Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Мұнай-химия және мұнай өңдеу саласындағы жобалар

«ЭЛОУ-АВТ қондырғысының және Атырау МӨЗ-на БКҚ (баяу кокстау қондырғысы) қондырғысының вакуум блогын қайта құру» жобасы

Жоба құрылыс сатысында. Екі жұмыс істеп тұрған ЭЛОУ-АВТ-3 қондырғысын және баяу кокстау қондырғысын қайта құру шеңберінде ЭЛОУ-АВТ-3 вакуум блогының қуатын жылына 1600 мың тоннадан бастап 1800 мың тоннаға дейін және баяу кокстау қондырғысын жылына 700 мың тоннадан бастап 1000 мың тоннаға дейін ұлғайту, вакуумды газойл өндірісінің көлемін ұлғайту жоспарланып отыр. 
Құрылысты аяқтау мерзімі 2010 жыл. . 

«Атырау МӨЗ-да хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу» жобасы

Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды. 
2009 жылғы 29 қазанда Sinopec Engineering (Қытай) стратегиялық әріптеспен «кілтпен тапсыру» талаптарымен құрылыс салуға келісімшартқа қол қойылды. Құрылысты бастап жөнінде ұйымдастыру іс-шаралары өткізілуде. 
Жобаны іске асыру октаны жоғары автобензиндерді өндіру көлемін ұлғайтуға, бензин сапасын Еуро-3 стандарттары деңгейіне дейін жақсартуға және ҚР мұнай-химия өнеркәсібі үшін базалық мұнай-химия шикізаты ретінде бензол мен параксилолды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Құрылысты аяқтау мерзімі 2013 жыл. 

«Атырау МӨЗ-да мұнайды терең өңдейтін кешен салу» жобасы

Жобаның ТЭН әзірленіп, мемлекеттік сараптама мақұлдады (әзірлеуші «Axens» компаниясымен одақтасқан «Қазгипромұнайтасмалы» ЖК» ЖШС). Қоршаған ортаға әсер етуін алдын ала бағалау жөнінде қоғамдық тыңдау жүргізілді. 
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде. 
Жобаны іске асыру мұнайды өңдеу бойынша теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға, ақшыл мұнай өнімдерін өндіруге, 86%-ға дейін мұнайды терең өңдеуге, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. 
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл. 

«ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ қайта құру және жаңғырту» жобасы

Honeywell-UOP (АҚШ) компаниясы жобаның ТЭН әзірледі. 
«ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ қайта құру және жаңғырту шеңберінде мұнай өңдеу бойынша жобалау қуатын жылына 6 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру, ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту, 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеу, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту жоспарланып отыр. 
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл. 
Ел үшін стратегиялық маңызы бар «ПетроКазахстан Ойл Продактс» МӨЗ қайта құру және жаңғырту ҚМГ үшін ғана емес, сонымен қатар тұтастай ел үшін үлкен маңызы бар, өйткені Қазақстанның халық тығыз орналасқан оңтүстік өңірінде энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

«Павлодар МХЗ қайта құру және жаңғырту» жобасы

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «Eni s.p.a» Итальян компаниясы арасында қол қойылған Қазақстан Республикасында мұнай-газ барлауға және өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне белгілі бір инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандумның негізінде 2009 жылғы қазанда 2010-2014 жылдарға арналған «Павлодар МХЗ» АҚ-ны дамыту бағдарламасы әзірленді. Зауытты жаңғыртудың алдын ала ТЭН, егжей-тегжейлі ТЭН және бас жоспарын әзірлеу жүргізілуде. 
Зауытты қайта құру және жаңғырту шеңберінде мұнай өңдеу бойынша жобалау қуатын жылына 7,5 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру, ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту, 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеу, ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту жоспарланып отыр. 
Құрылысты аяқтау мерзімі 2014 жыл. 

