Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Акциялар және дивидендтер туралы ақпарат

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ»

АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМАСЫ

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның 23-бабын орындау үшін ҚМГ Жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ 2016 жылғы 11 тамызда ҚМГ жай акциялары бойынша 2015 жылғы қызмет қорытындылары бойынша дивиденттер төлеу бойынша шешім қабылдағанын хабарлайды.

1) «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, «А» блогы;

Банк деректемелері: БСН 020240000555, ЖСК KZ356010111000002033, БСК/SWIFT HSBKKZKX, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астана өңірлік филиалы;

2) дивиденттер төленетін кезең – 2015 жыл;

3) бір жай акцияға есептелген дивидент мөлшері – 102 (бір жүз екі ) теңге 27 (жиырма жеті) тиын;

4) дивиденттер төлей бастау күні – 2015 жылғы 15 тамызда;

5) дивиденттер төлеу тәртібі және нысаны – Жалғыз акционердің банк шотына қолма-қол ақшасыз аудару арқылы ақшалай нысанда дивиденттер төлеуді жүргізу.





Құнды қағаздарды ұстаушылардың мүддесіне қатысты қызмет туралы ақпаратты орналастыру жөнінде




«ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) 2015 жылғы 02 қарашада Қоғамның Директорлар кеңесінің ірі мәміле жасас туралы шешім қабылдағаны жөнінде хабарлайды.




2015 жылғы 6 тамызда «Қазақстан қор биржасы» АҚ-та ағылшын аукционы әдісімен ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 10 % +1 акцияны құрайтын 58 420 748 (елу сегіз миллион төрт жүз жиырма мың жеті жүз қырық сегіз) жай акциясын сату бойынша сауда-саттықтар жүргізілді. Сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша ҚР Ұлттық банкі жеңімпаз болды. Сатып алу сомасы 750 000 000 000 (жеті жүз елу миллиард) теңгені құрады.
  • 2006 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 27,73 теңгені құрады, барлығы сомасы 8 766 059 040 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2007 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 92,40 теңгені құрады, барлығы сомасы 29 209 331 000 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2008 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 92,59 теңгені құрады, барлығы сомасы 29 268 028 100 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2009 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 53 теңгені құрады, барлығы сомасы 16 940 104 200 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2010 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 117 теңгені құрады, барлығы сомасы 45 796 382 550 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді. 
  • 2011 жылдың қорытындысы бір жай акцияға дивиденд мөлшері 293 теңге 35 тиынды құрады, барлығы сомасы 143 201 087 066 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2012 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 75 теңге 19 тиынды құрады, барлығы сомасы 38 961 363 784 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2013 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 158 теңге 08 тиынды құрады, барлығы сомасы 69 577 485 076 теңгеге дивидендтер есептелді және төленді;
  • 2014 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға дивиденд мөлшері 53 теңге 24 тиынды құрады, 2015 жылғы 30 қыркүйекке дейін сомасы 31 104 442 350 теңгеге дивидендтер төлеу жоспарланды.

ҚМГ ҰК жарияланған акцияларының саны – 849 559 596 дана.
ҚМГ ҰК орналастырылған акцияларының саны – 584 207 465 дана.

Номиналдық құны – 500 теңге.


Жай акциялардың акционерлерінің қоғамды басқару құқығы бар, оның ішінде қоғамды дамыту пайдасына өз дивидендтерінен бас тарту жолымен.

Артықшылықты акциялардың иелерінің дивидендтер алуға құқығы бар, бірақ қоғамды басқару құқығы жоқ. Артықшылықты акциялардың таратылған қоғам мүлкін алу кезінде иелері жай акциялар иелерінің алдында басымдыққа ие болады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тек жай акциялар шығарады.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 14-бабымен қоғам акционерлерінің мынадай құқықтары анықталды:

  1. осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
    дивидендтер алуға;
  2. қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
  3. қоғамның тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;
  4. қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;
  5. қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;
  6. қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, өз атынан сот органдарына қоғамның лауазымды адамдарының қоғамға келтірілген залалдарды қоғамға өтеуі және қоғамның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың аффилиирленген тұлғаларының ірі мәмілелер және (немесе) мүдделілік болуына орай жасалатын мәмілелер жасасу (жасасуға ұсыныс) туралы шешім қабылдау нәтижесінде алған пайданы (табысты) қоғамға қайтаруы туралы талаппен жүгінуге;
  7. қоғамға оның қызметi туралы жазбаша сұрау салуға және қоғамға сұрау салу келiп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде дәлелдi жауаптар алуға;
  8. қоғам таратылған кезде мүлiктiң бiр бөлiгiне;
  9. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, АҚ туралы Заңда белгiленген тәртiппен өз акцияларына айырбасталатын қоғамның акцияларын немесе басқа да бағалы қағаздарын артықшылықпен сатып алуға құқылы.

