Қашаған
Қашаған алып кен орны соңғы төрт онжылдықта ең ірі мұнай кешіні болып табылады. Қашаған – әлем бойынша ең күрделі салалық жобаның бірі. 2019 жылғы мұнай өндіру деңгейін ескерсек, мұнай мен конденсат бойынша бағаланған 2Р қорларының қайтарымы 120-дан астам жылды құрап отыр.
Солтүстік Каспий жобасы – бұл Қазақстанда теңіздегі мұнай-газ кен орындарын игерудің алғашқы кең ауқымды жобасы. Ол Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайран, Ақтоты және Оңтүстік Батыс Қашаған бес кен орнын қамтиды. Қаламқас-теңіз бен Оңтүстік Батыс Қашаған кен орындарының территориясын Қазақстан Республикасына қайтару процесі жүріп жатыр.
Қашаған кен орны Атырау қаласынан 80 км қашықтықта, судың тереңдігі 3-4 метрді құрайтын қайраң аймағында орналасқан. Кен орнының коллекторы 4 километрден артық тереңдікте орналасқан. Қашаған кен орнының коллекторы жоғары қысыммен (700 бар астам) және күкіртсутектің (H2S) тым қоюлануымен сипатталады. Бұл ретте, жоғары қысыммен күкіртті газды кері айдау мұнай беру деңгейінің ұлғаюына әкеледі.
Теңіздегі қатаң экологиялық жағдайға және жобалау, логистика мен қауіпсіздік саласындағы мәселелерге байланысты Қашаған әлемдегі ең күрделі салалық жобаның бірі болып есептеледі. Субарктикалық климат аясында Солтүстік Каспийді жылына шамамен бес айға мұз басады. Өз кезегінде, бұл инновациялық техникалық шешімдердің қолданылуын талап етеді. ҚМГ шетелдік серіктестерімен бірге жобаны табысты іске асырып келеді және әлеуетін арттыра отырып, өндірудің орнықты деңгейіне жетті.
Қашаған кен орнын жайластыру схемасы жерүсті және теңіз объектілерінен тұрады. Жерүсті құрылыстарына «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысы (МГКДҚ) жатады. Теңіз объектілерінің арасында жасанды құрылыстар салынды: «Д» аралында пайдалану-технологиялық кешен, «А» аралы, EPC-2, EPC-3 пен EPC-4 аралының ерте өндіру орталықтары. Қашаған кен орнында барлығы 40 ұңғыма бұрғыланды, оның алтауы айдау, ал қалған 34-і – өндіру ұңғымасы болып табылады.
1997 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы мен халықаралық консорциум арасында Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісімге (СКӨБК) қол қойылды. Мердігерлік ұйымдардың атынан әрекет ететін «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (NCOC) компаниясы Оператордың міндеттерін орындайды.
Қазіргі уақытта ҚМГ «ҚМГ Қашаған Б.В.» компаниясының 50% үлесіне иелік етеді, ал ол өз кезегінде Солтүстік Каспий мега жобасының өзінде 16,88% үлесін иеленеді. Қалған 50%-ы немесе жобадағы 8,44% үлес «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.
2019 жылы Қашаған кен орнында барлық өндірістік объектілер толық тоқтатылып, алғаш рет күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ойдағыдай аяқталды. Жүргізілген жұмыс кешені жерүсті және теңіз кешендерінде мұнай мен газ өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ пайдалану коэффициентін 98,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
2019 жылы Солтүстік Каспий жобасының шеңберінде мұнай өндіру көлемі 14,1 млн тонна (тәулігіне 307 мың баррель) болды. 2019 жылы Қашағанда өндірудің шыңы тәулігіне шамамен 400 мың баррельге, ал 2019 жылдың 4-тоқсанында орташа тәуліктік өндіру тәулігіне 344 мың баррельге жетті. Ілеспе газ өндіру 8,4 млрд текше метрді құрады.
Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлеміндегі ҚМГ үлесі 6,9%-ға 1 169 мың тонна мұнайға (тәулігіне 25 мың баррель) дейін өсті. Табиғи және ілеспе газ өндіру көлемі 10,4%-ға ұлғайып, 700 млн текше метр болды.
Өнімді бөлу туралы келісімнің (ӨБК) шарттарына сәйкес Қашаған кен орнында өндірілген барлық мұнай, соның ішінде ҚМГ мұнайының үлесі экспортқа жіберіледі. Экспорттың негізгі бағыты – КҚК мұнай құбыры арқылы Новороссийск порты. «ҚазТрансГаз» АҚ Қашаған кен орнының барлық мердігер компаниядан жалғыз газ сатып алушысы болып табылады. Мердігерлік компаниялармен газды сатып алу-сатудың бірыңғай шарты жасалған болатын.
