993 жыл қазақстандық дзюдоның дамуында айрықша дата болып қалды. Алғаш рет Азия чемпионатына (Макао) қатысқан Ерлердің ұлттық командасы жалпыкомандалық 2-ші орынды иеленді, олар әлемнің ең мықты командаларының бірі – Жапон құрамасынан жеңіліп қалды.

1993-94 жылдары Ұлттық құрама командасының алты мүшесіне халықаралық санаттағы спорт шебері атағы берілді. 2004 жылы Алматыда бірінші рет Азия чемпионаты болып өтті. Азия континентінің дәстүрлі мықты шеберлерімен сайыста Қазақстан дзюдошылары тамаша жетістіктерге қол жеткізе алды. Асхат Житкеев (-100), Мұратбек Қыпшақбаев (66) және Донбай Базарбек (60) алтын медальды жеңіп алып, еліміздің қанжығасына бірден үш алтын салды.

Бүгін Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясы басшылығының басым міндеттерінің бірі халықаралық тәжірибеде қабылданғандай клубтық дзюдоны дамыту болып табылады. Алғашқы «қарлығаштары» - Алматыдағы «Лачин» және «Арлан» клубтары, Қарағандыдағы «Еңбек» және «Дзюдо Азия» клубтары. 2011 жылға дзюдо бойынша Қазақстанның алғашқы клубтық чемпионатын өткізу жоспарланып отыр.

Қазақстан Республикасының дзюдо федерациясы Бүкіләлемдік дзюдо федерациясымен (IJF) тығыз және жемісті байланыс орнатуда. Оның жетекшілері: президент Мариус Визор, спорттық комиссияның директоры Владимир Барта және рефери-директор Хуан Баркус, дзюдо әлеміндегі беделді адамдар ретінде, біздің атлеттердің әлемдік турнирлердегі нәтижелерін жоғары бағалады.

Қазақстан дзюдосының тарихында алғаш рет 2010 жылғы қыркүйек айында Алматыда Әлемнің біліктілік кубогын өткізуді жоспарлап отыр, бұл 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарға іріктеу кезеңдерінің бірі болмақ.

Қазақстан Республикасы дзюдо федерациясының стратегиялық міндеті – 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарда сәтті өнер көрсету және спорттың осы түрінен олимпиадалық медальдар жеңіп алу.


Қазақстандық бокс федерациясының бас демеушісі

b11_07.jpgҚазақстандық бокс федерациясы 1992 жылдан бастап АИБА-ның тең құқықты мүшесі болып табылады және әуесқой бокстан Азияның континеттік қауымдастығының құрамына кірді.

Жеке Қазақстан құрамасының Олимпиадалық ойындардағы дебюты 1996 жылы Атлантада болды. Турнир нәтижелері бойынша қазақстандық боксшылар бір алтын, бір күміс, және екі қола жүлдені иеленді. Ресми емес жалпыкомандалық есепте біздің команда құрметті үшінші орынға шықты, ұтып алған жүлделерінің саны бойынша АҚШ және Кубалық қарсыластарынан ғана жеңіліс тапты.

2008 жылы Бейжінде өткен олимпиадалық ойындарда 69 келі салмақта Бахыт Сәрсекбаев алтын жүлдені иеленсе, Еркебұлан Шыналиев 81 келі салмақта қола жүлдегер болды.

Қазақстанның бокс федерациясы 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиадалық ойындарда абыроймен өнер көрсетуді өздерінің мақсаты етіп отыр.


«АСТАНА» ватерпол клубы» ҚБ бас демеушісі

astana.jpgБиылғы жылы 27 шілдеден 7 тамызға дейін Гетеборг қаласында (Швеция) су спорты түрлерінен ардагерлер арасында әлем чемпионаты болады.

Чемпионатқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының «Астана» ватерпол клубы» ардагерлер командасы да өтініш берді. Қазақстан Республикасы су полосының ардагерлер командасы соңғы он бір жыл бойына ел намысын қорғап келеді, Орталық Азия мемлекеттері арасындағы спорттың осы түрі бойынша жалғыз команда. 2009 жылы қазақстандық демеушілердің қолдауымен Сидней (Австралия) қаласында ардагерлер арасында олимпиада чемпионы атанды.