«Ақтау пластмасса массасы зауытында жол битумын өндіру» жобасы

2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «SAT & Company» ЖШС-дан «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ның (бұдан әрі – KPI АҚ) 50% акциялар пакетін сатып алды, олардың активтеріне Ақтау пластмасса массасы зауыты кіреді. 
Жобаның жобалау-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеу және техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) пысықтау жөніндегі жұмыстарды сатып алуға шарттар жасалды.Жобаның ТЭН және ЖСҚ пысықтау аяқталды. 
2009 жылы «CITIC Group» (ҚХР) және KPI АҚ арасында Битум зауытын салу және басқару мақсатында бірлескен зауыт құру және қатысу бойынша негізгі қағидаттар туралы келісімге қол қойылды. «CASPI BITUM» бірлескен кәсіпорны» ЖШС (Ақтау қ.) кәсіпорнын мемлекеттік тіркеу жүргізілді, оның құрылтайшылары KPI АҚ және «Ситик Қазақстан» ЖШС ( «CITIC Group» еншілес ұйымы) болып табылады. 
Жобаны іске асыру жылына 420 мың тонна Қазақстанның климаттық талаптарына сәйкес келетін жол битумдарын өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Қазіргі уақытта жобаны қаржыландыруды және бас мердігерді таңдауды ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 
Аяқталу мерзімі: 2011 жыл. 

Тасымалдау бойынша жобалар

«Қазақстан-Қытай газ құбырын салу» жобасы

Қазақстан-Қытай газ құбырын салу жобасы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы 18.08.2007 жылғы Қазақстан-Қытай газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты – Өзбекстан мен Қазақстан аумағы арқылы ҚХР-на түркімен газын транзиттеу, сондай-ақ қазақстан газының экспорты, ол экспорт бағдарларын әртараптандыруға және оңтүстік облыстарды меншік газбен қамтамасыз етуге, өз кезегінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан – Қытай газ құбырының бірінші учаскесін салу жобасын іске асыруды «ҚазТрансГаз» АҚ және Trans-Asia Gas Pipeline Limited (CNPC аффилиирленген компания) паритетті негізде 2008 жылы 15 ақпанда құрылған «Азиялық Газ құбыры» ЖШС («АГҚ» ЖШС) жобалау компаниясы жүзеге асырады.

Газ құбырын салу 2008 жылғы 9 шілдеде басталды, бірінші кезеңі халықаралық практика үшін рекордты мерзімде жұмыс кестесінен бұрын аяқталды. Құрылысқа 4 мыңнан астам адам тартылды.

2009 жылы 12 желтоқсанда Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Басшысы Ху Цзиньтао ұзындығы 1308 км құрайтын Қазақстан-Қытай магистральді газ құбырының Бірінші учаскесіні 1-жібін іске қосуды жүзеге асырды.

2012 жылдың соңына қарай газ құбырының қуатын жылына 30 млрд. м3 дейін жеткізу жоспарланып отыр. Газ құбырын одан әрі жылына 40 млрд. м3 дейін дамыту «Бейнеу-Шымкент» магистральдық газ құбырын салу» жобасымен жинақта іске асырылатын болады.

«Қазақстан-Қытай газ құбырының екінші учаскесін салу (Бейнеу-Шымкент)» жобасы

Жоба республиканың оңтүстік өңірлерінде газға деген мұқтаждықты тұрақты қамтамасыз ету, импорт газына тәуелділікті болдырмау және елдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 06.02.08 жылғы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес іске асырылады.

Газ құбырының бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша өтеді және мынадай негізгі техникалық сипаттамалары бар: өткізу қабілеті жылына 5 млрд. текше м (Бірінші кезек 2010-2013 жылдар), жылына 10 млрд. текше м (екінші кезек 2014-2019 жылдар), ұзындығы 1487 км, диаметрі 1000 мм (1 жіп). 2009 жылы ҚР ЭМРМ тапсырысы бойынша Республикалық бюджет қаражатынан «КИНГ» АҚ – «КАТЭК» ЖШС жобалау институттарының консорциумы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтады (Жоба сатысы) және «Мемсараптама» РМК оң қорытынды алынды (14.08.09ж. № 01-377/09).

Жобаны іске асыру мақсатында 2009 жылы мыналарға қол қойылды:

