Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Экологиялық бағдарлама

Кешенді экологиялық бағдарлама

ҚМГ дамыту стратегиясына сәйкес Басқарма «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2006 – 20015 жылдарға арнаған кешенді экологиялық бағдарламасын (КЭБ) әзірлеп, бекітті. Бағдарламаның негізгі міндеті – ҚМГ компаниялар тобы бойынша табиғат қорғау қызметіне жүйелі қатынасты қамтамасыз ету. Бағдарлама ойдағыдай іске асырылуда, 2009 жылы КЭБ-тің табиғатты қорғау іс шараларына ҚМГ қызметінің басым бағыттарына сәйкес түзетулер енгізілді.

2009 жылы ЕТҰ-дың КЭБ-ті іске асыруға жұмсаған қаржы шығындарының жалпы сомасы 7 110 млн. теңге болды, жоспар бойынша көзделген 7 436 млн. теңгенің 96,7 пайызы орындалды.

Өндірістік экологиялық мониторингтің корпоративтік жүйесі

Қоршаған ортаның өндірістік экологиялық мониторингі экологиялық менеджмент жүйесінің маңызды элементі болып табылады. ҚМГ өндірістік экологиялық мониторингінің тиімді корпоративтік жүйесін құру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. Ол Компания стратегиясының басым бағыттарының бірі деп анықталды және 2009 жылғы 19 қаңтарда Компанияның Директорлар Кеңесі мақұлдады.

Мұнай операциялары барысында, соның ішінде Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы жұмыстарды қоса алғанда, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде, Қазақстан Республикасы Президентінің «Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасы» атты 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығында көзделген.

2005 жылдан бастап, ҚМГ өндірістік экологиялық мониторингі корпоративтік жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде аэроғарыштық экологиялық мониторинг құрылып, ҚМГ-ның корпоративті жауапты аймақтарында қоршаған ортаның жай-күйінің өзгеруін автоматты түрде бақылау мақсатында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша шұғыл басшылық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.

Аэроғарыштық экологиялық мониторингтің бұл жүйесі ғарыштық суреттерді қабылдап, өңдеу бойынша геоақпараттық технологияларды қолдануға, арнайы құрылғылар мен математикалық бағдарламаларды пайдалануға негізделген және барлық экологиялық деректерді жинауға, талдауға және жинақтауға, сондай-ақ экологиялық жағдайды үлгілеуге мүмкіндік береді, бұл үздіксіз жаңартылып отыратын электронды экологиялық карта жасауға мүмкіндік туғызды.

В 2009 году, на основе новой эффективной платформы геоинформационной системы, была разработана новая усовершенствованная версия системы аэрокосмического экологического мониторинга, обладающая большими возможностями и позволяющая решать более широкий круг задач.

2009 жылы геоақпараттық жүйенің жаңа тиімді платформасының негізінде үлкен мүмкіндіктерге ие және кең ауқымды міндеттерді шеше алатын аэроғарыштық экологиялық мониторинг жүйесінің жаңа жетілдірілген түрі әзірленді.

Сондай-ақ 2009 жылы мониторинг жүйесіне жаңа өндірістік объектілер енгізілді, бұл жаңа активтерді сатып алумен байланысты.

Ғарыштық радиолокациялық алдын ала тексеру деректері бойынша мұнайлы ластануды айқындау үшін, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнімдерінің апаттық төгілуінің алдын алу және оның салдарын жою үшін Каспий теңізінің қазақстандық секторында мониторинг жүргізу жүйенің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі әзірлеген 2009 – 2018 жылдарға арналған Каспий теңізінің қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларының Ұлттық жоспарының жобасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аэроғарыштық мониторингінің корпоративтік жүйесіне жоғары баға берілгені кездейсоқ емес.

ҚМГ өндірістік экологиялық мониторингінің корпоративтік жүйесін дамыту мен жетілдірудің келесі кезеңі қоршаған ортаның және экологиялық лабораториялардың параметрлерін тіркеу мен өлшеудің қолайлы желісін ұйымдастыру болып табылады.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014