Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
«Лучший по профессии - 2017»
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ жастар саясаты

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жастар саясаты (бұдан әрі - Саясат) Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҚМГ Жарғысына, сондай-ақ ҚМГ өзге де ішкі құжаттарына сәйкес әзірленді және Компанияның жас қызметкерлерімен жұмысты ұйымдастыруға бағытталған.

Қазіргі уақытта Компанияда жасы 29-ға дейінгі 17 мың адам бар, ол 20 процентті құрайды, оның ішінде 5 процент жас қызметкер басшы лауазымдарды атқарады. Бүгінгі күні Компания бойынша жас қызметкерлер арасынан 26 адам «Болашақ» бағдарламасының түлегі, 280-інің магистр және ғылым кандидаты дәрежесі бар.

Жас қызметкерлер Компанияның кадр әлеуетінің негізі болып табылады.

Жүйелі жастар саясатын жүргізу ҚМГ даму стратегиясын іске асыруда жастар әлеуетін белсенді пайдалануға мүмкіндік береді, жастарды бейімдеу мәселелерін шешуге, корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі. Осы Саясат ҚМГ жастар саясатын дамытуға бағытталған өзге де ішкі құжаттарды әзірлеу үшін негіз болып табылады. Мәдени-бұқаралық шараларды өткізу аса маңызды болып табылады, жас қызметкерлердің шығармашылық тұрғыдан дамуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жастар ортасында салауатты өмір салтын насихаттау, жыл сайын ҚМГ жастары слетін, кешенді спартакиадалар, жалпы корпоративтік олимпиадалар, конкурстар және т.б. өткізіп отыру аса маңызды. Жалпы Компания жастар саясатын іске асыру жас қызметкерді жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай жасауы, оның құқықтарын қорғау және Компания мен қоғам мүдделерінде өзін неғұрлым толық іске асыру үшін түрткі болуына ұмтылады.

Саясаттың мақсаты

Осы Саясаттың мақсаты жас қызметкерлермен жұмыс тәсілдері мен механизмдерін шоғырландыру және жастар саясатын іске асыруға қатысты бірыңғай стандарттар әзірлеу болып табылады

Саясаттың міндеттері

  • ҚМГ жастар ісі жөніндегі кеңесі арқылы ЕТҰ жастар кеңестерінің өзара іс-қимылы арқылы жас қызметкерлердің жастарға және осы Саясатты іске асыру шеңберіндегі жоспарларды, іс-шараларды орталықтандыруға қатысты шоғырландырылған пікірлерін қалыптастыру;
  • Компаниядағы жастар проблемасын (кәсіби, материалдық, әлеуметтік, білім және өзге) зерттеу, басшылық пен кәсіподақ үшін оларды шешу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • жас қызметкерлердің кәсіби өсуіне жәрдем көрсету;
  • жас қызметкерлер үшін бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру;
  • жас қызметкерлер арасындағы кәсіби және іскерлік байланыстарды нығайту, өзара іс-қимыл жасауды және тәжірибе алмасуды кеңейту;
  • жас қызметкерлердің шығармашылық бастамаларын арттыру үшін жағдай жасауға жәрдем көрсету, оларды перспективалық әзірленімдерге қатысуға тарту, ғылыми-техникалық қозғалысты қолдау және дамыту;
  • жаңадан келген жас қызметкерлерді бейімдеуге жәрдем көрсету;
  • жас қызметкерлер арасында корпоративтік мәдениетті дамыту;
  • жас қызметкерлерді әлеуметтік қолдау;
  • салауатты өмір салтын насихаттау;
  • басқа да жастар, кәсіподақ және қоғамдық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау.

Саясаттың базалық қағидаттары

  • Компанияның барлық жастар ұйымдарының күш-жігерін біріктіру
  • ҚМГ арқылы жастар саясатын орталықтандыру;
  • ҚМГ, еншілес ұйымдар мен тәуелді қоғамдардың, оның ішінде бірлесіп бақыланатын ұйымдар мен бірлескен кәсіпорындардың осы Саясатты іске асыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылы;
  • Компанияның жастар саясаты мәселелеріндегі қызметінің ашықтығы;
  • озық әлемдік тәжірибені пайдалану.

Қағидаттарды с ау Саясатқа жүйелілік, тұтас сипат береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі міндеттерін іске асыруда бірыңғай әдіснама мен бағдар жасайды

Қызметтің негізгі бағыттары

  • кәсіби дамыту;
  • мәдени дамыту;
  • инновациялық-өнертапқыштық бастамалар;
  • спортты және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • әлеуметтік қолдау.

Саясатты іске асыру құралдары Осы Саясатты іске асыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының жастар ісі жөніндегі кеңесі құрылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жастар ісі жөніндегі кеңесі туралы ережені ҚМГ Басқармасы бекітеді.

Компания ішкі құжаттарды қабылдаған кезде осы Саясаттың ережелерін, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ осы саясатқа қатысты нормативтік құжаттарын ескереді.


«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз болашағын Компанияның дамуына өз күш-жігерін, білімін, қабілетін және талабын салуға дайын жас мамандармен байланыстырады. Сондықтан осы Саясатты табысты іске асыру жастар қатарын нығайтуға, болашақта оңтайлы шешім қабылдауға, заманның кез келген сын-тегеурініне қарсы тұра алатын, жаңа перспективалық жобаларды ұсынатын және Компанияның мүддесі мен ел игілігі үшін бар проблемалық мәселелерді шешетін тәжірибелі біліктілігі жоғары басқарушыларды алуға мүмкіндік береді.

Компанияның ертеңгі болашағы бүгін оның ауыстыруға лайықты маман даярлауға оның қарым-қатынасына байланысты болады.

  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014