Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Қорлардың орнын толтыру және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу

Іс жүзінде 2015 ж. 1 қаңтарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (қатысу үлесін есепке алумен) өндірген дәлелденген қалдық мұнай қорлары және конденсат 818,3 млн. тоннаны құрайды, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ» бекітілген Даму стратегиясынан мұнай қорларын арттыру ҚМГ активтері кен орындарын барлау және өндірілетін кен орындары қорларын қайта есептеу есебінен болды.

Соңғы жылдары, соның ішінде гелогиялық барлау әдістерін кешендеу және сейсмобарлау мен геоүлгілеуді қолдану есебінен құрлықта және теңізде келесі кен орындары ашылды:: Рожковская, Урихтау, Оңтүстік-Шығыс Тасым, Асанкеткен, Жамбыл, Ұлутас теңізі, Хазар, Ауэзов, Уаз, Қондыбай, Оңтсүтік-Шығыс Новобогатинское, сондай-ақ елдің Шығысында бірнеше кен орындары ашылды (Оңтсүтік Торғай, Алакөл бассейні).


Қазақстанның 15 шөгінді бассейндері бойынша өткізілген кешенді зерттеулер бойынша алынған нәтижелер негізінде Компанияға көмірсутек шикізаты қорлары санын анықтауға және одан әрі зерттеулер жүргізу үшін келешекті блоктар мен аймақтарды анықтауға мүмкіндік туды.

Күрделі құрылған объектілерді геологиялық зерттеу және дала сейсмобарлау жұмыстарын өткізу үшін зерттеулер жүргізу жағдайында Компанияда жоғары рұқсат ету сейсмобарлау (ЖРС) әдістері, жоғары тығыздықты, кең азимуталды және ЗД жоғары көп кешенді бақылау жүйесі, разрездің литологиялық құрылымын егжей-тегжейлі зерттеу үшін ЗД тік-сейсмикалық тетікті бір қалыпқа келтірудің арнайы әдістерін қолдану, жоғары аэромагнитті түсірілім сияқты жаңа кешенді әдістемелер қолданылады.

Деректерді өңдеу кезінде уақытша және терең өңдеу, мультфокусинг әдістемелері бойынша, жалпы көрсету беті әдісі (CRS) бойынша жаңа технологиялар, дуплекс толқындарды өңдеу технологиялары қолданылады. Гравибарлау, магнитті барлау, электробарлау және геохимиялық түсірілім сияқты геофизикалық доға әдістермен кешендеу қолданылады.


Мысалы, Қожасай кен орны алаңында, тұзды карбонат қалыңдығының құнарлы интервалы құрылымын қосымша зерттеу мақсатында «дифракциялық мультифокусинг» технологиясы бойынша ЗД сейсмикалық деректерді арнайы өңдеу технологиялары сәтті қолданылды. Жұмыстар нәтижелері бойынша кен орындарын одан әрі өңдеуді және болжалды бұзылу аймақтарын жаюды есепке ала отырып қиғаш және көлденең ұңғымаларды орналастыруды оңтайландыру жүргізіледі.

Нәтижелер бойынша Имашевский кен орны материалдарында қолдану үшін ұсынылған, Амангелді кен орны тобында қолдану жоспарланған.

Қолданылатын әдістемелер геологиялық құрылымның ұқсас күрделілігіне ие бас кен орындарында ГБЖ орындау тиімділігін арттырады.

Компания теңізде және құрлықта ГБЖ барлаудың жаңа технологияларын қолдану тиімділігін және көлемін арттыру есебінен үлкен тереңдікте жер қыртысын қосымша геологиялық барлау арқасында (Каспий маңы тұзды кешеніндегі Астарахань-Ақтөбе көтеру аймақтарымен және борттық аймақтармен байланысты көкжиектер, разрездің келешекті девон-турней бөлігі бойынша ірі объектілер) қорларды арттыруға қол жеткізуді жоспарлауда. ГБЖ-да жаңа инновациялық бағыттар мен технологияларды дамыту және тартуды күшейту зерттеу үшін аса күрделі және тереңдегі объектілерді барлаумен шартталған, бұл зерттеулер тереңдігі, сейсмикалық сұйылуды арттыру, жылдамдықты талдау нақтылығын арттыру, коллекторлық қасиеттер мен параметрлерді болжау, заттық құрам, кеуектілік аймақтары сияқты мәселелерді шешуді қажет етеді.