  • 2009 жылы 16 сәуірде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың ҚХР-на ресми сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы (бұдан әрі – ҚҰМК) арасында Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту және 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде қары алуға жәрдемдесу туралы негіздемелік келісімге қол қойылды, оның шамамен 3 млрд. АҚШ доллары «Бейнеу-Шымкент» газ құбырын салу жобасына көзделген;
  • 2009 жылы 14 қазанда «2007 жылғы 18 тамыздағы ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы «Қазақстан-Қытай» газ құбырын салудағы және пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» үкіметаралық келісімге хаттамаға қол қойылды, онда Тараптар біржолғы салым түрінде әр тараптан 500 (бес жүз) миллион АҚШ доллары (75 млрд. теңге) мөлшерінде жобаны іске асыру үшін құрылатын бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастыру туралы өздеріне міндеттеме қабылдады;
  • 2009 жылы 14 қазанда ҚМГ және ҚҰМК өкілдерінің арасында кеңес хаттамасына қол қойылды, онда Жобалау компаниясын құру талаптары көрсетілген;
  • 2009 жылғы 12 желтоқсанда ҚМГ және ҚҰМК арасында Қазақстан-Қытай газ құбырының Екінші учаскесін жобалау қаржыландыру мәселесі бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
  • 2010 жылғы 12 маусымда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы арасында Қазақстан-Қытай газ құбырының Екінші учаскесін жобалауды, қаржыландыруды, салуды және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.

Осы жобаны іске асыруды 2010 жылы бастау жоспарланып отыр.


Барлау және өндіру бойынша жобалар

«Сәтбаев» жобасы

2005 жылы 18 ақпанда өткізілген сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік, мәдени ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-үнді үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысының шеңберінде Каспий теңізі шельфінде барлау және өндіру саласында «ҚазМұнайНаз» ҰК АҚ мен «ONGC Videsh Limited» үнді компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Осы Меморандум шеңберінде «ONGC Videsh Limited»-мен бірлескен зерделеу жөнінде жұмыстар жүргізілді және жұмыстың қорытындылары бойынша тараптар одан әрі бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін біршама перспективалы ретінде «Сәтбаев» учаскесі анықталды.

Сәтбаев чуаскесі жағалаудан 90 км ара қашықтықта КСКМ сотүстік бөлігінде орналасқан.

2009 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға мемлекеттік сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҮК АҚ мен «OMEL» үнді компаниясы арасында «Сәтбаев» жобасы бойынша қағидаттар туралы келісімге қол қойылған болатын, оған сәйкес тараптар «Сәтбаев» жобасын болашақта іске асырудың негізгі коммерциялық талаптары туралы уағдаласты.

Сонымен қатар, 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Құзіретті орган – ҚР ЭМРМ-мен тікелей келіссөздер жүргізді, оның нәтижесінде ҚР ЭМРМ барлау және өндіру талаптарында «Сәтбаев» учаскесі бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-на беру туралы шешім қабылдады.

2010 жылғы маусымда жер қойнауын пайдалану құқығын алу жөнінде Құзыретті және мемлекеттік органдар жүргізген жұмыстардың нәтижесі бойынша ҚР МГМ мен ҚМГ арасында Сәтбаев учаскесінде барлау және өндіру жүргізуге келісімшарт (2010ж. 15 маусым № 3575) жасалды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сонымен қатар мәміле бойынша құжаттар пакетін келісу бойынша үнді тарапымен коммерциялық келіссөздер өткізуде, оған сәйкес «Сәтбаев» жобасындағы 25% үлесті үнді тарапына қайтып беру және жоба бойынша операциялық компания құру жөнінде жұмыс жоспарланады. Бұдан басқа, ҚМГ үнді тарапына қайта табыстау жоспарланған жер қойнауын пайдалану құқығының жоғарыда көрсетілген 25 % үлесінің құнын тәуелсіз бағалауды бастады.

«Дархан» жобасы

«Дархан» жобасы бойынша бірлескен ынтымақтастық осы жоба бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылғаннан бастап 2005 жылғы тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Қытай ұлттық теңіз мұнай компаниясы және Қытай ұлттық мұнай корпорациясы (CNOOC және CNPC) құрамында бар Қытай Консорциумы арасында басталды.

Жоғарыда айтылған Меморандум шеңберінде тараптар бірқатар келісімдерге қол қойған болатын, оған сәйкес тараптар одан әрі ынтымақтастық үшін «Дархан» учаскесінің перспективалылығын анықтау үшін геологиялық-геофизикалық деректерге бірлескен зерделеу жүргізді.

Бүгінгі таңда тараптар жобаны іске асырудың негізгі коммерциялық, техникалық және экономикалық талаптарына бірлескен талқылау жүргізді және «Дархан» жобасы бойынша ынтымақтастық қағидаттары туралы келісімді дайындау жөнінде жұмысты жалғастыруда.

  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014