Теңіз
Қазақстанның мұнай-газ саласының басты активі.
«Теңізшевройл» (ТШО) операторы қоры бойынша бірегей Теңіз алып кен орны және Королевское ірі кен орнын қамтитын лицензиялық учаскенің аумағында жұмыс істейді. Теңіз мұнай кен орны 1979 жылы ашылған. Ол әлемдегі ең терең әрі ең ірі мұнай кен орны болып табылады.
Қазіргі уақытта мұнай өндіру мен дайындау жоғары сенімділік көрсеткіштері бар заманауи өндірістік объектілерінде жүргізіледі: Кешенді технологиялық желілер (КТЖ – 2019 жылы өңделген мұнай көлемі – 14,2 млн. тонна), Екінші буын зауыты (ЕБЗ – 2019 жылы өңделген мұнай 15,6 млн. тонна болды) және Шикі газ айдау (ШГА – 2019 жылы 3,65 млрд. текше метр). 2020 жылдың басындағы жағдай бойынша ұңғымалар қоры 156 пайдалану ұңғымасы мен 8 газ айдау ұңғымасын қамтиды.
1993 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы мен Chevron Corp компаниясы арасында «Теңізшевройл» ЖШС жобасы бойынша келісімге қол қойылды. ТШО-ға көмірсутекті барлау мен өндіруге лицензия 1993 жылы 40 жыл мерзімге берілді. ТШО қызметінің негізгі түрі – Атырау облысындағы Теңіз бен Королевское кен орындарынан көмірсутекті барлау, өндіру және сату.
2019 жылы күрделі жөндеу жүргізу үшін өндіру ісі тоқтатылғанына қарамастан, КТЖ/ШГА/ЕБЗ зауыттарының тұрақты жұмыс істеуі және сенімділігінің артуы нәтижесінде ҚМГ үлесіне мұнай өндіру көлемі 4,1%-ға 5 958 мың тоннаға дейін (тәулігіне 130 мың баррель), ал газ өндіру 4,2%-ға 3 258 млн текше метрге дейін ұлғайды. 2019 жылдың 1 тамызы мен 9 қыркүйегі аралығында Теңіз кен орнында КТЖ зауытында 40 күнге созылған жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Теңіз кен орнын дамыту перспективасы
ТШО екі біріктірілген жобаны – Болашақ кеңейту жобасы (БКЖ) мен Сағалық қысымды басқару жобасын (СҚБЖ) іске асыруда. БКЖ/СҚБЖ іске асыру Теңіз кен орнында мұнай өндіруді 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қарашығанақ
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны – Батыс Қазақстан облысында орналасқан және 280 шаршы километрден астам аумақты алып жатқан әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсат кен орындарының бірі. Кен орын 1979 жылы ашылған, ал кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру 1984 жылы басталды.
Қарашығанақ жобасы 1997 жылғы 18 қарашада 40 жыл мерзімге қол қойылған Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімнің шеңберінде іске асырылады. Үлестік қатысу Royal Dutch Shell (29,25%), Eni (29,25%), Chevron (18%), Лукойл (13,5%) мен ҚМГ (10%) мердігерлік компаниялары арасында бөлінді. Royal Dutch Shell мен Eni компаниялары Қарашығанақ жобасының бірлескен операторы болып табылады.
2020 жылдың басында кен орнындағы ұңғымаларды пайдалану қоры 156 өндіру және 18 айдау ұңғымасынан тұрады.
2019 жылы Қарашығанақ кен орнында сұйық көмірсутекті өндіру көлемі 7,3%-ға азайып, ҚМГ үлесіне 1 015 мың тоннаны (тәулігіне 22 мың баррель) құрады. 1 861 млн текше метр газ өндірілді, бұл 2018 жылдың деңгейінен 1,6%-ға төмен. Өндіру көлемі 2019 жылдың 16 қыркүйек пен 10 қазан аралығында жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ҚӨК, ГКДҚ-2 мен ГКДҚ-3 өндірістік объектілерінің толық тоқтатылғанына байланысты азайды. ҚПО тарихында бұл ең ауқымды жөндеу жұмысы болды.
