Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Сервистік жобалар

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік сектордағы стратегиясы бәсекеге қабілетті сервистік қызметтер көрсетуге, технологиялар трансферті және/немесе бірлескен кәсіпорындар құру жолымен Қазақстан рыногына жаңа қажетті мұнай сервисі қызметтерін дамытуға, инновациялық әлеуетті алға жылжытуға, Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз мұнай операцияларын қолдаудың жағалаулық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Негізгі сервистік компаниялар:

  • «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ;
  • «KMG Systems & Services» ЖШС;
  • «ТенизСервис» ЖШС;
  • «KMG Drilling & Services» ЖШС;
  • «Ақтауойлмаш» ЖШС;
  • «ҚМГ салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС.

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ

(ресми сайт: www.eaa.kz)


«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ Қазақстанда ірі тікұшақтар компаниясы болып табылады және мұнай құбырлары, газ құбырларына қызмет көрсету бойынша ұшуларды, теңіз бұрғылау қондырғыларына және Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы аралдарға ұшуларды, электр беру желілеріне қызмет көрсету бойынша ұшуларды, санитарлық тапсырыстар бойынша ұшуларды, төтенше жағдайларда апаттық-құтқару жұмыстары және т.б. ұшуларды орындайды.

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ халықаралық талаптарға сәйкес заманауи борт жабдықтарымен жарақталған тікұшақ техникасы (18 бірлік оның ішінде 12 Ми-8Т тікұшағы, 2 AS-365N3 Eurocopter тікұшағы, 4 AgustaWestland 139 тікұшағы) мен жолаушылар ұшақтары (2 бірлік, оның ішінде Challenger 850, Challenger 870) паркін пайдаланады.

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ авиациялық паркін жаңарту және жаңа шетелдік техниканы сатып алу жолымен жұмыстарды жоғары сапалы және кәсіби шеберлікпен орындайды. «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» АҚ қызметін жүзеге асыру кезінде барынша ашықтық пен мөлдірлікке ұмтылады және клиенттерге қызмет көрсетудің сапалы жаңа деңгейіне жету мен заманауи, бәсекеге қабілетті авиациялық оператор қалпын сақтап қалу мақсатын алдына қояды.


«KMG Systems & Services» ЖШС

(ресми сайт: www.kmg-tc.kz)

Иесі «KMG Systems & Services» ЖШС болып табылатын мұнай төгілуін тексеретін Солтүстік Каспий экологиялық базасы (СКЭБР), бүгінгі таңда Каспий теңізі қайраңында мұнай операцияларына қолдау көрсететін сервистік инфрақұрылымның жалғыз стратегиялық нысаны, сондай-ақ мұнайдың апаттық төгілуін тексеруге арналған маманданған жалғыз нысан (ЛАРН) болып табылады.

2013 жылғы тамыз айында «KMG Systems & Services» ЖШС мен Қашаған жобасының операторы - NC Production Operations Company B.V. (NCPOC) арасында 10 жылдық мерзімге арналған ұзақ мерзімді СКЭБР жалдау шарты бекітілді.

Үшінші деңгейдегі мұнай төгілуін жою (250 тоннадан бастап) бұл мұнай төгілуін жоюға үшін ғана емес, өрт сөндіру, ұңғыманы бітеу және т.б. арналған отандық және халықаралық ресурстарды қатыстыратын іс-шаралардың ауқымды кешені. Бұл жағдайда Қашаған кен орнының операторы үшінші деңгейдегі мұнай төгілуін жоюды ұйымдастырады және сәйкесінше Oil Spill Response Limited түрдегі тараптық маманданған ұйымдарды қатыстыру бойынша шешім қабылдайды.

2012 жылғы 6 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (№422) мақсаты экологиялық сипаттағы ластануларды тудыратын мұнай төгілулеріне шұғыл, тиімді білікті елеуді қамтамасыз ету және олардың зардаптарын жою бойынша тиісті операцияларды орындау болып табылатын Қазақстан Республикасының теңіздері мен ішкі су айдындарында мұнай төгілулерінің алдын алу және оларды жою бойынша ұлттық жоспар бекітілді.

