Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Қазір бөлім жаңартылуда.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ)


ҚР Президентінің 19.03.10 жылғы № 957 Жарлығымен Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы (ҮИИДМБ) бекітілді, оның негізгі міндеттері қатарына әртараптандыру арқылы экономиканың орнықтылығы мен теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету және оның бәсекеге қабілетін арттыру, экономиканың басым секторларын дамыту және т.б. жатқызылады.
ҮИИДМБ құрамдас элементі ҚР Үкіметінің 13.04.10 жылғы қаулысымен бекітілген және өзіне 101 инвестициялық жобаны қамтитын 2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустриаландыру картасы болып табылады.

Атырау МҚЗ қайта құрылымдау және жаңарту
«Хош иісті көмірсутектерін өндіру кешенін салу»

Болжанатын әсер:

  • Зауыт күшін жылына 4,3-тен 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту
  • Евро-3 стандартының жоғары октанды бензинін өндіру көлемін ұлғайту
  • Бензол мен параксилол (мұнай химиясына арналған шикізат) өндіру

Ағымдағы жағдай:

  • 2009 ж. - «SinopecEngineering» (КНР) «жаңа күйде тапсыру» жағдайында EPC-келісімшартқа қол қойылды
  • 2010 ж. - БРК және АНПЗ арасында 1 064 млн. АҚШ $ сомасына басты несие келісіміне қол қойылды
  • 2010 ж. –312 млн. АҚШ $ көлемінде аванстық төлем жасалды, мердігер құрылысты бастады.
  • 2011 ж. – алаңдар, инженерлік-геологиялық және топография-геодезиялық жұмыстар дайындалды, құрылыс алаңдарында іргетас қалау және бетон жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Жабдық дайындауға тапсырыстар орналастырылды.

Жоспарлар:

  • Жұмысшы құжаттаманы әзірлеу - 2012 ж.
  • Жабдықтар сатып алуға арналған тапсырыстар орналастыру - 2013 ж.
  • Пайдалануға енгізумен жоба нысандары бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу - 2013 ж. (желтоқсан)

Жобаны іске асыру мерзімдері: 2010-2013 жж.

Атырау МҚЗ қайта құрылымдау және жаңарту
«Мұнайды тереңнен қайта өңдеу кешенін салу»

Болжанатын әсер

  • Зауыт күшін жылына 5,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту
  • Жоғары октанды бензин, авиаотын мен дизель отынының өндірісін ұлғайту
  • Қайта өңдеу тереңдігін 87% дейін ұлғайту
  • Мотор отындарының сапасын Евро-4, Евро-5 стандарттарына жеткізу

Ағымдағы жағдай:

  • 2009 ж. - АНПЗ Жобаның жобалау-смета құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеуге «Омскнефтехимпроект» (РФ) ААҚ (ОМХП) шартқа қол қойылды
  • 2010 ж. - ОНХП және «Axens» арасында кешеннің технологиялық процестері бойынша лицензиялық келісімге қол қойылды
  • ОНХП ҚР мемлекеттік органдарында жобаның ЖСҚ келісу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

Жоспарлар

  • Жоба ЖСҚ ҚР Мемсараптама бекітуі – 2011 ж.
  • Қаржыландыру көздерін, мердігерлерді анықтау және «ЕРС-келісімшартқа қол қою - желтоқсан 2011 ж.

Шымкент МҚЗ қайта құрылымдау және жаңарту

Болжанатын әсер:

  • Зауыттың жобалық күшін жылына 6 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру
  • Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін 90% дейін ұлғайту
  • Мұнай өнімдері сапасын Евро-4, Евро-5 стандарттарына дейін көтеру
  • Атмосфераға ластаушы заттар шығарылуын қысқарту

Ағымдағыжағдай:

  • TechnipItalyS.p.A компаниясы өршіту крекингін орнату негізінде жоба ТЭН әзірлеп жатыр
  • Жобаның ЖСҚ әзірлеуге тендер жарияланды (түйіршіктеу бағанасымен бензинді изомерлеу, гидротазарту, ОЗХ күкірт өндіру қондырғылары бойынша)

Жоспарлар:

  • ҚР Мемсараптамасы ТЭН бекітуі және жобаның ЖСҚ әзірлеуге өту – 2011 ж.
  • Процесс технологияларының лицензиарларын таңдау
  • Қаржыландыру көзін анықтау

Жобаны іске асыру мерзімдері: 2010-2015 жж.

Павлодар МХЗ қайта құрылымдау және жаңарту

Жоба мақсаты:

  • Зауыттың жобалық күшін жылына 7,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту
  • Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін 90% дейін ұлғайту
  • Мұнай өнімдері сапасын Евро-4, Евро-5 стандарттарына дейін көтеру
  • Атмосфераға ластаушы заттар шығарылуын қысқарту

Ағымдағы жағдай:

  • 2009 ж. - ҚМГ және ЭНИ (Италия) арасында «Ынтымақтастық туралы келісімге» қол қойылды. Келісім затына ПМҚЗ жаңарту жобасының ТЭН әзірлеу кірді.

2011 ж. – Жобаның алдын ала ОВОС қоғамдық тыңдаулар жақсы өткізілді
2011 ж. – ТЭН ҚР мемлекеттік органдарда келісу

Жоспарлар

  • ҚР Мемсараптаманың жоба ТЭН бекіту және ЖСҚ әзірлеуге өту
  • Процестер технологиясының лицензиарларын таңдау
  • Қаржыландыру көздерін анықтау

Жобаның іске асырылу мерзімдері: 2010-2013 жж.