Команда 1995 жылы құрылған, 1996 жылдан бастап, демеушілік көмектің арқасында, Халықаралық спорт комитеті және су спорты түрлерінің Халықаралық федерациясы ұйымдастыратын әлемдік біріншіліктерге белсенді түрде қатысуда.

1996 жылы команда Ұлыбританияда (Шеффилд қаласы) су поло ардагерлері арасында өткен 6-шы әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдеге ие болды. Дайындықтың және команданың осы әлем чемпионатына қатысуының демеушісі «Российские международные авиалинии» (Аэрофлот) авиакомпаниясы болды.

1998 жылы Мароккода (Касабланка қаласы) су поло ардагерлері арасында өткен 7-ші әлем чемпионатына қатысып,онда да күміс жүлдені иеленді. Дайындықтың және команданың осы әлем чемпионатына қатысуының демеушісі тағы да «Российские международные авиалинии» (Аэрофлот) авиакомпаниясы болды.

2000 жылы Германияда өткен 8-ші әлем чемпионатында 24 қатысушы командалар арасында 6 орынға ие болды. Дайындықтың және команданың осы чемпионатқа қатысуына Алматы қалалық су каналы демеуші болды.

2002 жылы Жаңа Зеландияда өткен 9-шы әлем чемпионатына команда қажетті қаржының болмау салдарынан қатыса алмады.

2004 жылы Италияда (Сан-Марино қаласы) су полосынан 10-шы әлем чемпионатының, 35 жастан асқан санатында күміс жүлдені ұтып алды.

2006 жылы АҚШ-та (Сан-Франциско қаласы) өткен әлем чемпионатының 35 жастан жоғары санатында абсолютті чемпион атанды. Дайындықтың және команданың осы чемпионатқа қатысуының демеушісі «KEGOC» АҚ болды.

2008 жылы Австралида (Перт қаласы) өткен әлем чемпионатының 40 жастан жоғары санатында күміс жүлдегер болды. Демеуші ретінде жеке тұлғалар көмек көрсетті.

2009 жылы Сидней (Австралия) қаласында ардагерлер арасында олимпиада чемпионы атанды. Қазақстандық компаниялар демеушілік көрсетті.

Команда құрамында Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген 3 спорт шебері (Н. Меңдіғалиев, А. Оразалинов, С. Дроздов), 3 халықаралық спорт шебері, 10 спорт шебері ойнайды. Команда 80 жылдардың соңы – 90 жылдардың басындағы КСРО – ның су полосы чемпионаттары мен кубогының 3 мәрте күміс және 2 рет қола жүлдегері атанған және көп жылдар бойы КСРО – ның ең мықты командалар үштігіне енген әйгілі «Динамо – Алматы» су полосы командасында ойнаған спортшылардан құралған.

Ватерпол клубының ардагерлері әр жылдары олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында және универсиадаларда Ұлттық құрамда, ал 2000 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының құрамында Бангкоктағы(Таиланд) Азиялық чемпиондар Кубогының иегерлері болды.


Еуразиялық Медиа Форумның демеушісі

EAMF.jpgЕуразиялық Медиа Форум — бұл айрықша халықаралық медиа-бастама, оның мақсаты еуразиялық БАҚ кәсіби дамуын қолдау және Еуразиялық аймақты дамытудың ерекшеліктері туралы ақпаратты тарату. Еуразиялық-ақпараттық кеңістіктің жай-күйі және қазіргі заманғы медиа-шақырудың ықпалымен өзгеруі; аймақтық медиа-нарықтың жаңа жағдайларда дамуының өзекті мәселелерін талқылау; Еуразиялық континенттің ғаламдық даму процестеріндегі рөлі мен орны мәселелері бойынша диалогқа бастамашы болу және оны кеңейту.

Еуразиялық медиа форум аймақтағы саяси тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа мүмкіндіктерін іздестіруде қазіргі заманғы дамудағы әлемдік мәселелері бойынша саясаткерлер, журналистер мен сарапшылардың еркін және ашық сұхбатына жағдай жасайды.

