Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Көлік инфрақұрылымының жобалары

Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбырының бірінші телімі құрылысының жобасы

Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы арасындағы18.08.2007 ж. Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысы және пайдалануда ынтымақтастық туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

Жоба мақсаты –Өзбекстан және Қырғызстан аумағы арқылы ҚХР-ға туркмен газын тасымалдау, сондай-ақ қазақстан газы экспорты, бұл экспорттық бағыттарды әртараптандыруға және оңтсүтік облыстарды жеке газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттырады.

Қазақстан-Қытай газ құбыры бірінші телімінің құрылысы жобасын іске асыруды «ҚазТрансГаз» АҚ және Trans-Asia Gas Pipeline Limited (CNPC үлестес компаниясы) паритетті негізінде 2008 жылы 15 ақпанда құрылған «Азия Газқұбыры» ЖШС («АГҚ» ЖШС) жоба компаниясы жүзеге асыруда .

Газ құбыры құрылысы 2008 жылы 9 шілдеде басталды, бірінші кезең жұмыс кестесінен алға озумен, халықаралық тәжірибе үшін рекордты мерзімде аяқталды. Құрылысқа 4 мың адам қатыстырылды.

2009 ж. 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасы Басшысы Ху Цзиньтао ұзындығы 1308 км құрайтын Қазақстан-Қытай магистральдық газ құбырының Бірінші телімінің 1 желісін іске қосуды жүзеге асырды.

А және В желілері бойынша барлық негізгі объектілер 2012 жылдың соңына қарай пайдалануға берілді. Осылайша 30 млрд.м.3/жыл өндірістік қуатқа қол жеткізілді;

2011 ж. 26 қыркүйегінде «ҚазМұнайГаз», «ҚазТрансГаз» және «TAPLine» арасында Қазақстан-Қытай газ құбырының бірінші телімінің «С» желісін жобалауғ қаржыландыру, құрылысы мен пайдалануға берілуін ұйымдастырудың негізгі принциптері туралы Келісімге қол қойылды. Жоба өткізу қабілеті 25 млрд м3 ұзындығы 1 304 км магистарльдық газ құбырының құрылысын болжайды.


Қазақстан-Қытай магистарльдық газ құбырының екінші телімінің құрылысы жобасы (Бейнеу-Шымкент)

Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбыры құрылысының жобасы республиканың оңтүстік өңірлері газының қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету үшін 06.02.08 жылғы Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес іске асырылады .

Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын сенімді газбен жабдықтау және қазақстандық газ экспортын әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтері арасындағы Қазақстан-Қытай газ құбыры құрылысы және пайдалануға беруде ынтымақтастық туралы Келісім негізінде «Бейнеу–Бозой–Шымкент газқұбыры құрылысы» жобасы іске асырылады.

Газ құбыры бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан олбыстары аумағы бойынша өтеді және келесі негізгі аймақтық сипаттамаларға ие: өткізу қабілеті 6 млрд. шаршы.м/жыл (Бірінші кезек 2010-2016 жылдар) 10 млрд. шаршы м/жыл (Екінші кезек 2014-2017 жылдар), ұзындығы 1487 км, диаметр 1000 мм (1 желі).

2011 жылғы қаңтарда «Бейнеу–Шымкент газ құбыры» ЖШС жобалық компаниясы құрылды, оның құрылтайшылары тең үлестік негізде «ҚазТрансГаз» АҚ және «TAPLine» (КХР) компаниясы болып табылады. Жоба өткізу қабілеті жылына 10 млрд м3-ға дейін 1 454 км газ құбыры құрылысын болжайды.

2013 жылғы 2 желтоқсанда өткізу қабілеті жылына 2,5 млрд. м3 «Бозой-Шымкент» телімінің желілік бөлігін пайдалауға енгізу туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясы актіне қол қойылды. 2013 жылғы 27 желтоқсанда газды тасымалдау басталды

2014 ж. шілдеде «Бейнеу-Шымкент газқұбыры» ЖШС ұзындығы 311 км «Бейнеу-Бозой» телімінде газ құбырының желілік бөлігі құрылысына кірісті.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014