Ірі акционердің, сондай-ақ:

  1. акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруды талап етуге немесе директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысын шақырудан бас тартқан жағдайда оны шақыру туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге;
  2. директорлар кеңесіне осы Заңға сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қосымша мәселелер енгізуді ұсынуға;
  3. директорлар кеңесінің отырысын шақыруды талап етуге;
  4. өз есебінен аудиторлық ұйымның қоғам аудитін жүргізуін талап етуге құқығы бар.

Акционерлер құқықтарын шектеуге жол берілмейді.


Жай акциялар

Жай акциялар – бұл дивидендтер төлеу кезінде басымдыққа ие болатын акциялар. Жай акциялардың иелеріне дивидендтер, егер олар оларды төлегеннен кейін артықшылықты акциялардың иелері болып қалған жағдайда ғана төленеді. Осы көзқарас тұрғысынан жай акциялар өте пайдалы емес болып көрінеді, алайда, олар акционерге жиналыстарда дауыс беру құқығына мүмкіндік береді. Бірқатар жағдайларда бұл өте пайдалы, сондықтан ірі акционерлер жай акциялар санын неғұрлым көптеп сатып алуға ұмтылады.

Артықшылықты акциялар

Артықшылықты акциялар – бұл меншік иесіне дауыс беру құқығын беретін акция. Мұндай акциялардың иелері жиналыс жасай алады және шешімдер шығарады, алайда олар тек ұсынымдық сипатта болады. Мұндай қағаздардың артықшылығы - оларға акция номиналына байланысты бірнеше процент (әдетте 3... 5%) көлемінде пайда есептеледі. Осы төлемдердің мөлшері кәсіпорынды акционерлендіру кезінде келісіледі және тиісті құжаттарда көрсетіледі. Осылайша, егер компания пайда алған болса, онда артықшылықты акциялардың иесі міндетті түрде қандай да бір бөлікті алады.

Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.
Орналастыру кезеңінде қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның орналастырылған акцияларының жалпы санының жиырма бес процентінен аспауға тиіс.

3. Осы баптың 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын бермейді.

4. Егер:

1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы ол бойынша шешім артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселені қараса, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді. Орналастырылған (сатып алынғандарын шегере отырып) артықшылықты акциялардың жалпы санының кемінде үштен екісі шектеу қоюға дауыс берген жағдайда ғана мұндай мәселе бойынша шешім қабылданды деп есептеледі.
Олар бойынша шешімдер қабылдау артықшылықты акцияларды иеленуші акционердің құқығын шектеуі мүмкін мәселелерге:
артықшылықты акциялар бойынша төленетін дивидендтердің мөлшерін азайту не мөлшерін есептеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу тәртібін өзгерту;
артықшылықты акцияларды қоғамның жай акцияларына айырбастау туралы мәселелер жатады.
1-1) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғам артықшылықты акцияларды ұйымдастырылмаған рынокта осы Заңға сәйкес сатып алған кезде олардың құнын айқындау әдістемесіне (егер құрылтай жиналысы әдістемені бекітпесе, оны бекіту) өзгерістерді бекіту туралы мәселені қарайды;

2) қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы қоғамды қайта ұйымдастыру не тарату туралы мәселені қараса;

3) артықшылықты акция бойынша дивиденд оны төлеу үшін белгіленген мерзім өткен күннен бастап үш ай ішінде толық мөлшерінде төленбесе, артықшылықты акция акционерге қоғамды басқаруға қатысу құқығын береді.

4-1. Осы баптың 4-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда акционердің - артықшылықты акциялардың меншік иесінің қоғамды басқаруға қатысу құқығы оған тиесілі артықшылықты акциялар бойынша дивиденд толық мөлшерде төленген күннен бастап тоқтатылады.

Құрылтай жиналысы (жалғыз құрылтайшының шешімі) немесе акционерлердің жалпы жиналысы жарғылық капиталды қалыптастыруға және дивидендтер алуға қатыспайтын бір "алтын акцияны" енгізуі мүмкін. "Алтын акция" иесінің акционерлердіңжалпы жиналысының, директорлар кеңесі мен атқарушы органның шешімдеріне қоғам жарғысында белгіленген мәселелер бойынша вето қою құқығы болады. "Алтын акция" куәландырған вето қою құқығы басқаға берілмеуге тиіс.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014