2002-2008 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның жұмысына әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат қатысуы онда қаралатын саяси және медиа тақырыптар бойынша пікірталастың еуразиялық континентте өзара түсіністік пен өзара сенімді нығайтуға шын мәнінде ықпал ететіндігін көрсетеді.

Форумды өткізу идеясы бірқатар халықаралық ұйымдар мен жетекші медиа-құрылымдар тарапынан үлкен қолдауға ие болды. Олардың арасында «Хабар» агенттігі, Си-эн-эн, Североатлантический альянс, Associated Press Television News, Евразийский Дом, Кембриджского университеті Менеджмент институтының “Евразия” орталығы, Интернэшнл Геральд Трибьюн, Халықаралық баспасөз институты, Центр за глобальный мир, РИА «Новости», ИТАР-ТАСС, Германия-Қазақстан қоғамы, Британия-Қазақстан қоғамы, Институт Восток-Запад, Международная академия телевизионных искусств и наук (США), Қазақстандағы американдық сауда палатасы, Журналистік одақтардың халықаралық конфедерациясы, Қазіргі заманғы саясат халықаралық институты, Ресей және Қазақстан журналистерінің одағы, Қазақстанның телерадио арқылы хабар тарату қауымдастығы және тағы басқалар.


ІІІ Астана экономикалық форумның бас демеушісі

forum.jpgБиыл жыл сайынғы экономикалық форумы әлемнің 70 елінен астам саяси және іскер топтардың 3000-нан артық өкілін, сонымен қатар жетекші ғалымдарды, қоғам және бұқаралық құралдар өкілдерін жаһандық экономика дамуының түйінді мәселелерін талқылау үшін жинады.

Форум жұмысын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Форум қатысушыларына өз құттықтау сөзін БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун мырза жолдады. «Қазақстан Үкіметіне осы бастама үшін алғысымды білдіргім келеді. Астана экономикалық форумы жоғары деңгейлі саясаткерлерді, жаһандық көшбасшыларды, талдаушыларды түйінді экономикалық пен саяси мәселелерді талқылау және халықаралық экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша тәжірибелі қадамдар жасау үшін біріктіреді» - БҰҰ Бас хатшысының жолдауынан.

Форум кезінде 17 отырыс және сессия өткізілді, нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Форум аясында Еуропа Инвестициялық Банкімен Қазақстан аумағында 1,5 млрд. евро сомасында инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі келісімге қол жеткізілді.

Сондай-ақ Форум кезінде 20-дан астам ірі қазақстандық инновациялық зерттемелер және 50-ден астам Қазақстанның инвестициялық жобалары ұсынылды. Электрондық үстел арқылы Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриализация картасы және инвестициялық үрдістерді басқарудың ақпараттық жүйесі базасында 2015 жылға дейін Қазақстан Республикасының өндірістік қуаттылықтарын тиімді орналастыру сызбасы ұсынылды, елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістер жедел мониторингінің жүйесі таныстырылды.


Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының (БРМФ) бас демеушісі

vfdk.JPG2010 жылы 18-20 қазанда Астана қаласында өтетін Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумының (БРМФ)бас демеушісі.

Бұл форумда осы заман алдында тұрған басыбайлы мәселелер жайлы және де адамзат өркениетіндегі дағдарыстар жүйесі төңірегіндегі ойлар ортаға салынып, олардың шешімі тек рухани және мәдени құндылықтардың мәртебесін жоғарлату мақсатында өрбиді.

әлемге әйгілі ғалымдар мен діни қызметкерлер, саясат және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер майталмандары, әр елдің рухани көсемдері мен төртінші билік иелері – бәрі осы форумда бас қосып, көкейде жүрген ойларын ортаға салады.