Осы Ұлттық жоспарға сәйкес – үшінші деңгейдегі мұнай төгілулерін жою бойынша шаралар мұнай төгілулерін елеу бойынша ұлттық комиссиямен үйлестіріледі.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «KMG Systems&Services» ЖШС еншілес ұйымының тұлғасында энергия мен өнеркәсіптік автоматтандыруды басқару саласында әлемдік көшбасшылардың бірі «KMG Automation» ЖШС – бірлескен кәсіпорын құрды. Жаңа бірлескен кәсіпорын жергілікті кадрларды пайдаланып Қазақстан өнеркәсібінің түрлі салалары мен бірінші кезекте мұнай-газ кешені үшін әлемдік деңгейдегі технологиялық процестерді автоматтандыру бойынша жобаларды әзірлеп іске асыруды жоспарлап отыр.

Бірлескен кәсіпорынның негізгі міндеті жергілікті кадр әлеуетін дамыту және Қазақстанда өнеркәсіптік автоматтандыру, бағдарламалық қамтамасыз ету және энергияны басқару саласында жүйелерді жергілікті жинақтауды арттыру болып табылады. «KMG Automation» отандық өнеркәсіпті өндіріс тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бойынша алдыңғы қатарлы шешімдермен қамтамасыз етеді деп болжанады.


«ТеңізСервис» ЖШС

(ресми сайт: www.tenizservice.kz)


«ТеңізСервис» ЖШС негізгі міндеті Каспий теңізінің қазақстандық секторында теңіз мұнай операцияларын жолдау инфрақұрылымын құру, оның тиімді пайдалануы мен оның қызметінен табыс алу болып табылады.

Іске асырылған жобалар

Баутинода теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы

Қоймада сақтау, айлаққа байлау және орнату, тас жыныстарын тиеуге арналған айлақ, кемелердің қысқы тұрағы және т.б. CMOC, BKE Shelf, Н ОперейтингКомпани, Жамбыл Петролеум, Сәтпаев Оперейтинг қызметтер көрсетеді.

Теңіз кемелеріне жанармай құю стансасы, КСКМ теңіз мұнай операцияларын жүргізетін компаниялардың теңіз кемелері мен автоцистерналарына жанармай құю. Аджип ККО, CMOC, Жамбыл Петролеумге қызмет көрсетеді.

Қалдықтарды кәдеге жарататын полигон

Уытты өнеркәсіптік қалдықтар мен сарқындыларды, оның ішінде бұрғылау қалдықтарын қабылдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату.

Аджип ККО, CMOC, «Жамбыл Петролеум» ЖШС, Н-Оперейтинг және басқа операторларға қызмет көрсетеді.

СП Kaz M-I, Бұрғылау балшықтары зауыты

Мына салаларда жаңашылдық технологияларын ұсынады: бұрғылау балшықтары, ұңғымаларды бітеуге арналған балшықтар және жер қыртысын ашуға арналған балшықтар.

Жағалаулық инфрақұрылым нысандарын орналастыруға арналған өндірістік алаң (алаң – 20 га)

Стратегиялық серіктестікті іздеу жүзеге асырылады. Thyssencrupp, Hyundai-мен меморандамдарға қол қойылды.

Іске асырылатын инвестициялық жоба «Жүктерді тасымалдау бағдары»

Осы Жобаны іске асыру шеңберінде жүктерді тасымалдау, ТШО келешек кеңейту жобасының құрылысы үшін қажетті ірі көлемді модульдерді қабылдау, қотару және сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ететін Атырау облысы Прорва ауданында инфрақұрылым құрылысы жүзеге асырылады (теңіз арнасы, айлақ, жербеті құрылымдары). Келешекте Жоба инфрақұрылымы өңірде басқа да мұнай-газ жобаларын дамыту кезінде пайдалана алады.

Жобаны іске асыру мерзімдері 2012-2017 жж.


