ҚазМұнайГаз және Транснефть алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
11.11.2025
Мәскеуде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен кездесу өткізді.
Тараптар мұнай тасымалдау және транзит саласындағы ынтымақтастықтың негізгі мәселелері мен перспективаларын қарастырды.
ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы экспортқа жіберілетін Каспий құбыр консорциумы, Атырау — Самара, Махачкала — Новороссийск бағыттарының маңызды рөліне тоқталды. Бұл маршруттар көп жылдар бойы өзінің тиімділігі мен экономикалық тартымдылығын дәлелдеді.
А.Хасенов «Транснефть» ЖАҚ басшысы мен ұжымына алғыс білдіріп, компаниялар арасында сенімді өзара серіктестік орнағанын айтты.
Тараптар энергетика саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық екі елдің транзиттік әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға дайын екенін білдірді.