Өзен кен орны
Кен орындары құрамында жоғары парафинді (29% дейін) және асфальтенді-шайырлы компоненттерді (20% дейін) көрсететін, қатудың ең жоғары температурасын ескертетін (+32С) мұнайдың күрделі геологиялық құрылысымен және бірегей қасиеттерімен сипатталады.
Кен орындарының қорлары мұнайдың болжалды қорлары қосылған жалпы расталған қорлардың шамамен 75% құрайды және мынадай кен орындарын қамтиды:
Узень кен орны (мұнай және газ)
Қарамандыбас кен орны (мұнай және газ)
Оңтүстік Жетібай кен орны (газ және газ конденсаты)
Батыс Теңге кен орны (газ және газ конденсаты)
Ақтас кен орны (газ және газ конденсаты)
Тасболат кен орны (газ және газ конденсаты) Шығыс Узень (газ)
Құмкөл кен орны
Ақшабұлақ құрылысы 1987 жылы ашылды, алғашқы сынақтар 1989 жылы жүргізілді. Ол «Құмкөл» жұмыс істеп тұрған ірі мұнай кен орнынан оңтүстікке қарай 60 км орналасқан.
Бұл қорлар және өндіру көлемдері бойынша ең ірі мұнай кен орнының 251 ш.км алаңы бар.
Кен орнында мұнай өндіру 1996 жылдың қазанында басталды. Тауарлық мұнай «ҚазГерМұнайға» тиесілі «Құмкөл» кен орнына дейін ұзындығы 57 км құбыр арқылы экспортқа түседі.
Ембі кен орны
Ембі ауданындағы мұнай кен орындары шөлейт, нашар сортаңдаған жерлердегі үлкен кеңістікке сирек орналасқан. Бұл жерде мұнаймен бірге ілеспе газ өндіріледі.
Ембі азкүкіртті мұнайының жоғары технологиялық қасиеттері, әсіресе, осы мұнайдан бағалы жағармайлары бар.
«Ембімұнайгаз» АҚ балансында - 45 кен орны, 33 кен орны өндірілуде. Консервацияда – 9 кен орны, игерілуде – 3 кен орны.
ЕМГ пайдаланылатын кен орындарынан төменде берілген сегіз кен орны өндіру қорлары мен көлемдері жоспарында ең ірілері болып табылады:
- Кенбай (Шығыс Модабек /Солтүстік Қотыртас)
- С.Нұржанов
- Оңтүстік-Батыс Қамысты
- Батыс Прорва
- Забурын
- Шығыс Мақат
- Жаңаталап
- Оңтүстік-Шығыс Қамысты
ЕМГ пайдаланылатын 37 кен орны Компания мұнайының жалпы расталған және болжалды қорларының шамамен 25%-ын қамтиды.
Жамбыл
Жамбыл учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының солтүстік бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік бөлу бойынша Жамбыл учаскесі Атырау облысының Исатай ауданына қарайды.
Жұмыс жүргізілетін аумақтағы судың тереңдігі 4-5 м.
Мұнай-газ қорының негізгі перспективасы юра және төменгі борлы қабаттардың терригендік шөгінділерімен байланысты.
2008 жылғы 21 сәуірде Көмірсутек шикізатын барлау туралы келісімшартқа қол қойылды.
Жобаға қатысушылар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 100%
Оператордың міндетін «Жамбыл Петролеум» ЖШС атқарады. Ол Атырау қаласының заң органдарында тіркелген және Жер қойнауын пайдаланушының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
Орындалған жұмыс:
2D сейсмика: 2189,7 қума шақырым және гравимагнит метрикалық жұмыстар: 3890 қума шақырым;
3D сейсмика: 2016 жылы – 400 шаршы километр, 2019 жылы – 600 шаршы километр;
Жамбыл және Жетісу құрылымдарында 2 барлау (2013, 2014 ж.) және 1 бағалау (2018 ж.) ұңғымалар бұрғыланды. Сынау жұмысы кезінде құрамында газы бар мұнай бұрқағы алынды;
2009-2010 жж. 3D сейсмикалық, 2D сейсмикалық деректерді өңдеу және оларға кешенді түсініктеме беру;
Жамбыл және Жетісу құрылымдары бойынша қорды оперативтік санау;
2019 жылдың сейсмобарлау деректерін өңдеу және оларға түсініктеме беру жұмыстары аяқталып қалды;
Қазақстан мамандарының оқуын қаржыландыру және әлеуметтік жобалар бойынша міндеттемелер орындалды.
Қазіргі жағдайы
«Жамбыл» учаскесі бойынша Келісімшартты мерзімнен бұрын қайтару жөнінде шаралар жүзеге асырылуда.