«KMG Drilling & Services» ЖШС

(ресми сайт: www.kmg-ds.kz)


«KMG Drilling & Services» ЖШС негізгі міндеті халықаралық стандарттар бойынша бұрғылау және біріктірілген сервистік қызметтер көрсететін отандық бұрғылау сервистік компаниясын құру болып табылады, ірі мұнай-газ жобаларына кіруді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.


«Сәтті» өзі көтерілетін қалқыма бұрғылау қондырғысының құрылысы» жобасы

«KMG Drilling & Services» ЖШС өзі көтерілетін қалқыма бұрғылау қондырғысының құрылысын жүзеге асырады, оны кейіннен Каспий теңізінің қазақстандық секторында бұрғылау қызметтерін көрсету үшін пайдалану жоспарланып отыр.


«ТШО үшін бұрғылау қызметін көрсетуге арналған бұрғылау қондырғыларын сатып алу» жобасы

Nabors Drilling International Ltd. компаниясымен бірігіп Теңізшевройл ЖШС-нің бұрғылау бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «KMG Drilling & Services» ЖШС жобасы

ҚР Үкіметі мен Теңізшевройл ЖШС арасында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде инвестицияларға, оқыту мен даярлыққа, сондай-ақ Келешек кеңейту жобасы мен 2013 жылғы 14 қарашадағы № 1228 ТШО ЖШС шегендік қысымды басқару жобасын жүзеге асыру арқылы ҚР еңбекпен қамтуға көмектесу мақсатында ТШО бұрғылау бағдарламасын іске асыру үшін 2015 жылдың 21 сәуірінде « «KMG Drilling & Services» ЖШС және мұнайгаз бұрғылау саласындағы әлемдік көшбасшы «Nabors Drilling International Ltd» арасында біріккен кәсіпорын құру туралы еншілес құжаттарға қол қойылды. «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС БК құрылды. «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС құру бұрғылау секторын дамытуға көмектеседі, Nabors басқару тәжірибесі, технологиялары мен жүйесін қабылдауға, жергілікті қамтуды ұлғайтуға, үздік әлемдік практикаға сәйкес бұрғылау қызметтерін көрсету саласында біліктілігі жоғары кадрларды оқытуға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді келешекте Қр ірі мұнай-газ жобаларында бұрғылау мердігері ретінде тиімді жұмыс істеу.


«Салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС

(ресми сайт: www.projectskmg.kz)


«Салынатын кәсіпорындар дирекциясы» ЖШС негізгі міндеті ҚМН ҰК мен Эни италия компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісімнің шарттарына сәйкес «Құрық» кеңшарында кеме құрылысы/кеме жөндеу зауытын салу» жобасының іске асырылуына бақылау және басқару болып табылады.


«Құрық» кеңшарында кеме құрылысы/кеме жөндеу зауытын салу» жобасы

Жоба мақсаты – Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде теңіз кемелері мен жабдықтарын салу және техникалық қызмет көрсету.

2014-2015 жылдар кезеңінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жүзеге асырылады.


«АктауОйлМаш» ЖШС

«ҚазМунайГаз» ҰК АҚ және «Спутник-Интеграция» ЖШҚ ресей компаниясымен бірлесіп «АктауОйлМаш» ЖШС құрды.

KPI (Ақтау қаласы) территориясында өндірістік алаңы 25000 кв.м. өндіріс салынған. «Морпорт Актау» ЕЭА территориясында жаңа зауыт құрылысы үшін аумағы 10 га жер телімі рәсімделген. Әзірлену обасы жүріп жатыр («КИНГ» АҚ).

Мұнайгаз компанияларының қажеттіліктеріне сай әсіресе өлшеу жүйесі: АГЗУ, СИКН бойынша «АктауОйлМаш» ЖШС базасында өндірістік жабдықтар ұйымдастырылған, олар мұнайгаз компанияларының қажеттіліктеріне сай әсіресе:

  • өлшеу жүйесі бойынша: АГЗУ, СИКН;
  • динамикалық жабдықтар: БКНС, НПС, ДКС;
  • серийлы блотық-модульді өнімдері: БГ, БДР;
  • энергетикалық жабдықтар: РУ, КТП.

Автоматтандыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде: АСУТП, АСУПТ.

Қазіргі таңда келесі жобалар жүзеге асырылды және жүзеге асырылуда:

  • «Өзенмұнайгаз» АҚ үшін: екі БКНС реконструкция, деэмульсациялау тұндыру қондырғысын жеткізу (ДТҚ), электрлі сорғылы мөлшерлегіш (ЭМҚ) қондырғысын, көлденең тұндыру (КТ) қондырғысын жеткізу, физикалық тұрғыдан ескірген КТПН алу және ауыстыру, АГЗУ ауыстыру, блоктық газ сепараторын жеткізу (СИБ). Ұңғымалық, қарнақтыайналдырғыш фильтрлерді жеткізу.
  • «Қаражанбасмұнай» АҚ үшін: 2015 жылғы бағдарлама бойынша Қаражанбас кенорнындағы 200 ұңғыманы электрмен жабдықтау жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары «Бұрғылау-2015».
  • «Ембімұнайгаз» АҚ үшін: АГЗУ телемеханикаландыру жүйесі, жеке қажеттіліктеріне қатысты есеп жүйесін енгізу, резервуарлы парктердің автоматты өрт сөндіру жүйесін енгізу, мұнай есебі, трансформаторларды ауыстыру (КРУН, ОРУ) коммерциялық желілерінің құрылысы
  • «Маңғыстаумұнайгаз»: КТПН жеткізу.
  • «АқтауОйлМаш» ЖШС қызметі аясын кеңейтуге мүмкіндік беретін бұзылмайтын бақылау зертханасы, электрлі зертхана іске қосылды

Зауыттың екінші және үшінші алаңының құрылысы (Жаңаөзен және Ақтау қалалары) жоспарлануда, Қазақстан Республикасының нарығына арналған мұнайгаз жабдықтарының өндірісі номенклатурасын кеңейту.

Бұдан әрі Қазақстан Республикасының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін және экспортқа шығуы үшін толық жобалық қуатын жүзеге асыру жоспарлануда.


«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ»

(ресми сайт: www.king.kz)

«Қазақ мұнай және газ институты» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГИ» АҚ) – қазақстан Республикасында ірі ғылыми-зерттеу және жобалау компаниясы 2002 жылғы желтоқсанда құрылды және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы болып табылады.

«ҚМГИ» АҚ Қазақстан Республикасының мұнай газ саласында кешенді ғылыми және инжинирингтік қолдауды жүзеге асырады. Қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • Қазақстан мұнай және газ өнеркәсібін кешенді дамыту стратегиясын ғылыми қамтамасыз ету;
  • инжиниринг:

    • Мұнай және газ кен орындарын жарақтау;
    • Мұнай және газ көлігі жүйелері;
    • Мұнай қайта өңдеу және мұнай химиясы;
  • кешенді инженерлік ізденістер;
  • «кілтке» жобалар тапсыру – EPC шешімдер
  • кен орындарын қазу саласында инжиниринг, қорларды есептеу және бұрғылау;
  • экологиялық жобалар;
  • технологиялар мен техникалық құралдар саласында ғылыми зерттеулер;
  • мұнай және газ өнеркәсібіне арналған геологиялық-геофизикалық ақпараттардың деректер банкін басқару;
  • мұнай-газ саласында технологиялық процестерді және басқару жүйелерін кешенді автоматтандыру мен ақпараттандыру;
  • нормативтік техникалық нұсқаулықтар мен ережелер әзірлеу.

Компания штатында Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының жетекші мамандары жинақталған және 1000-нан астам адамды құрайды, оның ішінде 2 ҚР ҒЗА академигі, 2 ҚР ҒЗА мүше-корреспонденті, 8 ғылым докторы, 2 Ph.D., 4 профессор, 28 ғылым кандидаттары.



  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014