Бүгінгі таңда, адамзат өркениеті рухани-адамгершілік дағдарысына белшесіне дейін батып отырғаны шындық. Бұндай жағдайда, адамзат баласы оның одан әрі жалғасып жатуына жол беріп, қол қусырып отыруын − дұрыс емес әрекет екенін түсінуі қажет. Осы тұрғыда, жекелеген елдердің бірінші орынға жеке өз мүдделерін қойып, өзімшіл қөзқарастарын алға тартуы − әлем өркениетін, сөзсіз үлкен апаттарға сүйрелеп жатқаны анық. Әлемдік қауымдастық, шегеріп қоюды күте алмайтын осы мәселелерді көріп, әжептәуір алаңдаушылық білдіріп отыр.

БРМФ ұйымдастырушылары − Халықаралық ассоциация «Мир через культуру», Халықаралық қоғамдық қор «Рухани Келісім Конгрессі», және басқада Қазақстанның, Ресейдің және Еуропаның ұйымдары. Бұлардың ұсыныстары тікелей Президент Н.А.Назарбаевпен қолдау, Парламент және Үкімет тарапынан қолдауға ие болды.


Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің және Азия- Тынық мұхит өңіріндегі елдердің (MCED-6) дамуы жөніндегі VI конференцияның серіктесі (27 қыркүйек – 2 қазан, Астана қ.)

logo_mced.jpgҚоршаған ортаны қорғау министрлерінің және Азия- Тынық мұхит өңіріндегі елдердің (MCED-6) дамуы жөніндегі VI конференция –бұл Қазақстан үшін маңызды оқиға. MCED 1985 жылдан бастап 5 жылда бір рет өткізіледі, ұйымдастырушысы БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Бұл - бүкіл өңірдегі саясаткерлер, ғылыми және істер топтар, азаматтық сектор арасындағы ой-пікір және тәжірибе алмасудың бірегей форумы.

Азия-Тынық мұхит өңірінде әлемдегі ең жоғары экономикалық өсу қарқыны байқалады. Алайда, бұл жедел экономикалық өсім өңірдің экологиялық жүйесінің қуатты көлеміне қысым түсіреді. Өңірдің міндеті - даму мақсатына қол жеткізу үшін қажетті экономикалық өсіммен қамтамасыз ету.

Табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және әлеуметтік қорғау мәселелері қазір өте өзекті болып табылады. Жағдай жаңа қауіп-қатерлердің және белгісіздіктердің пайда болуымен, сонымен қатар тұтынушылық, энергетикалық және қаржылық, климаттың өзгеру қаупін қоса алғанда қиындайды. Өңір сол баяғы стихиялық апаттар салдарынан бұзылған қалпында, климаттың өзгеруі нәтижесінде олардың саны өсуі мүмкін. Осының бәрі- өңірдің соңғы он жылдықтарда қол жеткізген экономикалық өсімін бәсеңдететін және тіпті жоғалтуға қауіп төндіретін үлкен мәселе.

«Жақындағы Мексика құйылымындағы апат – бұл экономикалық өсу жолында экология және климат мәселелерін ескермейтін болсақ, бізді күтіп тұрған қайғылы жағдайларды ескерту. Әлем жаңа экологиялық қауіпсіз технологияларға, олармен жедел алмасуға және жаңартылған энергия көздерін кеңірек пайдалануға мұқтаж», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

MCED-6 мақсаты - тұрақты даму жолында жаңа саяси міндеттермен, кең түрде және белсенді талқылау көмегімен бағалаумен қамтамасыз ету, MCED-5 даму саласында және қорытындысында қол жеткізген жетістіктер мен бүгінгі күні халықаралық деңгейде келісілген мақсаттарды жүзеге асырудағы кемшіліктерді, экологиялық қауіпсіз өсім стратегиясын жасауды, артықшылықтар және сәйкес үкіметтік, үкіметтік емес ұйымдар мен басқа да серіктестер іске асыруға міндетті бірлескен іс-әрекеттерді анықтауды қатар көрсету болып табылады.

Тұрақты экономикалық өсім қағидаттарына сүйеніп, саясат саясаткелер,бизнес көшбасшылары және жалпы алғанда қоғам үшін экологиялық жауапкершілік және әлеуметтік адалдық негізінде жүзеге асырылуы тиіс. Барған сайын көптеген елдер үлкен экономикалық өсімге, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты нығайтуға қол жеткізуге мүмкіндік беретін жасыл өсу тұжырымдамасын және басқа да синергетикалық даму стратегияларын қабылдап жатыр.