Жеңіс
Жеңіс учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының оңтүстік бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік бөлу бойынша Жеңіс учаскесі Маңғыстау облысына қарайды.
Жұмыс жүргізілетін аумақтағы судың тереңдігі 70-100 м.
Мұнай-газ қорының негізгі перспективасы палеозой және мезозой шөгінділерімен байланысты.
2019 жылғы 1 сәуірде Көмірсутек шикізатын барлау мен өндіру туралы келісімшартқа қол қойылды.
Жобаға қатысушылар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%
«Лукойл Қазақстан Апстрим» ЖШС - 50%
Оператордың міндетін «Жеңіс Оперейтинг» ЖШС атқарады. Ол Ақтау қаласының заң органдарында тіркелген және Жер қойнауын пайдаланушының атынан және тапсырмасы бойынша әрекет етеді.
Жоспарланып отырған жұмыстар
1 ұңғыманы бұрғылау (3300 м.)
3D сейсмобарлау (250 км2)
Қазіргі жағдайы
V-1 алғашқы барлау ұңғымасының орналасқан жері және құрылысының мерзімі бекітілді.
Келісімшарттың Жұмыс бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Исатай
«Исатай» учаскесі Каспий теңізінің қазақстандық секторының акваториясында, Бұзашы түбегінің жағалауынан солтүстікке қарай 45 шақырым қашықтықта орналасқан. Исатай учаскесінде судың тереңдігі 4-8 м.
«Исатай» учаскесінің тұзүсті кешені аясында борлы, юра және триас терригенді шөгінділері негізгі зерттеу объектілері болып табылады.
30.07.2014 ж. ҚР Мұнай-газ министрлігі мен ҚМГ арасында ҚМГ-ға жер қойнауын бірлескен барлау мен өндіру арналған құқық беру туралы шешімі бар тікелей келіссөздер хаттамасына қол қойылды.
05.02.2015 ж. ҚР Үкіметі «Исатай» учаскесінде бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасасу туралы» қаулы қабылдады.
26.06.2015 ж. «Исатай» учаскесінде көмірсутек шикізатын бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалды.
22.06.2017ж. ҚМГ мен Eni компаниялары арасында «Исатай» жобасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының үлесін беру туралы келісімге қол қойылды.
Жобаға қатысушылар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ - 50%
ЭНИ Исатай Б.В. – 50%
Оператор міндетін «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС атқарады.
Орындалған жұмыс:
Арнайы экологиялық зерттеулер жүргізілді;
Исатай учаскесінде 237 қума шақырым көлемінде сейсмобарлау жұмыстары жүргізілді;
Барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланып отыр.
Хвалынск
Жоба 1998 жылғы 6 шілдедегі ҚР мен РФ арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге және осы Келісімге 2020 жылғы 13 мамырдағы Хаттамасына сәйкес іске асырылып келеді.
Хвалынск кен орны аумағы жағынан Каспий теңізінің солтүстік акваториясына жатады, онда «ЛУКОЙЛ-Нижневолжскнефть» ЖШҚ-ның лицензиялық учаскесі орналасқан (22.01.03 ж. № 11386 ШКС лицензиясы).
Ресей жағалауының ең жақын учаскесіне дейінгі қашықтық 100-120 шақырым. Хвалынск кен орны ауданында теңіздің тереңдігі 25-40 м құрайды.
Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша мемлекеттік теңгерімге төменгі борлы және жоғары юра шөгінділеріндегі газ, конденсат және мұнай қоры қойылды.
2003 жылдың 18 сәуірінде Тараптар кен орнының мұнайгаз ресурстарын бірлесіп игеру қағидаттары туралы келісімге қол қойды.
2005 жылдың наурыз айында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ жобаның операторы міндетін атқаратын «Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын құрды.
«Каспий мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ жер қойнауын пайдалану құқығын Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) жасалғаннан кейін алады.
2009 жылғы мамырда Ресей Федерациясы Үкіметіне жер қойнауын пайдалану талаптарын әзірлеу және өнімді бөлу туралы келісімнің жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру, сондай-ақ Хвалынск кен орны бойынша ӨБК жасасу бойынша келіссөздерді бастау туралы өтініш жолданды.
2011 жылғы 10 маусымда Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің №158 бұйрығымен ведомствоаралық комиссия құрылды.
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарымен ӨБК жобасы бойынша, сондай-ақ «Газпром» ЖАҚ-пен газ сатып алу шарттар бойынша келіссөздер жалғасуда.
