Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
«Лучший по профессии - 2017»

Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Еншілес компаниялар бөлімі

Мұнай-газды барлау және өндіру

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Қазақстанның көмірсутек шикізаты жекеменшік қорынан мұнайды, табиғи және ілеспе газды өндіруші болып табылады. Компания сонымен қатар қорды сақтау мен дамыту үшін барлау жұмыстарының бағдарламасын іске асырады.

ҚМГ БӨ жеке автивінде 2007-2010 жылдары сатып алғандарды қоспағанда Батыс Қазақстанда 41 кен орны бар. Компанияның негізгі өндірістік активтерінде екі өндірістік филиалдар бар: 2010 жылғы тәулігіне 177 мың баррель жалпы өндіру деңгейімен Өзенмұнайгаз (ӨМГ) және Ембімұнайгаз (ЕМГ). Өзен кен орны–ҚМГ негізгі активтердің ішіндегі ірісі, оның үлесіне барлық қордың 73%-ы және өнідірілген өнімнің 68%-ы тиесілі. Компанияның өндірістік құрылымдық бөлімдері 90 жылдан астам жұмыс істейді, ал мамандары терең білімді әрі үлкен тәжірибесі бар жандар.

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру» АҚ 2006 жылы Лондон қор биржасында өз акцияларын орналастырды.

«КазмұнайТеңіз» ТМК АҚ

ҚазМұнайТеңіз» — теңізде және жағалауға жақын аумақтарда (Каспий және Арал теңіздерінің) мұнай жобаларын тиімді басқару жолымен мұнай операцияларын жүзеге асыратын компания болып табылады. Қоғам қызметінің негізгі мақсаты - теңіз жобаларындағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардағы мердігерлік функцияны орындау, сондай-ақ республиканың мұнай-газ ресурстарын тиімді және ұтымды игеру, мұнай мен газ ресурстарын ұдайы өндіру және бұдан әрі арттыру жөніндегі функцияларды іске асыру болып табылады.

«Қазақтүрікмұнай» ЖШС
«Н» Оперейтинг компани»

Компания Каспий теңізінің қайраңында көмірсутегі шикізаттарын барлау мен өңдеуге қатысты оператор міндетін атқарады.

«Урихтау Оперейтинг» ЖШС

Компания жер қойнауын пайдаланушы ретінде Ақтөбе облысында орналасқан «Өріктау» кен орнында көмірсутек шикізатына барлау жұмыстарын жүргізеді.

«ҚМГ Құмкөл» ЖШС
Cooperative KazMunaiGaz PKI U. A.
KMG Kashagan B.V.

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК 2005 жылғы 5 қазанда Нидерланды заңнамасына сәйкес құрылды. Компания Солтүстік Каспий жобасы бойынша Концорциумның 16.81% қатысу үлесіне ие.

«БейнеуМұнайГаз»

Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан Толқын және Боранкөл келісім-шарт аумағын сенімгерлік басқару мақсатында «БейнеуМұнайГаз» ЖШС құрылды ("Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 72 бабы негізінде ). Толқын және Боранкөл келісім-шарт аумағын сенімгерлік басқаруды «БейнеуМұнайГаз» ЖШС алған сәттен бастап оның негізгі қызметі табиғи газды, газ конденсатын және мұнайды барлау және өндіру болып табылады.

«Сәтпаев Оперейтинг» ЖШС
«ҚМҒ Қарашығанақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

«ҚМҒ Қарашығанақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қарашығанақ мұнай-газ конденсаттық кен орнының мердігерлік учаскесінің Өнімін бөлу туралы түпкілікті келісімдегі 10% үлесіне иелік етеді (бұдан әрі – ӨБТК) және и «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес ұйымы болып табылады.

ӨБТК мердігерлік компаниялары арасындағы үлестік қатысудың бөлінуі төмендегідей:

  • Бритиш Газ -29,25%,
  • Аджип - 29,25%,
  • Шеврон - 18%,
  • Лукойл - 13,5%
  • «ӨБТКҮБЖК» ЖШС - 10%

«ӨБТКҮБЖК» ЖШС қызметінің негізгі мақсаты ҚМГ атынан ӨБТК қатысу үлестерін басқару, соның ішінде, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. қызметін күнделікті бақылау және мониторингілеу, басқарушылық, өндірістік және өзге шешімдерді, сатып алулар және маркетинг жөніндегі құжаттарды және т.б. қарастыру, келістіру және бекітуге басқа мердігерлік компаниялармен тең құқылы қатысу болып табылады.

Мұнайды тасымалдау

«ҚазТрансОйл» АҚ

Қуатты магистралді құбыр желісі бар ірі мұнай құбыры компаниясы. Сондай-ақ, Қоғам қызметінің негізгі түрлері жылу энергиясын өндіру, беру және тарату, Қазақстан Республикасы тұтынушылары үшін белгілі құбырлармен табиғи газды тарату, басқа заңды тұлғаларға тиесілі магистралді құбырларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету.