«Ақтау ЗПМ» жол битумын өндіру

Болжанатын әсер:

  • Жылына кемі 400 мың тонна жоғары сапалы жол битумын өндіру
  • Жұмыс орнын құру – зауытты салу кезінде 900 адам және пайдалануға енгізгеннен кейін 549 жаңа жұмыс орны

Жобаға қатысушылар:

«KazakhstanPetrochemicalIndustries»АҚ, «CITICGroup» (КНР) «CaspiBitum» БК» ЖШС қатысушылары болып табылады

Қаржыландыру схемасы:

  • «CITIC Group» ұжымдық кепілдігіне «BankofChina» банкінен несие алу есебінен 80%
  • БК қатысушылары – басым негізде «KPI» АҚ және «СИТИК Казахстан» ЖШС қаражатынан 20%

Ағымдағы жағдай:

  • 2010 ж. – БК және Мердігер консорциумы - «КазСтройСервис» МГБК» АҚ және «CITIC Construction» ЖШС арасында Жоба нысандарын салуға «ЕРС-келісімшартына» қол қойылды
  • Битум зауытының құрылым алаңында жалпы зауыт шаруашылығы нысандарын күрделі жөндеу, сұйыққойма парктерін, зауыттың жаңа нысандарының нөлдік циклдерін салу бойынша құрылыс-құрастыру жұмыстары орындалады.

Жоспарлар:

  • Технологиялық қондырғылар және ЖЗШ бойынша жұмыс құжаттамаларын әзірлеу, аяқтау мерзімі – 2012 ж.
  • Технологиялық жабдыққа тапсырыстар орналастыру
  • Жаңа нысандарды салу – құрастыру жұмыстарын жүргізу

Жобаны іске асыру мерзімдері: 2010-2012 жж.

«Бейнеу - Шымкент» газ құбыры

Жоба мақсаты

Республиканың оңтүстік өңірлерінде газ қажетсінуін тұрақты қамтамасыз ету, импорт газдан тәуелділікті болдырмау, елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жаңа экспорт бағдарын құру.
Газ құбырының бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аумағы бойынша өтеді.

Ұзындығы: 1 475 км

Газ құбыры күшін дамыту кезеңдері:

  • I -кезең (Бозой-Шымкент телімі) – 6 млрд. м3/жылға дейін
  • II-кезең (Бейнеу-Бозой телімі) 10 млрд. м3/жылға дейін ұлғайтып.

БК құру: 2011 ж.

Желілік бөлімді салуды бастау: 2011ж III-тоқсан

Жобалық қаржыландыруды бастау: 2011ж. III-тоқсан.

Құрылысты аяқтау (I-кезең): 2013ж. III-тоқсан.


2010 – 2014 жылдарға арналған Қазақстанды индустриаландыру картасы

2010 жылы 28 маусымда Астана қаласында «Назарбаев университеті» ғимаратында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Мықты Қазақстанды бірігіп құрамыз!» атты жалпы ұлттық телекөпір болып өтті. Телекөпір уақытында Қазақстанның барлық өңірлерінің әкімдері Президентті елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының бес жылдық бағдарламасы шеңберінде іске асырылған жобаларды пайдалануға қосылғаны туралы хабарландырды. Осы жоба шеңберінде Маңғыстау облысында Баутино портының кеме жөндеу зауыты таныстырылды (жобаның қатысушысы «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТККК» АҚ болып табылады) және ІІ-ші кезекте газды кәдеге жарататын кешен салу («ҚазГерМұнай» БК» ЖШС).


2008 жылғы наурызда осы инвестициялық жобаны іске асыру үшін «Маңғыстау облысы кеме жөндеу зауыты» ЖШС бірлескен кәсіпорын құрылды.
Жобаның негізгі мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес барлық түрлі кемелерді және кеме жабдықтарын жөндеу бойынша сапалы әрі қауіпсіз қызметтері көрсету болып табылады.
Зауыттың өндірістік қуаты Ақтау қаласынан 140 шақырымда орналасқан Аташ кентінде «Балықшы» ЖШС теңіз операцияларын қолдау базасының аумағына орналасқан.


«ҚазГерМұнай» БК ЖШС кен орындарының ілеспе газын кәдеге жарату бағдарламасын орындау

Бағдарламаны іске асыру үшін мына объектілерді салу жоспарланып отыр:
  • жұмыс істеп тұрған ГДҚ қуатын шикі газ бойынша жылына 500 млн. м3 дейін ұлғайту;
  • Нұралы кен орнын Нұралы газ құбыры құрылысымен абаттандыру – Ақшыбұлақ Орталық ГДҚ;
  • ГЖЭС - Ақшабұлақ кен орнына 87 МВт Ақшабұлақ.
Ілеспе газды кәдеге жарату бағдарламасын орындау:
  1. «Ақшабұлақ кен орнында ГДҚ кеңейту»:
Объектіні салу аяқталу сатысында, іске қосу-жөндеу жұмыстарына дайындық.
Объект 2010 жылғы 28 маусымда пайдалануға енгізілді.
  1. «Тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезінде Нұралы кен орнын абаттандыру»:
Объект 2009 жылы желтоқсанда пайдалануға енгізілді.
  1. 1. ГЖЭС - Ақшабұлақ кен орнына 87 МВт Ақшабұлақ (объектіні пайдалануға енгізу мерзімі – 2011 жылғы 31 мамыр )

Бүгін Қазақстанда 75 инновациялық жоба іске қосылып, 6 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014