Аталмыш форумның Астанада өткізілуі – мемлекет басшылығының қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму мәселелеріне назар аудару көрсеткіші. Қазақстанның белсенді ұстанымы өңірдегі экологиялық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған. Астана бастамасын «Жасыл Даму» ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру үшін еуропалық және азиялық ынтымақтастық үдерістерін жақындастыру идеялары ретінде қозғау - келісілген стратегияны құру үшін және Азия, Еуропа мен Тынық мұхит өңірлері арасындағы саясат және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша диалог үшін сенімді кеңістік орнатуға өңірлік тұғырнаманы қамтамасыз етеді, БҰҰ Қазақстанда 2011 жылы өткізетін MCED6 министрлерінің VI конференциясы мен қоршаған ортаны қорғау министрлерінің Еуропалық Конференциясы арасындағы байланыс пен өзара қарым-қатынасқа әсер ететін болады.

III Қайырымдылық балының бас демеушісі

2011 жылғы 14 мамырда Almaty Towers бал залында III Қайырымдылық балы өтті. Оңтүстік астананың қонақтары мен тұрғындарына дүстүрге айналған «Жыл оқиғасы» салтанатты көктемгі көңіл-күй сыйлады.

Қонақтар үшін басты сый италяндық әнші Робертино Лоретидің және Новосибирск мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисті Альфия Кәрімованың орындауындағы танымал «Jamaica» әні болды. Бұнымен сыйлар бітпейді! Қазақстандықтарды ресейлік әнші Игорь Григорьев,сондай-ақ украиндық әнші– Alex Luna қуантты.

Кешті жүргізушілер–Балдың басты Балетмейстері, «Орыс империялық балетінің» жетекшісі Гедиминас Таранда және қазақстандық әртіс Қарлыгаш Мұхамеджанова. Балға қатысушылардың тілегі бойынша ҚР Мемлекеттік Симфониялық оркестрін Мариус Стравинский, сондай-ақ теңдессіз оркестр жетекшісі Ваг Папян басқарды.

Салтанатқа құрметті қонақтар ретінде келгендер: пианист Элеонора Бекова, әртістер Дмитрий Марьянов, Линда Нигматулина, продюсер Еркен Ялгашев, скрипкашы Аида Аюпова, опера әншісі Майра Мұхамедқызы және олимпиада жүлдегері Ислам Байрамұқов.

Қайырымдылық балының дәстүрі бойынша 60 жұп девютант ашылды. III Қайырымдылық балында А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. Биылғы құрметті дебютанттар «Сказ о розовом зайце» атты отандық фильмінің басты кейіпкерлері - Әнуар Нұрпеисов және Максим Акбаров; «Superstar KZ» жобасы арқылы танылған әнші - Әлішер Кәрімов; халықаралық байқаулардың лауреаты, әлем халықтары билерінің орындаушысы – Анель Нұрсеитова.

Құрметі Бал Комитетіне Алматы қаласы әкімінің төрағалығымен мыналар кірді: ҚР ҰҚК Төрағасы Абықаев Н.А., Экономикалық даму эәне сауда министрі Келімбетов Қ., ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Сингер Х., Халық әртістері Мұсаходжаева А.К., Әубәкірова Ж.Я және ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ерікті елшісі Шүкенов Б.К.

«Шоқан Уәлиханов» зерттеу кемесінде алғашқы қазақстандық жер шары экспедициясының бас демеушісі

«ҚазМұнайГаз» компания топтары ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Шоқан Уәлиханов» зерттеу кемесінде алғашқы қазақстандық жер шары экспедициясының бас демеушісі. Бұрын белгілі болғандай, жоба 2007 жылғы 25 қыркүйекте Ақтау қаласында іске қосылды. Оның мақсаты кеме барған барлық елдерде PR-акциялар өткізу, Азия және Тынық мұхиты өңірлерінде Қазақстанның әлемдегі оң имиджін қалыптастыру. Елбасы экспедиция қатысушыларын қарсы алып, оларға республика жалауын салтанатты түрде табыс етті, сөйтіп оларға біздің Отанымыз туралы айтатын, сыр шертетін қадірлі миссияны жүктеді. Біздің еліміз Орта Азия материгі ортасынан өз азаматтарын жер шарын айналып жүзуге жіберген алғашқы елге айналды. Ұранымыз «Біз әлемге сыр шертеміз– әлем бізге сыр шертеді!»