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ қызметінің басты міндеті Қазақстан Республикасының Ұлттық теңіз сауда флотын құру және отандық жүктердің халықаралық теңіз тасымалын өз күшімен ұйымдастыру болып табылады.

Қызметінің басты пәні: жүктердің барлық түрлерін тасымалдау, кемелердің барлық түрлерін пайдалану және жөндеу, сондай-ақ кеме жасайтын орындарды салу және кемежайлардың буксирлік жұмыстары.

«ҚМГ-Транскаспий»ЖШС
Серіктестік қызметінің пәні:
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Ескене-Құрық магистралді мұнай құбырын салуға және пайдалануға қатысуын қамтамасыз ету;
  • мұнайды Қазақстаннан Каспий теңізі мен Әзірбайжан Республикасының аумағымен Баку-Тбилиси-Жейһан жүйесі арқылы халықаралық нарыққа тасымалдауға жәрдемдесу және қолдау бойынша Транскаспий жобасына ҚМГ қатысуын қамтамасыз ету;
  • Транскаспий жобасы және Ескене-Құрық мұнай құбырын салу жобасынан тұратын мұнайды тасымалдаудың Қазақстандық Каспий Жүйесінің барлық сегменттері бойынша қызметтерін үйлестіру;
КОО «Қазақстан Пайплайн Венчурс»

КОО «КПВ» компаниясы Делавэр (АҚШ) штатының жауапкершілігі шектеулі компаниялары туралы Заңына сәйкес 1997 жылғы 12 наурызда құрылған. Компанияның мақсаты – «КҚК-Р» ЖАҚ және «КҚК-К» АҚ акцияларын сатып алу жолымен КҚК жобасына қатысу және рұқсат етілген қызмет түрлерін іске асыру.

Газды тасымалдау

«ҚазТрансГаз» АҚ

«ҚазТрансГаз» АҚ-на 10 мың километрден астам магистральді құбырлар, 308 газ айдайтын агрегаттары бар 26 компрессорлық станция, 3 жерасты газ «ҚазТрансГаз» АҚ тобы қызметінің негізгі бағыттары:

  • Магистралді газ құбырларымен газ тасымалдау және жер асты газ қоймаларында газды сақтау;
  • Қазақстан Республикасы газ саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іке асыру;
  • Ел ішінде газ тасымалдау, экспортқа тасымалдау, табиғи газдың халықаралық тасымалы;
  • Белгіленген газ құбырларымен газ тасымалдау;
  • Ішкі нарықта табиғи газды сату;
  • Газды барлау және өңдеу («ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысындағы Амангельді газ кен орындар тобының жер қойнауын пайдалануға келісім бойынша Мердігер болып табылады);
  • Электр энергиясын өндіру және сату.
«АстанаГаз ҚМГ» ЖШС

«АстанаГаз ҚМГ» ЖШС «Батыс -Солтүстік-Орталық» магистралді газ құбырының құрылысы» жобасын іске асыру мақсатында құрылған.

«АстанаГаз ҚМГ»ЖШС қызметінің негізгі бағыттары:

  • Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерін және Астана қаласын газдандыру мүмкіндіктері мен мақсаттылығына зерттеулер жүргізу;
  • Астана, Қарағанды, Қостанай және Көкшетау облыстары тұтынушыларының табиғи газға сұранысын қамтамасыз ететін магистралді газ құбырын салу;
  • Қазақстан Республикасы газ саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру.

Өткізу және маркетинг

«ҚазМұнайГаз қайта өндеу және маркетинг» АҚ

«ҚазМұнайГаз қайта өндеу және маркетинг» АҚ - бұл барлау бағытында және мұнай өңдеуде жоғарғы деңгейде белсенділік танытқан, өндірісте және мұнай өнімдерін өңдеуде, саудада аса тиімді өңдеуші компания.

Қызмет бағыты

«ҚазМұнайГаз қайта өндеу және маркетинг» АҚ негізгі қызметтік бағыты мынау болып табылады:

  • мұнай өндіру, газ және мұнай өнімдерін өңдеу;
  • жанар-жағармай материалдарын қажетті егістікке және қажеттілікке жарататын компанияларға жеткізу;
  • роялти төленген шоттан мемлекет атынан мұнайға операциялар жүргізу;
  • көліктік-экспедиторлық қызметтер, мұнай алмастыру және жүк жіберу қызметі;
  • Мұнай және қайта өңделген мұнай және газ өнімдерін саудалау саласындағы Қазақстанның экспорттық саясаты секілді маңызды бағыттар бойынша мемлекет мүддесін қорғау;

Сервистік кәсіпорындар

«ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС

Компания мынадай бағыттар бойынша “ҚазМұнайГаз” ҰК АҚ-на сервистік қызметтер көрсетуге маманданған:

  1. Әкімшілік қызмет көрсету;
  2. Көлік қызметтерін көрсету;
  3. Рейтингтік қызметтерді ұйымдастыру (“ҚазМұнайГазСервис-Compass” ЖШС (40%);
  4. Әкімшілік және тұрғын үй ғимараттар, сауықтыру кешендері, Алматы және Мәскеу қалаларындағы өкілдіктер бойынша сервистік қызмет кешенін ұсыну, тақырыптық іс шараларды ұйымдастыру, көліктік және басқа да мамандандырылған қызметтер ұсыну;
  5. Ақмола облысы Зеренді ауылында филиал базасында сауықтыру қызметтерін көрсету.
«Евро-АзияЭйр» Авиакомпаниясы» АҚ

Авиакомпанияда қуатты авиациялық-техникалық базалар, ангарлар, қоймалар және жер үстіндегі құралдарымен жабдықталған тармақталған филиалдар желісі бар. Онда 400-ден астам жоғары білікті авиация мамандары жұмыс істейді.