2013 жылы Каспий маңы ойпаты – «Еуразия» шегінде өңірлік геологиялық-геофизикалық зерттеулер халықаралық жобасы бастама етілді, оның негізгі мақсаттары жаңа және ірі көмірсутектер кенін байқау және олардың үлкен тереңдіктерде таралу заңдылығын орнату мақсатында Каспий маңы терең геологиялық құрылымын зерттеу, Каспий бассейні өңірінің әлеуетті көмір сутек қорларын бағалау.

Сондай-ақ Шу-Сарысу шөгінді бассейні шегінде төменгі палеозой келешекті әлсіз зерттелген шөгінділерін зерттеуді және нақтылауды кешенді талдау жоспарлануда. Келешекті Мойынқұм газды ойпаттарының (Амангелді кен орындары тобы) 5 км-ға дейін тереңдікте төменгі құрылымдық қабаттардың (нижнедевонский - додевонский кешен) газдылығының дәлелдеу мақсатында терең саңылау бұрғылау қарастырылуда. Жүргізілген сейсмикалық зерттеулер нәтижелері бойынша КСКМ барлау телімінде және құрлықта жаңа келешекті құрылымдар мен кен орындары бөлінді. ҚМГ инвесторларымн бірлесе жаңа жобаларда геологиялық барлау жұмыстарын басталуда: Қансу, Өркен, Үстірт, Исатай, Абай.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Даму жоспарына сәйкес геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

Компанияда көмір сутек әлеуетін кеңейту және мақсаттарға қол жеткізу бойынша орташа мерзімді Іс-шаралар жоспары әзірленді және іске асырылуда:

  • Каспий және жағалауындағы өңірлер жобаларын іске асыру барысында құзыреттерді және терең бұрғылау технологияларын дамыту;
  • құрлықта және теңізде келешекті телімдерде көмір сутек шикізаты қорларын анықтау және бағалау бойынша ғылыми-тақырыптық зерттеулер жүргізу;
  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (КБД) жетекшілік ететін жобалары бойынша корпоративтік деректер қорларын құруға қатысу;
  • көмір сутек кен орындарын барлау, бағалау, игеру және әзірлеу технологиялары бөлігінде мұнай-газ жобаларына мониторинг жүзеге асырылуда;
  • геологиялық-геофизикалық, өнеркәсіптік ақпаратты жинау, өңдеу және түсіндіру бойынша өз орталығын қалыптастыру және дамыту;
  • Мұнай алу коэффициентінің өсімі (МАК);
  • Еңбек өнімділігін арттыру;
  • Компанияның көмір сутек қорлары өсімі;
  • Компания бойынша көмір сутек шикізаты өндірісінің өсімі және жетілген кен орындарында базалық өндірістің құлау қарқынын төмендету;
  • Мұнай өндірісінің салыстырмалы өз құнын төмендету;
  • Барлау және өндіру секторының экологиялық деңгейін арттыру

ҚМГ кен орындарында барлау мен өндірудің өзекті мәселелерін шешу үшін құзыретті дамыту және ғылыми-зерттеу әлеуетін одан әрі дамыту үшін 2014 жылы «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты құрылды (ҚМГ ӨБТ ҒЗИ).

ҚМГ ӨБТ ҒЗИ және ЕТҰ мамандарының біріктірілген күш-жігері келешекті телімдерді зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге, геологиялық барлау жобаларына мониторинг жасауға, кен орындарын әзірлеуге, қыртыстардың мұнай беруін арттыру үшін мұнай өндірісі процестерін жақсартуға және қорлардың өсімін және өткізілетін жұмыстардың экономикалық тиімділігін есепке алумен ҚМГ кен орындарында мұнай алу коффицентін қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚМГ ӨБТ ҒЗИ мұнай және газ өндіру проблемалары бойынша құзыреттер орталығына айналатындығы жоспарлануда,сондай-ақ кен орындарын әзірлеуді егжей-тегжейлі басқарудың барлық кезеңдерін қамтитын супервайзинг жүйесін қалыптастырады, бұл кен орындарының кезеңдері туралы ақпаратты жүйелендіруге және ҚМГ басқа әзірленетін мұнай-газ кен орындары тиімділігін арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014