Алаяқтардан сақ болыңыз!

2022 жылғы 7 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ мен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бастапқы жария ұсынысын (IPO) жүзеге асыру ниетін мәлімдеді.

On 9 November 2022 the trading systems of the Kazakhstan Stock Exchange (KASE) and Astana International Financial Centre Exchange (AIX) began accepting applications for subscription to KMG’s common IPO shares. Applications will close on 30 November 2022 at 18:00, Astana time, for institutional investors and on 2 December 2022 at 15:00, Astana time, for retail investors.

Қазіргі кезде алаяқтар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атын жамылып арнайы сайт, қосымшалар құрып, әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, жарнама арқылы қазақстандықтарды ақша салуға шақыруда. Олар халықты мұнай мен газ сатып, бастапқы салынған «инвестициядан» да мол пайдаға кенелуге шақырады. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мұндай жарнамалық хабарландырулар жалған екенін мәлімдейді.

Қазақстандықтарды барынша сақ болуды және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз.

Компанияның қызметі туралы сенімді ақпарат тек www.kmg.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда YouTube, Facebook, Instagram, Telegram жарияланады.

Лицензиясы бар брокерлер тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтынан оқи аласыз

IPO мәселелер бойынша жедел желі:
Тел.: 8 (800) 004 03 15, күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін, демалыссыз (қалалық және мобильді телефон нөмірлерінен қоңырау шалу тегін).
e-mail: ipo@kmg.kz

Жекешелендіру Бағдарламасының хабарламаларының мұрағаты

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»

акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Компания», «Қоғам» немесе «Актив») 100% акцияларын (бұдан әрі – «Акциялар») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

Акцияларды сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама, бұдан әрі – «Қағида») сәйкес жүзеге асырылады.

Толығырақ

Ақпараттық хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама)

Осы Хабарлама «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама) бекітілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына» (бұдан әрі – Бірыңғай қағида) және «Ақпараттық-оқу орталығы» АҚ (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) Директорлар кеңесінің шешімімен (2014 жылғы 23 мамырдағы №66 хаттама) бекітілген «Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлік сату бойынша электрондық сауда-саттық өткізу регламентіне» (бұдан әрі – Регламент) сәйкес дайындалды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – ҚМГ) 2015 жылғы 23 маусымда сағат 11:00 (Астана уақыты) www.gosreestr.kz. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында өтетін «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ 100% акцияларын (бұдан әрі – Актив немесе ҚМГИ) сату бойынша электрондық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізетіні туралы жариялайды.

Толығырақ

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен

«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС жарғылық

капиталындағы 49% қатысу үлесін сату бойынша

САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» ЖШС (бұдан әрі – «Компания», «Қатысу үлесі» немесе «Актив») 49% қатысу үлесін (бұдан әрі – «Қатысу үлесі») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

Қатысу үлесін сату «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) кемінде елу проценті «Самұрық-Қазына» АҚ-қа меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында тікелей немесе жанама тиесілі ұйымдардың активтер мен объектілерді сатуының бірыңғай қағидасына (2014 жылғы 28 мамырдағы №110 хаттама, бұдан әрі – «Қордың Бірыңғай Қағидасы») сәйкес жүзеге асырылады.

Толығырақ

Екі кезеңдік ашық конкурс тәсілімен
«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы»
акционерлік қоғамының 100% акцияларын сату бойынша
САУДА-САТТЫҚ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 19-үй мекенжайындағы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Сатушы», «Меншік иесі», «ҚМГ» немесе «Сауда-саттықты ұйымдастырушы») осымен«Еуро-Азия Эйр» авиакомпаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Компания», «Қоғам» немесе «Актив») 100% акцияларын (бұдан әрі – «Акциялар») сату бойынша екі кезеңдік ашық конкурс (бұдан әрі – «Сауда-саттық» немесе «Конкурс») өткізетіні туралы хабарлайды.

толығырақ