Авиакомпания қызметінің негізгі бағыттарындағы тікұшақтар мен ұшақтары: Ми-8, AS-365N3, AW-139, Як-40, Challenger 850 және Challenger 870.

Авиакомпания жарғылық қызметіне сәйкес қызметтің келесі түрлерін іске асырады:

  • Мұнай және газ құбырларына авиашолу жүргізу бойынша ұшуды орындау, пайдалы қазбалардың кен орындарын барлау және игеруді іске асыратын кәсіпорындарға қызмет көрсету;
  • Ұшулар және оффшорларды орындау;
  • Төтенше жағдайларда апаттық-құтқару жұмыстарын орындау;
  • Табиғатты қорғау бойынша ұшулар;
  • Жету қиын және шалғайдағы аудандардағы санитарлық ғимараттар бойынша ұшулар;
  • Геологтардың, энергетиктердің, сейсмологтардың, гляцологтардың, өрт қызметінің және мемлекеттік шекараны қорғау қызметінің жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша ұшулар;
  • чартерлік (тапсырыстық), VIP –арнайы жабдықталған әуе кемелеріндегі тасымалдар;
«Қазақ-Британ техникалық университеті» АҚ

Университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Британ кеңесі арасындағы өзара түсіністік туралы 2001 жылғы 3 тамыздағы № 1027 Меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ
  1. даму стратегиясының, өндіру қарқынының және мұнай және газ ресурстарын ары қарай кеңейтудің, мұнай және газ өнеркәсібін кешенді дамытудың ғылыми негіздемесі, Қазақстан Республикасы мұнай-газ кешенін дамытудың салалық және салааралық бағдарламаларын әзірлеу, өңірлерде, аумақтарда мұнай, еркін және ерітілген (ілеспе) газ ресурстарын геологиялық-экономикалық бағалау, мұнай және газдың әлемдік нарығын дамыту тенденцияларын және болжауды зерттеу;
  2. Мұнай және газды геологиялық барлау, игеру, өндіру саласындағы ғылыми- зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар
«Наукоград» ЖШС

«Наукоград» ЖШС қызметтерінің негізгі бағыты «Наукоград» технополисінің нысандарын құру және пайдалану болып табылады.

"Наукоград" – ғылыми-зерттеу, инжинирингтік және білім беру орталықтарының жиынтығынан тұратын, сондай-ақ мұнай-газ саласында жаңа технологияларды енгізу мен инновациялық жобаларды дамыту үшін технополистің жапондық үлгісі бойынша жасалған кенттелген жоғары интеллектуалды орта.

«Наукоград» технополисі құрамында бірін-бірі толықтыра, үйлесімді дамытатын үш бағыт бар: білім/тренинг, инжиниринг, инновациялық шығармашылық.

«Рауан Медиа Групп» АҚ

«Рауан Медиа Групп» АҚ қызметінің пәні мыналар:

  • Қоғамның жетекшілігіндегі мұнай-газ саласының қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында таратуды қамтамасыз ету жолымен жариялау (ары қарай – БАҚ);
  • Қоғамның жетекшілігіндегі БАҚ қызметін үйлестіру;
  • Оның құзіретіне кіретін БАҚ дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету;
  • БАҚ үшін мұнай-газ саласы кәсіпорындары тапсырыстарын орындауды қалыптастыру және бақылауды өз құзіреті шегінде орындау;
  • Қоғамның жетекшілігіндегі телевидение және радиотарату желілерін басқару бойынша жұмысты ұйымдастыру, техникалық құралдарды дұрыс пайдалануды дамыту және қамтамасыз ету бойынша, БАҚ саласындағы көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру үшін жұмысқа қатысу;
  • Қазақстан Республикасы Заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қызметтер.

* «Нұр Медиа» сенімгерлік басқаруында

«ҚМГ кәсіпорындарын құру дирекциясы» ЖШС «Қазмұнайгаз» ҰК»

АҚ 100% еншілес ұйымы ретінде 2009 жылғы 8 желтоқсанда құрылған. ҚМГ және «Эни С.п.А.» италяндық компаниясы арасындағы 2009 жылғы 5 қарашада қол қойылған Келісімге сәйкес КҚД Қазақстан Республикасы аумағында инфрақұрылым нысандары қатынасында жобалар әзірлеу бойынша жұмысты басқару үшін құрылған.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014