Кен орынды игерудің технологиялық схемасын түзету және «Хвалынск кен орны қорын өнеркәсіптік санау» жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыстары аяқталып қалды.
Шығыс Бектұрлы
Шығыс Бектұрлы
Шығыс Бектұрлы учаскесі Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысының Қарақия ауданында орналасқан.
Шығыс Бектұрлы учаскесі Өзен-Қарамандыбас, Жетібай, Бектұрлы, Шығыс Жетібай, Ақтас және басқа да жұмыс істеп тұрған мұнай-газ кен орындарына жақын маңда орналасқан.
Учаскенің жалпы ауданы Асар және Шығыс Жетібай кен орындарының тау тарамдарын қоспағанда, 286,44 шаршы километрді құрайды.
Жобаға қатысушылар
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ – 50%
«Көкел Мұнай» ЖШС – 50%
Жоба операторының міндетін «Becturly Energy Operating» ЖШС атқарады.
Орындалған жұмыс:
365 қума шақырым көлемінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілді.
Тереңдігі 3042 метр іздестіру-барлау ұңғымасы бұрғыланды.
2020 жылғы маусымда Шығыс Бектұрлы учаскесінде ШБ-1 іздестіру-барлау ұңғымасын сынау жұмыстары кезінде бұрқақты мұнай ағыны алынды. Бұдан бөлек, алдыңғы сынау нысандарында орта және төменгі юра қабаттарының сынамасын іріктеу жолымен, сондай-ақ триас шөгінділерінен көмірсутектің белгілері (мұнайдың үлес салмағы – 0,82 г/см3) анықталды.
Өлі Қолтық (Үстірт)
Өлі Қолтық (Үстірт) учаскесінің аумағы Каспий теңізінің жағалау бөлігінің оңтүстік шығысында орналасқан.
Келісімшартқа 2015 жылы қол қойылды.
2018 жылдың қаңтар айында Өлі Қолтық (Үстірт) жобасының барлау кезеңін қаржыландыру міндетімен жобаға стратегиялық серіктес – «UnionField Group Ltd» компаниясы кірді.
Бүгінгі таңда жоба бойынша жұмыстар жүргізілмеді.
Орталық
Жоба 1998 жылғы 6 шілдедегі ҚР мен РФ арасындағы Жер қойнауын пайдалануға арналған егемендік құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізі солтүстік бөлігі түбінің ара-жігін ажырату туралы келісімге сәйкес іске асырылып келеді. «Орталық» кен орны Каспий теңізінің ресейлік секторында орналасқан. Жұмыс жүргізілетін учаскедегі судың тереңдігі 350 метрден 500 метрге дейін.
Кен орны геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесі бойынша 2008 жылы ашылған.
2005 жылы «ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ («Газпром» ЖАҚ - 50% және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ – 50% арасындағы бірлескен кәсіпорын) және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арасында «Орталық» геологиялық құрылымының көмірсутек ресурстарын бірлесіп игеру қағидаттары туралы келісімге қол қойылды.
«ЦентрКаспнефтегаз» ЖШҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2013 жылы «Орталық мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ бірлескен кәсіпорнын (50/50 %) құрды. Бұл компания «Орталық» жобасы бойынша оператордың міндетін атқарады.
2016 жылы «Орталық мұнай-газ компаниясы» ЖШҚ «Орталық» құрылымын жете барлау жұмыстарына лицензия алды.
Іздестіру-барлау ұңғымаларын салуға арналған жобаларды әзірлеу мен келісу бойынша жұмыстар кешенін орындау, сондай-ақ 2 іздестіру-барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланып отыр.
Орындалған жұмыс:
3D сейсмобарлау материалдарын қайта өңдеу және оларға қайта түсінік беру аяқталды;
кен орынды игерудің техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде.
Самтыр
Әкімшілік тұрғыдан жұмыстар ауданы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Қарақия ауданының Өзбекстанмен шектесетін ең шеткі оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.
Самтыр келісімшарт аумағы Оңтүстік Үстірт аймағының мұнай және газдың жаңа кен орындарын іздестіру үшін перспективті зонасында орналасқан.
Юрской кешенінің (құрылымдардың ығысуы, палеоарналардың және т.б. болуы ) анағұрлым перспективті ішкі құрылымын зерделеу мақсатында келісімшарт учаскесінде шешу мүмкіндігі арттырылған МОГТ жаңа сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу және 2 іздестіру ұңғымаларын бұрғылау қарастырылуда.