Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Инновациялар және технологиялар

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы-2050: Бірыңғай мақсат, бірыңғай мүдделер, бірыңғай болашақ» жолдауы міндеттер кешенін белгілейді, оларды шешу біздің республикамызға әлемнің анағұрлым дамыған отыз елінің құрамына кіруге мүмкіндік береді.

ҚМГ-ның бәсекеге қабілеттігін арттыру мақсатында Директорлар Кеңесінің 20.02.14ж. №1/2014 шешімімен бекітілген ҚМГ-ның 2014-2018 жылдарға арналған инновациялық-технологиялық даму стратегиясы (ИТД Стратегиясы) әзірленді.

Бұл стратегияны іске асыру Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне және ҚМГ-ның барлық бизнес секторларында серпінді, ресурс/энергия үнемдеуші, экологиялық қауіпсіз технологияларды, инновацияны кеңірек пайдалану үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.

ИТД стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін компанияда жыл сайынғы негізде ҒЗТКЖ, инновациялық жобалардың тізімдері және корпоративтік шараларды біріктіретін іс-шаралар жоспары әзірленеді.


Мұнай және газ барлау әрі өндіру секторында көмірсутектерді барлау әрі өндіру жағдайлары күрделенген сайын анағұрлым замануи технологиялық шешімдер талап етіледі - геологиялық-гидродинамикалық, 3Д-моделдеу және виртуальды шындықты, ең жаңа бұрғылау технологиясын, ұңғымаларды салуды және қабаттардың мұнай беруін арттыруды пайдалану, сондай-ақ мұнайды жинаудың, дайындаудың және тасымалдаудың анағұрлым технологиялық тәсілдерін пайдалану арқылы моделдеу.


Мұнай және газ тасымалдау секторында дамудың негізгі бағыттары автоматтандыру және телемеханика жүйелерін жаңғыртумен, магистральдық құбыр жолдарында жылыстауды анықтаудың гидроакустикалық қолданумен, құбыржолдарының таттануға тұрақтылығын арттыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, мұнайды тасымалдау және сақтау кезінде парафин шөгінділерін болдырмаумен байланысты.


Компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру және мұнай өңдеу және мұнай химиясы секторында мемлекеттік мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында инновацияны дамыту және еліміздің ішінде және шетелде мұнай өңдеуші және мұнайхимиясының меншікті қуаттарын технологиялық жетілдіру негізгі бағыт болып табылады.


Компанияның инновациялық инфрақұрылымдық негізін мына еншілес кәсіпорындар құрайды: «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Қазақстан-Британ университеті» АҚ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗЖИ АҚ (Атырау қ.), «ҚазНИПИмұнайгаз» АҚ (Ақтау қ.), «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ ЖШС (Атырау қ.), А.Б. Бектұров атындағы Химия ғылымдарының институты (Алматы қ.), және Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты (Алматы қ.).


ҒЗТКЖ-дың 2014-2018 жылдарға арналған негізгі бағыттары


    • ГБЖ жоспарлау үшін аумақты кеңейту мақсатында перспективту учаскелерді зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
    • Кен орындарын барлау және әзірлеу жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру
    • Магистральдық мұнай құбырларын және резервуарларды тазалаудың замануи технологиясын енгізу
    • Құбыржолдарының таттануға қарсы тұрақтылығын арттырудың озат әдістері мен технологияларын зерделеуді әрі енгізуді жүргізу
    • Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарында метанды өндіру
    • Өндірістік тиімділіктің тиімділігін арттыру, пайдалану шығыстарын арттыру, персоналдың біліктілігін арттыру мақсатында мұнай өңдеу және мұнай химиясы секторында зерттеулер жүргізу

    Самұрық-Қазына» АҚ-тың Индустриальдық- инновациялық саясаты


    ҚМГ ИТҚ



    РИД саясаты



    "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ қызметкерлерінің компанияның инновациялық-технологиялық дамыту бойынша идеяларын бағалау қағидалары


    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та Бірыңғай корпоративтік портал және техникалық және технологиялық әзірлемелердің, ҚМГ-ның және ЕТҰ-ның перспективті және іске асырылатын инновациялық жобаларының деректер базасы қолданыста.


    • Ақорда ресми сайты
    • Cuba
    • Cuba
    • Cuba
    • Cuba
    • Cuba
    • Cuba
    • ban6
    • privatization.sk.kz
    • ban6
    • ban6
    • ban6
    © «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014