Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігі геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

15.12.2025

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) басшысы Мариян Крпанмен кездесті. 

Тараптар Ақтөбе облысында орналасқан «Шығыс» геологиялық барлау жобасына қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Бұдан бұрын ҚМГ жаһандық роуд-шоу аясында Хорватия тарапына жер қойнауын пайдаланудың перспективті жобаларын ұсынған болатын. CHA мамандары геологиялық деректермен танысып, жер қойнауының тиісті учаскелерінің мүмкіндіктеріне өздері талдау жүргізді. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша «Шығыс» жобасына қызығушылық білдірді.  

Стратегиялық серіктесті іздеу аясында CHA-ның 100% еншілес ұйымы — Geoenergija Razvoj d.o.o өтініш берді. Қазіргі уақытта компаниялар негізгі құжаттарды, соның ішінде бірлескен қызмет туралы және қаржыландыру туралы келісімдерді дайындау іс-шараларын аяқтап қалды.

ҚМГ стратегиялық серіктесті анықтау рәсімдерімен қатар жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында «Шығыс» жобасы бойынша 2D сейсмикалық барлаудың тарихи деректерін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Хорватияның көмірсутек ресурстарын барлау мен игеру саласындағы ынтымақтастығын нығайту үшін өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін растады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>