Электрондық конкурс тәсілімен активті сату бойынша
САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19 мекенжайында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі» немесе «ҚМГ») осымен «Ақпараттық-есеп орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») мемлекеттік мүлік тізілімі веб-порталында «Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлiк қоғамы (бұдан әрі – «Компания», «Актив» немесе «Сату объектісі») акцияларының (бұдан әрі – «Акциялар») 100%-ын сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – «Конкурс» немесе «Сауда-саттық») өтетіні туралы хабарлайды.
Акцияларды сату Қордың Директорлар кеңесінің сырттай отырысының
2017 жылғы 31 шілдедегі № 141 шешімімен бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Қор» немесе «СҚ») және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы Қорға меншік құқығында тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың активтерді сату, қайта құрылымдау бірыңғай қағидаларына (бұдан әрі – «Қағидалар») және «Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 шешімімен бекітілген, 2018 жылғы 17 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістері мен толықтыруларын ескере отырып, Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне (бұдан әрі – «Регламент») сәйкес жүзеге асырылады.
Өткізілетін Сауда-саттық туралы ақпарат орналастырылған веб-сайттардың электрондық мекенжайлары: www.kmg.kz, www.gosreestr.kz.
Өткізілетін Сауда-саттыққа байланысты өтініш берушілердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың жүгінуі үшін байланыс деректері:
Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы |
Нұрғазиев Тимур Айратұлы |
Тел.: +7 717-2-78-64-17 |
Сатушының активтерді басқару департаментінің сарапшысы |
Алтыбаева Тұрсынбибі Қасымқанқызы |
Тел.: +7 717-2-78-64-53 |
Актив туралы жалпы мәліметтер:
Атауы |
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» акционерлiк қоғамы |
Атауы |
Акционерное общество «Казахстанско-Британский технический университет» |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
011140004703 |
Қызмет түрі |
Білім беру, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік қызмет |
Орналасқан жері |
Алматы қ., Төле би к-сі, 59 |
Активтің меншік иесі |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй E-mail: Astana@kmg.kz |
Активті бағалау туралы мәліметтер |
Бағалау күні: 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Бағалау құны: 11 364 544 000 теңге |
Ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы мәліметтер |
Активке қатысты ауыртпалықтар (тыйым салу) жоқ |
Қосымша деректер және қаржылық көрсеткіштер |
Осы Хабарламаға № 1 қосымша |
Активпен танысу тәртібі |
Осы Хабарламаға № 2 қосымша |
Сауда-саттық туралы жалпы мәліметтер:
Сауда-саттықтың күні мен уақыты |
2018 жылғы 6 қараша, Астана уақыты бойынша 11:00 |
Сауда-саттықтың нысаны мен әдісі |
Электрондық конкурс |
Активтің бастапқы бағасы |
11 364 544 000 (он бір миллиард үш жүз алпыс төрт миллион бес жүз қырық төрт мың) теңге |
Кепілдікті жарнаның мөлшері |
72 150 000 (жетпіс екі миллион бір жүз елу мың) теңге |
Өтінімдерді қабылдау мерзімі |
Өтінімдерді қабылдау осы Хабарлама жарияланған күннен басталады. Өтінімдерді қабылдау мерзімі Сауда-саттық басталарға дейін екі сағат бұрын аяқталады. |
Конкурсты өткізу тәртібі |
Осы Хабарламаға № 3 қосымша |
Конкурстың талаптары |
Осы Хабарламаға № 4 қосымша |
Қатысуға арналған өтінім |
Осы Хабарламаға № 5 қосымша |
Сатып алу-сату шарты |
Осы Хабарламаға № 6 қосымша |
Ерекше талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы шарт |
Осы Хабарламаға № 7 қосымша |
Сенімгерлік басқару шарты |
Осы Хабарламаға № 8 қосымша |
Ақы төлеу талаптары |
1. Толық ақы төлеу 2. Транштармен ақы төлеу: § сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде сатып алу бағасының 30%-ы мөлшеріндегі бірінші транш § сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде сатып алу бағасының 35%-ы мөлшеріндегі екінші транш § сатып алу-сату шарты күшіне енген күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде сатып алу бағасының 35%-ы мөлшеріндегі үшінші транш |
Активті сатушы |
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй E-mail: Astana@kmg.kz |
Сауда-саттықты ұйымдастырушы |
«Ақпараттық-есеп орталығы» АҚ Кепілдікті жарнаны аудару үшін банктік деректемелер: Есеп шоты (IBAN/ИИК) "КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ: KZ529261501102032004; БСК: KZKOKZKX; ТТК: 171; Кбе: 16. |
Сауда-саттық туралы қосымша ақпарат |
Электрондық сауда-саттықты өткізу регламенті туралы қосымша ақпаратты Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік сайтынан табуға болады - www.gosreestr.kz |
Осы Хабарламаға қосымшалар оның ажырамас бөлігі болып табылады және ҚМГ мен Сауда-саттықты ұйымдастырушының корпоративтік веб-сайттарында орналастырылды.
Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы жүктей аласыз.