Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау

ҚМГ ЕТҰ өндірістік қызметті Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, Компанияның еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатына, Еңбектің қорғалуын басқарудың бірыңғай ережесіне (ЕҚББЕ), Экологиялық кешенді бағдарламаға (ЭКБ) және ҚМГ ЕТҰ бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері ҚМГ Басқармасы мен Директорлар кеңесінің отырыстарында ай сайын тыңдалады, бұл ҚМГ басшылары мен мамандарының жауапкершілігін арттырады.

TUV Thuringen тәуелсіз аудиторлық компаниясы 2010 жылғы 2-4 наурызда өткізген сертификациялық аудит менеджменттің ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық талаптарына сәйкес келетінін растады.

Астана қаласында 2010 жылғы 4 маусымда ҚМГ ЕТҰ басшылары мен мамандарының қатысуымен еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша 11-жыл сайынғы кеңес өткізілген болатын. Кеңес барысында ҚМГ ЕТҰ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің алдында тұрған проблемалы мәселелер талқыланды және еңбек қауіпсіздігін ұйымдастыру және арттыру жөнінде тиісті шешімдер қабылданды.

Диаграмма. Еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығындар

Жыл сайын ҚМГ ЕТҰ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттылықты азайту жөніндегі іс-шараларға қажетті қаржы қаражатын жібереді. 2010 жылы 2,8 млрд. теңгеден астам сома жіберілді.

ҚМГ-де қауіпті факторлар мен әсерлерді анықтау, бағалау, бақылау және жоюға арналған еңбеті қорғауды қоршаған ортаны қорғауды, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін, төтенше жағдайларды басқару жүйесі қолданылады.

Жазатайым жағдайлар мен аварияларды болдырмау, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайын жақсарту үшін ҚМГ ЕТҰ мынадай бағыттар бойынша жұмысты жалғастырады:

  • Өндірісте жазатайым оқиғалардың туындау қаупін болдырмау, өндірістік учаскелерде қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі реттеу рәсімдерінің бұзылуына жол бермеу және өндірісте жазатайым жағдайлар мен аварияларға жол бергені үшін барлық деңгейдегі басшылардың және лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігін арттыру.
  • Қызметкерлердің еңбек заңнамасы талаптарын, қауіпсіздік стандарттарын, ережелері мен нормаларын сақтауын, сондай-ақ өндіріс технологиясы мен қолданылатын өндіріс жабдығының ҚМГ ЕТҰ қауіпсіздік стандарттарының, ережелері мен нормаларының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды күшейту. Бақылаудың 1-3-деңгейіндегі ШЖК жұмысын күшейту;
  • Автокөлік құралдарын және арнайы техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді бақылауды күшейту;
  • ҚМГ кен орындары аумағында және объектілерінде жұмыс істейтін мердігерлік (сервистік) ұйымдардың Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнамасының, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар мен ережелердің, Еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Жұмыстардың әрбір нақты түрін өндіру кезінде жазатайым жағдайлар мен өндірістік жарақаттылықтың алдын алу жүйесін енгізу.
  • Корпоративтік деңгейде жедел, барабар ден қою шараларын қабылдау үшін ақпараттық технологиялар негізінде ҚМГ ЕТҰ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, ТЖ жөніндегі деректерін автоматтандырылған жинақтау, жүргізу, іздеу, талдау, жүйелендіру, өңдеу және сақтау жүйесін құру.

  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014