Байланыс ақпарат
Cайттың картасы
KMG logo
АО НК "КАЗМУНАЙГАЗ"
Өндірістік көрсеткіштер
Мұнай және газ конденсаты 1,96 млн. тонн
Газ 0,43 млрд3
Қантар
  • 1957
  • 432
Мұнай (млн. тонн) Газ (млн. м3)
Мұнай 4,93 млн. тонн (жермен)
0,46 млн. тонн (теңізбен)
Газ 9,75 млрд3
Қантар
  • 4927
  • 455
  • 9747
Мұнайды тасымалдау (мың. тонн (жермен)) Мұнайды тасымалдау (мың. тонн(теңізбен)) Газды тасымалдау (мың. тонн)
Қайта өндеу (жинақталған) 1 146 мың. тонн
АНӨЗ 283 мың. тонн
ПКОП 162 мың. тонн
KazMunayGas International N.V. 381 мың. тонн
ПНХЗ 320 мың. тонн
Қантар
  • 283
  • 162
  • 381
  • 320
АНӨЗ (мың. тонн) ПКОП (мың. тонн) KazMunayGas International N.V. (мың. тонн) ПНХЗ (мың. тонн)
ai80 89 тг.  
ai93 118 тг.  
ai95 138 тг.  
ai98 146 тг.  
dt 99 тг.  
2016 ж. (қаңтар)

Жалпы ақпарат

Алып Теңіз кен орны және одан сәл кішірек, бірақ қоры мол Королевское кен орны жобаның лицензиялық бөлігіне кіреді.

1979 жылы ашылған Теңіз әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі. Теңіз – көлемі 19 км х 21 км құрайтын, әлемдегі мұнай кеніштерінің арасында ең терең орналасқан кен орны, оның жоғарғы мұнайлы қабаты шамамен 4000 метр тереңдікте орналасқан, мұнайлы қабатының қалыңдығы - 1,6 км.

Королевское кен орны 1984 жылы ашылған және Теңіз кен орнынан солтүстік-шығысқа қарай 10 км қашықтықта орналасқан.

1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы мен «Шеврон» компаниясы арасында «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жобасы бойынша келісімге қол қойылған. ТШО-ға көмірсутегілерін барлауға және өндіруге арналған лицензия 40 жыл мерзіміне берілген.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (20%), «Шеврон» (50%), «ЭксонМобил» (25 %), «ЛукАрко» (5 %) компаниялары ТШО қатысушылары болып табылады.

ТШО негізгі қызмет түрлері көмірсутегі шикізатын геологиялық барлау, өндіру және өткізу болып табылады.


ТШО өнімдері

ТШО тауарлық мұнайы өте «жеңіл» болып табылады және өзінің жоғары сапасына байланысты әлем нарығында жоғары бағаға ие.

ТШО 2000 жылдан бастап өз қажеттіліктеріне пайдаланатын, сондай-ақ тұтынушыларға сатылатын жоғары сапалы құрғақ газды өндіре бастады.

ТШО шикі мұнаймен, құрғақ газбен және күкіртпен қатар сұйылтылған көмірсутегі газын (СКГ) да өндіреді. 2001 жылдан бастап СКГ (пропан және бутан) сапасын әлемдік стандарттар талаптарына дейін жеткізуге мүмкіндік берген жаңа объектілер мен қуаттылықтар іске қосылды, бұл оны тек жергілікті ғана емес, Еуропа елдерінің нарығында да сатуға мүмкіндік берді.

Шикі мұнайды күкіртті сутегінен тазалау барысында ілеспелі өнім – кәдімгі күкірт өндіріледі. ТШО кен орнын пайдалану барысында бірнеше жылдардан бері өте көп күкірт өндірді, олар монолитті қатты блок түрінде күкірт карталарында сақталды. Күкіртті сатудың жоғары қарқындары күкірт карталарындағы көлемдердің кенет қысқаруына әкеп соқтырды – 2005 жылы карталарда 9,6 млн. тонна күкірт сақталса, 2015 жылы ТШО күкірт карталарын кәдеге жарату бағдарламасын сәтті аяқтады, қазіргі уақытта жоғары сапалы күкіртті өндіру көлемі оны сату көлеміне тең болды, олар енді күкірт карталарына құйылмайды.

ТШО жоғары сапалы күкірттің мынадай түрлерін өндіріп, сатады:

  • сұйық;
  • қабыршықты (2002 жылдан бері);
  • түйіршектелген (2003 жылдан бері).


ТШО жаңа жобалары


ТШО технологияларды жетілдіру және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтып, кәсіпорынның қуаттылықтарын рет-ретімен ұлғайту бағытында қарқынды жұмыс атқаруда.

2000 жылы ТШО КТЖ (кешенді технологиялық желілер) зауытында «Нитки 5» жобасын, ал 2001 жылы «Программа 12» жобасын іске асырды. Бұл объектілер мұнай өндіруді жылына 13 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Екінші буындағы» өндірісті кеңейту жобасының шеңберінде 2008 жылы Екінші буындағы зауыттың (ЕБЗ) және газды кері айдау (ГКА) объектілерінің іске қосылуы ТШО өндіріс әлеуетін елеулі түрде ұлғайтты. Оның іске асырылуы компанияның стратегиялық перспективаларын маңызды түрде кеңейтіп, ТШО-ны жылына 26 млн. тонна мұнай өндіру деңгейіне жеткізді.

Қазіргі уақытта ТШО Сағалық қысымды басқару жобасының/Болашақ кеңейту жобасының (СҚБЖ/БКЖ) шеңберінде өндірісті әрі қарай дамыту жұмыстарын бастауда.

СҚБЖ іске асырылуы жаңа ұңғымалық өнімді жинау жүйесін, инфрақұрылымдық және қосалқы объектілердің және қысымды арттыру жүйесі объектілерінің құрылысын көздейді, бұл жұмыс істеп тұрған КТЖ және ЕБЗ зауыттарының ағымдағы мұнай өңдеу деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік береді.

БКЖ шеңберіне жылына 12 млн. тонна көлемінде мұнай өңдейтін жаңа зауытты және қуаты жылына 9,4 млрд. текше метрді құрайтын газ айдау объектілерін салу кіреді.

СҚБЭ/БКЖ іске асырылуы ТШО мұнай өндіруді жылына 38 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  • Ақорда ресми сайты
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • Cuba
  • Cuba
  • Cuba
  • ban6
  • privatization.sk.kz
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
  • ban6
© «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ, 2014