Экспедиция Волго-Дон бассейні, Қара және Жерорта теңіздері арқылы өтті. Атлантикадан өтуді экспедиция Канар аралдарынан бастады. 2008 жылғы тамызда Орта Азиялық География Қоғамы жер шарын шарлаған экспедиция қаржылық мәселелерге байланысты белгілі бір мерзімге тоқтайды деп жариялады. Сол кезде кеме Гваделупа аралындағы Бас ду Форт айлағында болатын,сол жерден кейін Антигуа аралына әкелінді.

«ҚазМұнайГаз» компания топтарының қолдауының арқасында экспедиция Антигуа аралынан 2011 жылғы шілдеде қайта жанданды. Антигуа аралы және Панам арнасы арқылы кеме алғаш экватордан өтеді, жолын Тынық мұхитынан бастайды. Алдағы уақытта Қытай, Тайланд, Индияның теңіз шекаралары арқылы өтеді, барлығы осы арада 30-дан астам елді аралайды. Кеме таяз жерлермен қатар мұхиттар мен теңіздердің терең жерлерімен де өтеді, бұл күрделі навигациялық және техникалық міндет. Сапардың соңғы нүтесі 2011 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Аталмыш жоба әлемнің назарына ілікті. Оны түрлі елдерден көптеген адам бақылауда. Жоба ұлы держава ретінде Қазақстанның нақты және батыл жаңа бейнесін сипаттайды және оның мәдени, индустряилық және қаржылық әлеуетін бейнелейді. Жоба аяқталған соң экспедицияның барлық материалдары ҚР Президенті мұражайының және Ұлттық мұражайдың экспозициясына қойылады.

Жобаның идеясын ойлап табушы – Орта Азия География Қоғамы. Бұл Қазақстан мен Орта Азияда географиялық білімді ұлғайтуға және таратуға шақыратын Орта Азиядағы қоғамдық ұйым. ОАГҚ Қазақстан аумағымен қатар бүкіл әлем бойынша экспедицияның тікелей қатысумен ғылыми зерттеулерді дамыту жұмысына, туризм, альпинизм және және саяхаттарды дамытуға назар аударады. Ұйым басшылары белгілі саяхатшылар. Солардың бірі – әлемге танымал байкер-саяхатшы Дмитрий Петрухин. Ол өз байкасында 110 мың шақырымды жүріп өтіп, әлемнің 70 елінде болған. Жердің кез-келген нүктесінде оны Қазақстан туралы әңгімелеуші ерікті адам ретінде қабылдады.

Дмитрий Петрухин Еуропа, Африка, Австралияны басып өтті. Оның бағыты 16 еуропа елдерінің жолында болды: Ресей, Финляндия, Швеция, Германия, Дания, Люксембург, Франция, Швейцария, Италия, Ватикан, Австрия, Польша және Белоруссия – жалпы қашықтығы 15 мың км. Кейін байкер Қара континентті бағындырды, жолдың көп бөлігі Париж-Дакар атақты жарысының жол арнасында өтті. Саяхаттың үшінші бөлігінде Оңтүстік және Солтүстік Американы бағындыру міндеті қойылды. Жол бағыты Венесуэла, Куба, Мексика, АҚШ, Канада, Жапония, Австралия,Оңтүстік Шығыс Азиямен қоса есептегенде - 46 мың шақырымды құрады. Дмитрий өзінің барлық саяхатында Қазақстан туралы әңгімеледі, ұлттық кәдесыйларды таратты, фотокөрмелер ұйымдастырды және өзінің әйгілі қалпағын басынан тастамаған.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014